Қорытынды.
Қазіргі заманғы техникалық тізбекті технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру .ХХ ғасырдағы білім беру жүйесі қандай ? деген мәселе американдық мұғалімдер ассоциациясының вице – президенті Альфред Уртански білім берудің болашақ мұратын былайша сипаттады: «Оқыту ойлауға, үйретуге негізделуі тиіс . Осыған байланысты оқу үрдісіндегі өте маңызды кезең – рефлексті емес , басымдылықтан ойлау әдістері мен амалдарын саналы түрде шешуге көшу».
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда.Бұл процес білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орында баланың білім білігі мен дағдысын емес , оның тұлғасын білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Қазіргі педагогиканың ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылу.
Қазақстанның қоғамдағы түбірлі өзгерістеріне сай үздіксіз білім берудің бастауыш білім беру жүйелерінде елеулі жаңарулар туындауда .
Білім беру дамыта отырып , деңгейін анықтау және оны саралау мүмкіндіктерін туғызуға бағытталған . Осы заманғы білім берудің стратегиялық мақсаты өз жауапкершілігін сезіне алатын , өздігінен әрекет етуге және әрекеттің шешімін таба білуге қабілетті барлық істе сауатты (іскер) тұлғаны тәрбиелеуді қамтамасыз ету болып табылады. Ал осы мәселелерді шешуде бастауышта білім беру , оқытудың және әлемдік тәжірибеде қалыптасып өз қызметін жаңаша атқарып келе жатқан білім мазмұнының негізгі құрылымын , жобасын жүзеге асыруда қолданылатын педогогикалық технологиялар арқылы жету көзделеді.
Қазіргі Қазақстан бастауыш мектептері жаңа өзгерістерді әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз етеді.Жаңа педагогикалық іздену және оларды қолдануға бағытталған жеке тұлғаның қалыптасу деңгейінің сапасына, үнемі өсіп отыруына сәйкес, педагогикалық құралдарды да тұрақты жаңарту қажет деп есептейді . Бүгіндері мұндай жаңарту педагогикалық ғылым мен мектеп тәжірибесінің үздіксіз сабақтастығы арқылы көрінуде. Мұнда педагогикалық технологиялар көмегімен күнделікті оқытуда педагогикалық жағдайларды оқу – тәрбиені үздіксіз алдын – ала жобалау жолына ауыстыру, оларды күнделікті сыныпта қолдану көзделеді. Мұғалім үшін жазылатын дәстүрлі сабақ жоспарларынан өзгеше жұмыс ретінде педагогикалық технологияда оқушылардың оқу танымдық әрекетінің құрылымы мен мазмұнын ашатындай оқу – тәрбие үрдісінің жобасы жасалынды.Бұдан әрбір тұлғаның деңгейіне сәйкес деңгей тиімділігі мен оқытудың маңыздылығының қажеттілігі байқаймыз.
Білім берудің жаңа мазмұнын оқу үрдісіне енгізуде Қазақстандық ғалым Ж.А. Қараевтың «Деңгейлеп оқыту технологиясына » сүйеніп, сыныптағы әрбір тұлғаның танымдық қабілетін дамытуға деңгейлік тапсырмалар дайындап , шығармашылық деңгейге дейін жетелеуге болатын оқушыларды анықтауға болатындығына көз жеткіздік. Деңгейлік тапсырмалар барлық оқушыларға жеңілден ауырға , қарапайымнан күрделіге қарай әзірленіп, «қабілетті», «қабілетсіз» деген ұғымдардан арылуға көмектесіп, өзіне де өзгеге де пайдасын тигізетін тұлғаны тәрбиелеуге әсерін тигізді. Оған қоса, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру , білім дәрежесінің жоғарылауына септігін тигізді.Сыныпта үздік оқитын оқушылар терең білім алып , үлгермеушілерге көмектесіп мүмкіндік жасауы ізгіленген тұлғаның кейбір қажеттерінің пайда болғандығын байқатты.
Қорытындысы тест – оқушылар білімінің бақылау түрі болды. Тест ағымының (испытание) сынау , өлшеу деген сөзінен шыққан . Барлық өтілген тақырыптың нәтижесі берілген білім қорытындысы тест әдісі бойынша бекітіліп , бағаланып отырды.
Қорыта келе жаңа оқыту технологиясы материал сипаттамалы түрде емес , шынайы проблема негізінде берілуі тиіс . Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың даму кезеңі оқу – ағарту саласын техникалық жаңа әдістерді кең көлемде қолдануды қажет етеді.
Әрбір сабақ тақырыбын меңгерту барысында жеке тұлғаның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне сай білім беріліп , ол орталарға көмектесіп , қабілетті жоғарыларға ерекше назар аударылуы керек . Мұнда деңгейлік технологиясының маңызы ерекше. Адам бойындағы қабілетті шыңдауға оның деңгейі ескеріліп, сараланып , дараланып отыруы тиіс. Қазақтың асқан жұлдызы Ш. Уәлиханов «Халықтың кемеліне келіп , өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек » деуі өте көрегендікпен айтылған. Осынау асыл сөздің мәні мен мағынасы бүгінгі күнмен үндесіп – ақ тұр.
Оқушының ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейтіп , білім аясының мейлінше өсуіне оқушылардың қабілетіне қарай деңгейленіп, сараланып оқытудың ықпалы зор.
Педагогика ғылымының докторы , профессор Ж.Қараевтың әдістемесі негізінде деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - өз бетімен дами алатын , әр түрлі өмірдің қиыншылықтарына төзе білетін , белсенді , білімді тұлға тәрбиелеу. Мұнда аладымен , дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік берсе , ол оқушының ойлауын , елестету мен есте сақтауын ынтасын , белсенділігін дамытып, білім сапасының артуына көмектеседі. Әр тұлғаның мемлекеттік – стандартты деңгейінен көтерілуіне кепілдік береді. Оған қоса мұғалімнің де ,оқушының да шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған .
Қорыта айтқанда, деңгейлеп оқыту технологиясының тиімділігі осы тәжірибе барысында байқалып, оқушылардың оқуға деген қызығушылығы мен қатар шығармашылық деңгейі де көтерілді. Әр оқушы өзінің деңгейіне , білім дәрежесіне байланысты тапсырмалар орындай отырып , әлсіздер білім алуға ұмтыла түседі , мықтылардың өзіне тән деген сенімділіктері арта түсті. Нәтижесінде : жан – жақты шығармашылық іс - әрекеті бар тұлға болып қалыптаса алады.
Достарыңызбен бөлісу: |