°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет17/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68
Байланысты:
negizderi-2016

 
Бақылау сҧрақтары: 
1. 
Мазмұн мен пiшiннiң адамзат қоғамында алатын орнына философиялық 
тұрғыдан анықтама берiңiз. 
2. 
Кӛркем әдебиеттегi мазмұн мен пiшiннiң арақатынасы қандай? 
3. 
Тақырып кӛркем шығарманың iргетасы дегендi қалай түсiнесiз? Негiзгi 
және қосалқы тақырып деген не? 
4. 
Кӛркем шығарманың идеясының автор дүниетанымымен байланысы 
қандай? Негiзгi идея, лейтмотив дегендi қалай түсiнесiң? 
5. 
Кӛркем шығармадағы тақырып пен идеяның бiрлiгi неде? 
 
V тақырып. КӚРКЕМ БЕЙНЕ ЖӘНЕ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ 
1. 
Кӛркем бейне туралы түсiнiк, оған қойылатын талаптар. 
2. 
Ӛнердегi типтiлiк мәселесi, типтендiру процесi. 


26 
3. 
Кӛркем бейне жасаудың негiзгi жолдары (портрет, мiнездеу, кейiпкер тiлi, 
монолог, диалог). 
 
Кӛркем бейне – кӛркемӛнерде, соның iшiнде әдеби шығармада 
жинақталған түрде суреттелетiн ӛмiр құбылысының нақтылы кӛрiнiс-қалпы, 
кейiпкердiң кӛркем ой елегiнен ӛткiзiлiп, қорытындылап жасалған тұлға-
бейнесi. Кӛркем образда екi түрлi ерекшелiк – жинақтау, жалпылық 
сипаттарды топшылап-түйiндеу және даралау, жекелiк қасиет-белгiлердi 
нақтылы түрде кӛрсету - осы екеуi iштей астасып, қабысып жатады. Кӛркем 
образ – әдебиетте, ӛнер салаларында ӛмiр шындығын, қоғамдық 
құбылыстарды, табиғатты, адам тағдырын бейнелеп кӛрсету тәсiлi. Әдеби 
шығармадағы адамның кӛркем образы алсақ, оның бой-тұлғасындағы, 
кескiн-кейпiндегi, жүрiс-тұрысындағы, қимыл-әрекетiндегi, ойлау-сӛйлеу 
әдетiндегi ӛзгеше сипат-белгiлердi нақтылы суреттеу арқылы жазушы типтiк 
қасиеттердi, яғни қоғамдық жағдай туғызған, басқаларға ортақ, жалпылық 
мәнi бар ерекшелiктердi айқын танытады. 
Реалистiк кӛркем бейне типтендiру тәсiлiмен жасалады. Жазушы 
кӛптеген адамдарға тән қасиет-сипаттарды жинастырып, екшеп, iрiктеп алып, 
бiр адамның бойына сыйғызып бейнелейдi. Сонда кейiпкердiң кескiн-
тұлғасы, характерiндегi жекелiк, кӛпке ортақ жалпылық қасиеттерi де 
жалқылық ерекшелiктерiмен қатар, айқын бедерленедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет