Деңгейлік тапсырмалар жинағы


-тақырып. Жасушаның құрылысы мен қызметі



бет12/59
Дата20.09.2022
өлшемі3,37 Mb.
#39552
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   59
5-тақырып. Жасушаның құрылысы мен қызметі.
1-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.

  1. Өсімдік жасушасының қандай органоидында крахмал қорға жиналады:

а) хлоропласта, в) лейкопласта; с) митохондрияда; д) лизосомада.

  1. Цистерналардан, түтікшелерден, көпіршектерден тұратын органоид:

а) лизосома; в) Гольджи аппараты; с) ЭПТ д)митохондрия

  1. Екі центриольден тұрады, бөліну ұршығын түзеді:

а) рибосома, в) ЭПТ; с)жасуша орталығы; д) лизосома.

  1. Мембранасыз органоид:

а) жасуша орталығы; в) Гольджи аппараты; с) лизосома; д)митохондрия.

  1. Рибосомада жүзеге асады:

а) нәруыз түзіледі; в) майлар түзіледі; с) көмірсу түзіледі; д) дұрыс жауабы жоқ.

  1. Ішінде ферменттерге толы бір мембраналы органоид:

а) рибосома, в) ЭПТ; с)жасуша орталығы; д) лизосома.

  1. Домалақ пішінді екі суббірліктен тұрады:

а) рибосома, в) ЭПТ; с)жасуша орталығы; д) лизосома.

  1. Жасуша мембранасы арқылы ірі нәруыз молекулалары мен заттар қалай өтеді: а) пиноцитоз; в) фагацитоз; с) экзоцитоз: д) эндоцитоз.

  2. Митохондрияның ішкі мембраналарының өсінділері:

а) сторма; в) матрикс; с) криста; д) сыртық мембрана.

  1. Жеміске, гүл күлтесіне түс береді:

а) хромопласт; в) лейкопласт; с)хлоропласт; мезопласт.


Екінші бөлім В деңгейі. В1

  1. Прокариот жасшасының генетикалық материалы ....

  2. Фотосинтез жүзеге асады ...

  3. Цитоплазмаға тұтқырлық беретін коллоидты сұйықтық ...

  4. Бактерияның қабырғасы .... тұрады.

  5. Органоидтарды бөліп алатын әдіс ...

  6. Хлоропластың ішкі мембранасынан түзілген структуралар...

  7. Вакуольдің қызметі...

  8. Лизосома қайда түзіледі...

  9. Хромосома тұрады...

  10. Концентрация градиентіне қарсы энергия жұмсалатын процесс...

В2 Сәйкестікті анықта

Структура

Қызметтері

1.Жасуша мембранасы

А. Нәруыз синтезделеді

2.Жасуша қабырғасы

Ә.Заттарды тасымалдау

3.Хлоропласт

Б.Өсімдіктердің қорғаныш қабаты

4. Тегіс ЭПТ

В.Фотосинтез

5.Ядро

Г.Липидтерді синтездеу

6.Рибосома

Е.АТФ синтездеу

7.митохондрия

Ж.Генетикалық ақпарат сақтау

8.Гольджи аппараты

З.Жасушаға заттардың тасымалдауын реттеу

И.Керекті заттардың жиналуы және цитоплазмаға өтуі

В4. Жаңалықтарды ретімен қойыңдар.

  1. Микроскопты ашу.

  2. Гольджи аппаратының ашылуы.

  3. Вирховтың тұжырымының: «әрбір жасуша басқа жасушадан бөліну арқылы пайда болады» ашылуы.

  4. Шлейден мен Шванн жасуша теориясын тұжырымдауы.

  5. Р.Гук алғаш рет «жасуша» терминінің ұсынды.
















В5. Терминдерге анықтама бер: фагацитоз, жай тасымал, осмос, плазмолиз, кристалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет