°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет6/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
negizderi-2016

Библиография (дерекнама) - кӛркем әдебиеттiң ӛзiне және әдебиет 
туралы ғылымға байланысты кӛрсеткiштер мен анықтамалар, шолулар мен 
сiлтемелер жиынтығы. Ол әр түрлi пәндер бойынша кiтаптарға, зерттеулерге 
анықтама мағлұматтар беретiн, кӛмекшi құралдар жасайтын ғылым саласы. 
Библиография – белгiлi мәселеге немесе автор шығармаларына байланысты 
әдебиеттердiң кӛрсеткiшi. Бұл да кӛбiнесе ғылыми мақсат үшiн қажет. 
Әдебиет пен әдебиеттану тарапындағы қандай арнаулы зерттеулер болсын, 
оған қажет нақты материалдардың текстер мен тексерулердiң, сын мақалалар 
мен зерттеу еңбектерiнiң бәрiн библиографиялық кӛрсеткiштер мен 
анықтамалар арқылы iздеп тауып пайдалануға болады. 
Әдебиеттану – қоғамдық ғылымдар iшiндегi ӛзiне тән ӛзгешелiгi 
орасан мол, қиын әрi күрделi ғылым. Оның ғылыми жұрнақтарының туу 
тарихы тым әрiде жатыр. Қай халықтың тарихын алсақ та бәрiбiр, оның 
баяғы бабалар дәуiрiнен басталатын ауыз әдебиетiнiң туу, даму, қалыптасу 
кезеңдерiнiң әр тұсында сӛз ӛнерi туралы болжамдар туып, кейбiр 
эстетикалық талғамдар белгiленген . 
Әдебиеттану (әдеби толғам) мен эстетика (эстетикалық талғам) ӛзара 
байланысты, бiр-бiрiмен аралас жатқан бiрге туып қатар қалыптасқан, бiрiн-
бiрi толықтыратын егiз ғылым.  
Қазақстандағы қолтума қоғамдық ой, оның iшiнде эстетикалық пiкiр 
тарихында қазақтың асқан ғалымы Ш.Уәлихановтың (1835-1865), атақты 
ағартушысы 
А.Құнанбаевтың 
(1845-1904) 
алатын 
орындары 
зор. 
Ш.Уәлихановтың сӛз ӛнерi жайлы ғылымға қатысты еңбектерi екi саладан 
тұрады.

Ауыз әдебиетi үлгiлерiн жинауы (қазақтың “Қозы Кӛрпеш-Баян сұлу”, 
қырғыздың “Манас” жырын жазып алуы); 

Жинаған нұсқалары туралы ғылыми ой-пiкiрлерi. 
Ш.Уәлихановтың ӛзiнiң “Ыстықкӛл сапарының күнделiгi”, “Оңтүстiк Сiбiр 
тайпаларының тарихы” жайындағы жазбаларында ақын жанды сергек, 
сезiмтал адамның ӛзiн қоршаған әлемнен алған әсерi ғана емес, ғұлама 
ғалымның шынайы сұлулық туралы түсiнiгi аса нәзiк, терең эстетикалық 
талғамы танылады. 



“Дала кӛшпелiлерiнiң поэзия мен шынайы сезiмге бейiм болуына ӛмiр 
бойы табиғат құшағында жүруi, жасыл майса дала, ашық мӛлдiр аспан, кӛшi-
қоны кӛп тұрмыс әсер етпесiне кiм кепiл?!” - дейдi. Шоқан поэзияны жалпы 
жұрттың рухани сусыны ретiнде ғана емес, халықтың кӛркем тарихы, халық 
тарихының сырлы шежiресi ретiнде де байыптады, сол арқылы сӛз ӛнерiнiң 
таным мен тәрбие тарапындағы мәнi мен маңызын белгiлеуi, сондай-ақ қазақ 
поэзиясын бес түрге (жоқтау, жыр, ӛлең, қара ӛлең, қайым ӛлең) бӛлiп, 
бұлардың әрқайсысына мiнездеме беруi – әдебиет теориясына қатысты 
толғамдар. 
Қазақтың болашақ әдебиет туралы ғылымның алғашқы кiрпiштерiн 
Ш.Уәлиханов осылай қалаған едi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет