°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет9/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68
Байланысты:
negizderi-2016

Сурет (бейнелеу) ӛнерi – адамның қас-қабағындағы бiр сәттiк қимыл, 
жүзiндегi титтей құбылыс, кӛзiндегi ұшқын стихиясы болып табылатын ӛнер 
түрi. Ол адамды тегiс, тiптi адам рухының iшкi дүниесiн де қамтиды, бiрақ 
құбылыстың бiр ғана сәтiн кӛрсетумен тынады. Онда образ бояулар, әр алуан 
штрихтар мен кескiндер арқылы жасалады. Ол әрекеттi кезең-кезең қалпында 
бейнелей алмайды, сондықтан оның құдiретi бiр сәт, бiр кӛрiнiспен 
шектеледi. 
Сәулет ӛнерi – табиғатпен, таумен, аспанмен, жермен, халықтық, 
Ұлттық ерекшелiктермен тамырлас кеңiстiкке қатысты ӛнер саласы. Сәулет 
ӛнерiнiң жарқын үлгiлерiнiң бiрi–кӛк күмбезiнен жаратылғандай қазақ 
топырағындағы ең әйгiлi Қожа Ахмет Ясауидiң ғажап ғимараты. 
Сӛз ӛнерi – бар ӛнердiң басы, кӛркемӛнердiң нақты әрi затты түрi. Ол–
қоғамдық сананың әрi күрделi, әрi орасан маңызды саласы, “Ӛнер атаулының 
ең қиыны және күрделiсi“ (О.Бальзак), “ең жоғарғы түрi” (В.Г.Белинский); 
ақиқат ӛмiрдiң сырлы суретi, халықтың кӛркем тарихы.
Ӛнердiң сан алуан түрлерiнiң iшiнде әдебиеттiң орны ӛзгеше. 
Әдебиеттiң сӛз ӛнерi ретiндегi ӛзгешелiгiн ұлы ғұлама ұстаздар, кемеңгер 
қалам қайраткерлерi тамаша кӛрсеткен. 
Поэзия ӛнерi (әдебиет) туралы пiкiрлер 
Аристотель
Жалпы алғанда, поэзиялық ӛнердi түрлi табиғи себептер туғызған 
сияқты. …Поэзия тарихқа қарағанда неғұрлым философиялық мәнге ие және 
байыптырақ: поэзия неғұрлым жалпыға ортақ жайларды айтса, тарих дара, 
жекелiк жайларды сӛз етедi. 
Әбунәсiр әл-Фараби 
…Ғажап поэзия еркiндiкте тумақ. Ой кӛрiгiнен сомдалып шыққан 
сӛздiң шынайысы да, жалғаны да болады. Ӛлең ӛнерi сӛзбен, ал сурет (жанды 
жазу) ӛнерi бояумен құлпырады. 
В.Г. Белинский 
Поэзия - ӛнердiң асыл тегi. Ӛзге ӛнердiң бәрiнiң де қолданатын 
құралының мүмкiндiгiне қарай творчестволық әрекетi азды-кӛптi болса да 
қысылшаң, тар ӛрiстi болып келедi. Поэзия адамның еркiн тiлiмен 
берiлетiндiктен, онда үн де, сурет те және байымды айқын айтылған түсiнiк 
те болмақ. …Ӛзге ӛнердiң барлық элементтерi поэзияда бар, сӛйтiп, ол әрбiр 
ӛнердегi жеке-жеке тәсiлдердiң бәрiн бiрiнен-бiрi бӛлектемей бiрден 
пайдаланатын сияқты. Поэзия тұтас-ӛнер, соның бүкiл Ұйытқысы болып 
табылады. Және оның барлық жағын қамти отырып, бүкiл ӛзгешелiктерiн 
айқын, анық түрде бойына жинақтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет