Деңгейлік тапсырмалар


-сынып Деңгейлік тапсырмалар



бет12/14
Дата18.04.2023
өлшемі98,16 Kb.
#83785
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
5-сынып
Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей

1. Берілген сөздерге лексикалық талдау жаса.
Қара. Жаз

2. Тұрақты тіркестердің мағынасын ашып, сөйлем құрастыр.

  • Төбесі көкке жету –

  • Қырық пышақ болу –

  • Ит өлген жер –

  • Тіс жармады –

  • Қыздың жиған жүгіндей –

  • Жерден жеті қоян тапқандай –

  • Ат ізін салмады –

  • Айы оңынан туды –

  • Екі құлағы езуіне жетті – мәз-мейрам болды


ІІ деңгей

1.Синоним сөздерді сәйкестендір.

Ертеде

Азанда

Алыс

Баяғыда

Үлкен

Дәм

Кішкентай

Дәу

Ажар

Биттей

Тамақ

Келбет

Таңертең

Шалғай

№ 6
5-сынып


Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей
1. Берілген сөздерді үш бағанға бөлу. Бірінші бағанға түбір сөзге жұрнақ жалғануы арқылы, бірігу арқылы, тіркесу арқылы жасалған сөздерді теріп жазу.
Әнші, көзқарас, тасбақа, Алматы қаласы, қойшы, қарақұрт, мәдениет сарайы, достық, биыл, бүгін, қара ала, ұзын бойлы, бөлім, білгір, апар, он бес, келіп отыр, Талықорған, жақсылық, білезік, екі жүз бес.
2. Мақалды толықтыр.
Мұз қашан ериді?
Ненің сүті қорғасын?
Кімге дүние жарық,
Кімнің күні ғаріп?
Кім күлкіге, кім ұйқыға тоймайды?
Кімнің егіні піспейді?
Ата-ананың қадірін қашан біледі?
Жағадағы құндыз бен аспандағы жұлдыз кімдер?
ІІ деңгей
1. а)Жұмбақтардың шешуін табыңдар.
Жез отауда жездем аты кісідейді.
б)Қызыл түлкі шық десе,
Інінен шықпайды.
в)Жол үстінде қу қазық, г)Таптым-таптым тап жорға,
Табаны жалпақ боз жорға. Мергеншіге жол азық.
2.Мәтінді оқып, ішінен зат есім, сын есім етістіктерді теріп жаз.
Кітап.
Мені жұрт сүйеді, құрметтейді. Маған арнап шкафтар жасап, үстіме шаң жуытпай, таза ұстайды. Мені ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырады.
Мен де адамды жақсы көремін. Қалтықсыз қызмет етемін. Адамға жақсы тұруды, бақытты өмір сүруді үйретемін. Балаларға ата-бабаларының қалай өмір сүргенін, қандай өсиет қалдырғанын айтып беремін. Балаларды білімді, өнерлі болуға үйретемін. Ойлаңдаршы, балалар! Мен сонда кіммі?
Мен адамның досымын. Менің атым – кітап. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді.
Алдымен адам орманнан аға кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағаштан қағаз жасап шығарады. Сонан соң оған авторлар жазады.
Суретшілер сурет салады. Баспахана жазулар мен суреттерді басып, кітап шығарады. Жұмысшылар машина мен пойыздарға тиеп, қала-қалаға, ауыл-ауылға таратады.
Міне, енді сенің қолыңда тұрмын. Мені күтіп, жыртпай, таза ұста. Мен сенімді досыңмын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет