48
Жоғары ернi кӛк тiреп,
Тӛменгi ернi жер тiреп…
(“Қобыланды батыр”)
Аққан жасы сел болған,
Етегi толып, кӛл болған.
(Дулат)
От орнындай тұяқтан,
Оймақтайы қалыпты.
Етектейiн ерiннен,
Екi елiсi қалыпты.
(“Ер Тарғын”)
Таулар күйiп, тас жанып,
Лебiмен пiстi қазаны…
(Нысанбай)
Бұл мысалдарға қарағанда, ұлғайту мен
кiшiрейту тәсiлдерi ауыз
әдебиетiнде, әсiресе батырлар жырында кӛп қолданылған.
Ұлғайту мен кiшiрейтудiң небiр қызық үлгiлерiн ауыз әдебиетiндегi
ӛтiрiк ӛлеңдерден кӛруге болады.
Аспанға алты жерден тiреу қойдым,
Той қылып мың масаны сонда сойдым.
Жүрегiн бiреуiнiң тӛрт бӛлiп жеп,
Нансаңыз ӛмiрiмде бiр-ақ тойдым.
Қарап отырсақ ұлғайту мен кiшiрейту ӛтiрiк ӛлеңнiң жанрлық
табиғатына айналып кеткен.
Ұлғайту мен кiшiрейту тәсiлдерi жазба әдебиетте де, поэзияда, кӛркем
сӛзде (публицистикада),
комедиялық, һәм трагедиялық шығармаларда
қолданылады. Бұл ретте,, Т. Жароковтың “Күн тiл қаттысындағы”:
Қарыңды қағып су қылдым,
Суыңды сiлкiп бу қылдым,
Түнiңнен таң атқыздым,
Жерiме жұлдыз жаққыздым… – деген ӛлең шумағын мысал
ретiнде келтiруге болады.
Сонымен қатар ұлғайту мен кiшiрейту бiздiң қазiргi әдебиетiмiзде
кӛбiне әсiрелеу, яки гротеск (французша grotesque -
оқыс, оқшау, оспадар)
түрiнде кӛрiнiс табуда. Әсiрелеу де әдебиет пен ӛнердегi кӛркемдiк тәсiл.
Оны образ жасауға ұтымды пайдаланатын жазушылар кӛп. Францияда Рабле,
Англияда Свифт, Италияда
Пиранделло әсiрелеу тәсiлiн, тiптi, әдеби стиль
дәрежесiне дейiн кӛтерген суреткерлер.
Дүниежүзiлiк классикадағы Гоголь мен Гюго,
Салтыков-Щедрин тiлi
мен стилiндегi әсiрелеудiң орны ӛз алдына бӛлек.
Қазақ әдебиетiне кӛз салсақ, Ғ. Мүсiрепов шығармаларындағы юмор
мен сатираның оқта-текте шын мәнiндегi гротеск сипатына кӛшiп
49
отыратынын байқауға болады. Мысалы: “Жұман – Алтай-Қарпыққа мәлiм
тапал адам. Кӛлденеңi күректей мұқыл тырнақты
саусақтары келсаптың
сабындай жұп-жуан. Қылтанақ шығып кӛрмеген қасқа иегiнен тағалы ат
тайып жығылғандай…”
Бiр ескеретiн нәрсе – ұлғайту мен кiшiрейту болмаса әсiрелеу
тәсiлдерiн қолданғанда аса сақтық, шеберлiк керек.
Достарыңызбен бөлісу: