Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы «Мектепке дейінгі білім беру технологиялары»



бет3/7
Дата21.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#120341
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
деңгейлеп саралап оқыту Кумарова М

Жауынбай Амантұрлыұлы Қараев 1956 жылы туған, Бейнеу ауданы Тұрыш ауылы) – ғалым, физикалық-математикалық ғылыми докторы (1995). Халыққа білім беру ісінің үздігі. Гурьев педагогикалық институттын (Атырау университетті) бітірген (1978). 1978 – 82 жылы педагогикалық институттта матанализ кафедрасында оқытушы, 1982 – 85 жылы Қазақстан ҒА математика және механика институттының аспиранты, 1986 – 89 жылы Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылымдары зерттеу институттында информатика бөлімінің меңгерушісі, 1989 – 92 ж институтт директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары, 1992 жылдан Алматы қалалық білімін көтеру және қайта даярлау институттының директоры болды. 2007 жылдан Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары. «ЭВМ және программалау элементтері», «Компьютерді оқыту процесіне пайдалануға кіріспе», «Информатикадан есептер жинағы», т.б. кітаптарының және 5-сынып информатика оқулығының авторы. «Білім және еңбек» журналының лауреаты (1987).


Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Ж.Қараевтің деңгейлеп саралап оқыту технологиясында төмендегідей
4 деңгей көрсетілген:
Бірінші деңгей-«үйренушілік».( Репродуктивтік ) Оқушылардың жаңа тақырыптан алған білімдерін бекіту үшін, еске түсіріп, қайталау үшін және алған білімдерін практикада қолдана білуге жаттықтырады. Берілген есептер мен тапсырмалар өмірмен, қоршаған ортамен байланыстырылған болуы керек. Мұнда оқушының қызығушылығына, таным бірлігіне назар аударылады.


Төртінші деңгей-«шығармашылық», Оқушы өзіндік шығармашылық деңгейін көрсетеді. Шығармашылық тапсырмалар – оқушылардың білімділігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Өз бетімен талдау жасау арқылы шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу. Осылай бір деңгейден келесі деңгейге өту үшін өз білімін, білік пен дағдысын толықтырып отырады. Нәтижесінде жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының мақсатына айналады.

Екінші деңгей-«алгоритмдік». Мұнда кері байланысқан функцияларды орындау үшін тексеру тапсырмалары, іріленген материалдарды жүйеге келтіруге, реттеуге арналған, мазмұны өзгертілген жағдайға тапсырмалар беріледі. Сонымен қатар ұлттық негізде құрылған, көбінесе танымдық және үйренушілік мәні бар тапсырмалар, мысалы, сөзтізбектер, ребустар, ойлауға арналған тапсырмалар беріледі.

Үшінші деңгей - «эвристикалық». Бұл деңгейде оқушылар тақырып бойынша меңгерген білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын, әртүрлі әдіс-тәсілдермен орындалатын тапсырмалар орындайды. Оқушы өзі ізденіп, материалды саналы түрде меңгеруі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет