60
Жайдақтап қашып сабылмай,
Жан бiткенге жалынбай,
Жақсы ӛлiпсiң, япырмай!
Ӛлең тҥрлерi
Ақ ӛлең – силлабикалық және силлабо-тоникалық ӛлең жүйесiндегi
ұйқассыз ӛлең. Еуропа халықтарының поэтикалық жадында “ақ” сӛзiнiң
”белгiсiз, аяқталмаған, толықтырылмаған” деген ұғымдардың семанти-калық
баламасы ретiнде қолданылуына байланысты ӛлең түрi.
Тармақтардың
соңындағы сӛздердiң дыбыстық тұрғыда үйлеспеуi, қабыспауы (ұйқастың
белгiсiз қалыпта … қалуы).
Ақ ӛлең – Еуропада XVI ғасырда Ұйқассыз антикалық поэзияға елiктеу
әсерiмен қайта жаңғыртылған,
әуелде драмалық, эпикалық жанрларда
пайдаланылған, кейiннен
романтикалық элегияның, лирика-лық еркiн
ӛлеңнiң ӛлшемiне айналған түр. Орыс әдебиетiнде XVIII ғ. В Тредиаковский,
А.Сумароков, А.Радищев), кейiнiрек А.С.Пушкин (”Борис Годунов”,
”Кiшкентай
трагедиялар”)
Н.М.Карамзин
(”Илья
Муромец”),
Н.А.Некрасовтар (Ресейде кiм жақсы тұрады?)
халықтың стильге елiктеу
мақсатымен ұйқассыз жазған ӛлеңдердiң озық үлгiлерiн Пушкин, Лермонтов,
Фет, Блоктар тудырған.
Қазақ сӛз ӛнерiнде шешендiк тақпақтаудың ұйқасқа емес,
ырғаққа
негiзделген кейбiр үлгiлерiнде, М. Әуезов, Ғ. Мүсiрепов, Т. Ахтанов
пьессаларында қолданылған бұл ӛлең, негiзiнде, үйлесуге
аса икемдi, Ұйқас
қоры мол қазақ поэзиясының табиғатына сiңiсе алмағанымен, бiрлi-жарымды
кездесiп отырады. Мысалы,
Қызыл iңiр, қызғылт қыр,
Қыжым аспан, қызыл жер,
Қызыл кӛйлек қыз бала,
Қызыл бауыр бұлттарға,
Қыр басында қызығып,
Қолын бұлғап қарап тұр.
(Ұ. Есдәулетов)
Достарыңызбен бөлісу: