°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет42/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   68
Сӛз тастап кету, яки эллипсис (грекше ellisis-түсiрiп тастау, аттап 
айту) – сӛйлем iшiнде немес ӛлең шумағында атап айтпаса да түсiнiктi 
кейбiр сӛздердi әдейi жазбай тастап кету. Эллипсис кейде эвфемизмнiң 
орнына да қолданыла бередi: кейбiр былапыт сӛздердi бүкпелей жұмсартып 
жатпай-ақ, тастап кетсе де түсiнуге болады. 
– Шап, әкеңнiң… – дедiм мен оған ақырып.
(С.Мұқанов “Мӛлдiр махаббат”) 
Бақылау сҧрақтары: 
1. 
Адамзат қоғамындағы тiлдiң қарым-қатынас құралы ретiндегi қызметiн 
түсiндiрiңiз. 
2. 
Тiл – әдебиеттiң құрылыс материалы дегендi қалай түсiнесiз. 
3. 
Тiл байлығының қайнар кӛздерiне сипаттама берiңiз. 
4. 
Поэтикалық тiлдiң ерекшелiгi неде? 
5. 
Тiлдi құбылту құралдарының түрлерi қандай? Олардың бiр-бiрiнен 
ӛзгешелiктерi неде? 
6. 
Тiлдi ажарлау деген не, оның қандай түрлерi бар? 
7. 
Поэтикалық фигуралардың, яғни инверсия, арнау, қайталау, шендестiру, 
егiздеу секiлдi тiлдi айшықтау құралдарының кӛркем туындыда атқаратын 
қызметiне сипаттама берiңiз. 
 
 
VIII тақырып. ӚЛЕҢ ҚҦРЫЛЫСЫ 
1. Поэзия мен кӛркем қара сӛз. Ӛлең сӛздiң табиғаты.
2. Ӛлең жүйелерi, олардың халықтың тiлдiк жүйесiмен байланыстылығы. 
а) метрикалық ӛлең жүйесi, ерекшелiгi. 
ә) силлабо-тоникалық ӛлең жүйесi, ерекшелiктерi мен кейбiр үлгiлерi 
б) тоникалық ӛлең жүйесi 
в) силлабикалық ӛлең жүйесi, бұған түркi халықтары поэзиясы мен қазақ 
ӛлеңiнiң жататындығы. Буындық ӛлшемi. 
3. Ӛлең құрылысын талдау жолдары. Қазақ ӛлеңiндегi шумақ пен тармақ, 
бунақ және буындық ӛлшем түрлерi. 
 


54 
Тармақ – поэзиядағы ӛлең ырғағының негiзгi бӛлшегi; буын саны 
тұрақты келетiн, ӛлең жолы. 
Бунақ – ӛлең жолының, яғни тармағының ырғақтық жағынан жекелеген 
бiр бӛлшегiн құрайтын буындар тобы; кӛбейген сайын ӛлеңнiң ырғағын 
күшейтiп ширата түсетiн ӛлең тармағының бӛлшегi; әр тармақтағы дауыс 
толқынының соқпа-соқпасы; тармақ iшiндегi буындардың белгiлi ретпен
белгiлi мӛлшерде топтасып, қысқа бӛлшектерге бӛлiнуi; тармақтың ырғақ 
құрылысы жағынан жекелеген бiр бӛлшегiн құрайтын буындар тобы. 
Шумақ – ӛлең-жырларда, дастан-поэмаларда ӛлең тармақтарының 
белгiлi ретпен топтасуы; кем дегенде ырғақтық ӛрнегi ұқсас екi тармақтан 
тұратын ӛлеңнiң бӛлшегi; ӛлеңдi сӛйлемдердiң синтаксистiк құрылысы 
жағынан тиянақты болып келетiн ӛлең бӛлшегi; аяқталған синтаксистiк ой 
жинақталған синтетикалық шындық. 
Ҧйқас – ӛлең-жырларда тармақтың соңындағы бiрнеше буынның келесi 
тармақтағы сәйкес буындармен үйлесуi; ӛлең тармақтарының шек-жiгiн 
айқындай түсетiн, ӛлең сӛздiң ырғағын күшейтуге себiн тигiзетiн, ӛлеңнiң 
әуездiлiгiн арттыратын нәрсе; сәйкес тармақтардың соңғы буындарының 
ӛзара үйлесуi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет