Деңгейлік тапсырмалар



бет10/14
Дата18.04.2023
өлшемі98,16 Kb.
#83785
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
ІІ деңгей
2.1. «Қол» деген сөзді бірде тура мағынада, бірде ауыспалымағынада қолданып екі сөйлем жаз.

2.2.Көп мағыналы сөздердің қатарын жалғастыр.
1Адамның аяғы –
Домбыраның құлағы –
Пышақтың жүзі –

ІІІ деңгей
3.1.Тура мағынаны тауып, ауыспалы мен тура мағынаға сөйлем құрастыр.

Ақ алтын –

Темір құс –

Темір тұлпар –

Білім бұлағы –

№ 3


5-сынып
Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей
1.Төмендегі берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастыру.
Жұлдыз. Күн. Асем. Қымбат. Қыздар.
2.Мына омоним сөздерді төменде берілген үлгі бойынша жаз.
От. Ат. Ақ.
Үлгі: От – зат есім (от отынға тоймайды).
От – сын есім, шөбі мол жер деген мағынада (қойлар от жерге келіп тоқтады).
3.Мына сөздердің үлгіде көрсетілгендей мағыналарын соларға лайық сөйлемдер құра. Жақ. Ер. Көш. Жүз. Бас.
Үлгі: Жақ – дене мүшесі, сүйек.
Жақ – етістік т.б.

ІІ деңгей
1.Омонимдерге бес-бестен сөздер ойлап жаз.
2.Мына сөздерден синонимдік қатарлар жаса.
Адам. Биік. Шапшаң. Күшті. Келбет.
3.Төмендегі синоним сөздердің мағынасына қарай топтап жаз.
Ауру. Алыс. Ажар. Науқас. Дәу. Кесел. Нан. Келбет. Үлкен. Ауқат. Қашық. Тамақ. Шалғай.

ІІІ деңгей
1.Төмендегі антоним сөздерді үлгі бойынша жұп-жұбымен жаз.
Үлгі: аласа – биік, төмен – жоғары, ...
Ұл. Суық. Жаман. Ақ. Күн. Қыз. Қара. Жылы. Түн. Түзу. Тату. Қатты. Ұзын. Араз. Жұмсақ. Қысқа. Жас. Кен. Кәрі. Аз. Қисық.
2.Мына сөйлемдерді көшіріп жазып, омоним, синоним сөздерді тап.
Бет көрсе, жүз ұялады. Мен тез кетуім керек. Жылдам сөйлеген кісі минутына үш жүз сөз айтады. Қатты састым, тұра қаштым жалма-жан. Сабақ бір айға созылды.

4




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет