69
адамның ӛз түсiнiгi, ӛз пiкiрi тұрғысынан қарап, ӛзiнше бағалауы; кӛркемдiк
қуаттылығы, ӛмiр танытқыштық қасиетi, ӛмiр құбылыстарын терең талдап,
қорытындылай бiлуге, жинақтап бейнелеуi.
Памфлет (ағылшын сӛзi - парақ) – негiзiнен нақтылы құбылыстың,
саяси топтың жетекшiлерiнiң типтiк ерекшелiктерiн дәл тауып әшкерелейтiн
қара сӛзбен де келетiн, ӛлең түрiнде де кездесетiн сатиралық шығарма.
Мұнда заманның саяси-әлеуметтiк тынысы полемикалық сарында, ӛткiр
сатира, сарказммен айқындала ашылып отырады. Алғашқы белгiлерi XVIII-
XIX ғасырларда Жанкiсi, Махамбет, Шернияз сынды қазақ ақын-
жырауларының поэзиясында кӛрiнiс берген, XX ғасырда С.Дӛнентаев,
Б.Майлин, Ш.Смаханұлы қалам тартқан кӛп қырлы әдеби-публицистикалық
жанр.
Кӛсемсӛз – нақтылы саяси, экономикалық, әлеуметтiк, философиялық
мәселелердi кӛтерiп, қоғамдық ойға ықпал етудi мақсат ететiн жанр. Әдебиет
пен журналистиканың қоғамдағы кӛкейкестi, ӛткiр мәселелерiн қозғайтын, ӛз
кезеңiнiң ӛзекжарды мәселелерiн арқау ететiн Ұрымтал, елгезек, кезеңдiк
жанр.
Достарыңызбен бөлісу: