4- деңгей.
Берілген сурет бойынша әңгіме құра., тақырып қой.
IV. Сабақты бекіту .
Сөзжұмбақ шешіп көрейік «Етістік».
1. 9 –мамыр қандай күн.
2.Біреуді қарату мағынасында айтылған сөз.
3. Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі .
4.Бастауыш та, баяндауышта зат есімнен болса не қойылады?
5.Кім ? не? Деген сұраққа жауап беретін сөйлем мүшесі.
6.Зат есім түрі.
7.Дина Нұрпейісова кім?
V.Сабақты қорыту .
Оқушылардың білімін бағалау.
VI. Үйге тапсырма .
360- жаттығу. 124- бет.
362 жаттығу.125- бет.
2.3. Деңгейлеп – саралап оқыту технологиясының тиімділігін анықтау
бойынша эксперимент нәтижесі.
Бастауыш мектеп пәндерінде деңгейлеп оқыту технологиясының мүмкіндіктеріне сүйену оның тиімділігін арттырып, маңыздылығын ескеру жөніндегі біздің болжамымыз .
Зертттеу кезеңінің бірінші кезеңінде ең алдымен сыныптағы оқушылардың бірін- бірі таңдауды (симпатия) бақылаудан бастадық. Бақылау жұмысын мынандай міндетті алға қойды.
1.Партада кіммен отырғың келеді? Тапсырмасы арқылы оқушылар өз деңгейіне байланысты екіншісін таңдайды.
2.Қазақ тілі сабағын алдымен стандартты бағамен жүргіздік.
3.Осы пәндерден алған білімдерінің көрсеткіш үлгерім сапасын анықтап алдық.
25 оқушыға жүргізген тест жауаптарын талдай келе оқушыларды міндетті деңгейдегі мүмкіндіктерін бастапқы кезеңді анықтадық. Мұнда эксперименттік тобының жоғары деңгейі 25,6 % , орта 30,8 % , төмен 43,6 % көрсетсе оқушылардың тек стандартты деңгейде жұмыс істеулері пәндік білім беру мазмұнының өз деңгейінде болмай, тек бір дарынды тұрғыда ғана берілмеуі, балалардың шығармашылық әрекетіне көңіл бөлмеуі ескерілді.
Эксперимент жүргізудің екінші кезеңінде білім берудегі инновациялық технологиялар әдістерін басшылыққа ала отырып , деңгейлеп оқыту технологиясының негізіне сүйендік.
-Бастауыш мектеп оқушыларына сабақ беру процесінде деңгейлеп оқыту технологиясын үйрету.Бұл дегеніміз деңгейлік тапсырмаларды әрбір өтілген сабақ тақырыбына құру;
-Арнайы тест, сауалнама жүргізу арқылы білім мониторингін базалау, реттік көрсеткіштерін алып отыру;
-Әрине, оқушыда алгоритмдік , эвристикалық және шығармашылық деңгейдің қалыптасуы қарастырылды. Ол үшін әрбір оқушымен сабақта деңгейлеп оқыту технологиясының элементтерін қолданудан бастадық;
- Әрбір деңгей тапсырмасын оқушы үшін бір мәселе тудырды;
-Әрбір сабақта түрлі тәсілдерді ұйымдастырдық;
Біріншіден сұрақ қою арқылы ,екінші арнайы даярланған жаттығулар , сызбалар , логикалық тапсырмалар беру арқылы . Үшіншіден , пікір айту тапсырмаларын талдау , өз пікірлерін қолдау , шешім қабылдау . Төртіншіден ,тапсырма бойынша немесе оқыған тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жасау қарастырылады. Нәтижесінде бастауыш мектептегі әрбір сабақта деңгейлеп оқыту технологиясының тиімділігі ескеріліп отырудан технология әрбір сабақтың мәнін – маңыздылығын алуда сапаны көтеруде өз әдісімнің пайдасын көрсетті.Экспериментті топтарда бастапқы кезеңде жоғары 25,6 %, орта 30,8 % , төмен 44,3 % құрса .Эксперимент жұмысынан кейін жасалынған бақылауымыздың нәтижесі : жоғары 44,3 % , орта 48,5 % , төмен 12,7 % көрсетті .Бұдан технология негізінде өткізілген сабақтар , жүргізілген эксперименттік топты бақылау тобы мен салыстырғанда бақылау тобында деңгейлеп оқытудың тиімділігі біршама ғана болса , эксперимент айқын айырмашылығын көреміз.
(кесте )
Достарыңызбен бөлісу: |