°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет48/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68
Байланысты:
negizderi-2016

Қара ӛлең – қазақ халық поэзиясының 11 буынды, 4 тармақты болып 
келетiн, а-а-б-а түрiнде Ұйқасатын байырғы жанрларының бiрi.
Бұл ӛлеңге кезiнде Ш.Уәлиханов: ”…– әдеттегi үйреншiктi ӛлең, бұл 
ӛлең – 4 жолдан құралған жеке шумақ. Әр шумақта жеке-жеке ой жатады. 
Сондай-ақ бұл ӛлең дауысқа негiзделедi”, – деп анықтама берген. 
Қазақ поэзиясының барша жанрының жүгiн бiрдей арқалаған
әдебиетiмiзде ежелден бар, қанатын кең жаюы тарихи-мәдени аренадан 
жыраулардың ығысып, ақындар типiнiң бiржола басым болуымен тiкелей 
байланысты (XIXғ.), қазақ ӛлеңiнiң құрылымында ӛте жиi ұшырасатын 
ӛлеңнiң бҰл түрi бастапқы екi жолы кӛбiне аяқталған, тиянақты ойға, айқын 
образға негiзделiп, ассоциативтi-психологиялық арқау ролiн атқарып, кейiнгi 
екi жолмен логикалық, эмоциялық ыңғайда қабысуымен ерекшеленедi. 


61 
Ерiктi ӛлең – қалыптасқан ӛлең ӛлшемiн берiк сақтамай тармақтардың 
ырғағын еркiн ӛрнектейтiн ӛлең түрi. Поэзияда орныққан ырғақ ӛрнектердi 
тiрек етедi. Кӛлемi, ырғақ-ӛрнегi әр түрлi тармақта еркiн топтастырылады. 
Бұл – ырғағы құбылмалы келетiндiктен сӛйлеу интонациясына ӛте жақын, 
алайда ӛлеңдiк сипатын жоғалтпайтын ӛлең түрi. Мысалы, 
Садағына сар жебенi салдырған, 
Садағының кiрiсiн, 
Сары алтынға малдырған, 
Тереңмен кӛзiн ойдырған. 
Сұр жебелi оғына, 
Тауықтың жүнiн қондырған. 
(Махамбет)
Далам менiң, 
Жаутаңдап ӛзiң жаққа, 
Сағынышымды ӛлең қып жиi арнайтынмын, 
Кеңдiгiңдi аңсап сәндi үйге сыя алмайтынмын. 
(Ф. Оңғарсынова) 
 
Бақылау сҧрақтары: 
1. 
Ӛлең сӛздiң табиғаты қандай, оның қара сӛзден ӛзгешелiгi неде? 
2. 
Ӛлең жүйесi деген не, оның қандай түрлерi бар? 
3. 
Метрикалық ӛлең жүйесiне сипаттама берiңiз. 
4. 
Силлабикалық ӛлеңнiң табиғатын түсiндiрiңiз. 
5. 
Қазақ ӛлеңiнiң буын санына қарай қандай түрлерi бар? Әрқайсысына 
сипаттама берiңiз. 
6. 
Қазақ ӛлеңiндегi ұйқас түрлерi қандай? 
7. 
Қазақ ӛлеңiнiң құрылысындағы соны iзденiстер туралы не айтуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет