.
2.2.Бастауыш мектептегі қазақ тілі сабағын деңгейлеп
оқыту технологиясына сүйене жүргізудің мүмкіндіктері.
Оқушылардың жаңа тақырыпты өз беттерімен меңгерілуі үшін қолайлы әдіс – тәсіл : тапсырмаларды сұрақ – жауап , диолог түрінде беріп, оқушылардың танымдық іс - әрекетін дамытуға бағыт – бағдар беру. Бұл тапсырмалар негізінен жаңа тақырып бойынша заңдар мен ережелерді оқушылар өз бетімен шығаруға және анықтамаларды өздігінен құрастыруға жетелейді. Жаңа меңгерген тақырыптарды бекіту үшін қарапайым ойындар , схемалар , тіректермен жұмыс жасаған тиімді. Соңынан оқушылар жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы алғаш алған білімдерін тереңдетіп, бойындағы жеке қабілетін дамыта алады. Деңгейлік тапсырмаларға төмендегі талаптар қойылды.
Бірінші , оқулық деңгейдегі тапсырмалар :
-жаттап алуға лайықты болу керек ;
-жаңа тақырыпта меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап , пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс;
-тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы тиіс;
Екінші , алгоритмдік деңгейдегі тапсырмалар :
Өтіп кеткен материалды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар . Бұлар өзгертілген жағдайда тапсырмаларды талдап, бұрынғы тапсырмаларға ұқсас , бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалануын қажет ететіндей нұсқа беру.
Үшінші , эвристикалық деңегйдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін (заңдылықтар шығару, анықтамалар , формулалар жаттау , т.с.с.) жетілдіріп, тереңдетумен қатар , ол тағы да жаңа білімді меңгеріп , ол үшін жаңалық ашуы тиіс : Эврика – анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізгісін анықтау , қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Мұндай тапсырмаларды орындау барысында оқушылар үшін жаңа проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы өзі жаңа әдістер іздеуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |