Деген болатын


БІРІККЕН СӨЗДЕР МЕН ШЫЛАУЛАРДЫҢ ЖАЗЫЛУЫ



бет15/31
Дата06.10.2024
өлшемі163,39 Kb.
#146938
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31
Байланысты:
Уәли Н Алдашева

БІРІККЕН СӨЗДЕР МЕН ШЫЛАУЛАРДЫҢ ЖАЗЫЛУЫ

Қазақ орфографиясында шешімін таппай келе жатқан қиындықтардың бірі – құрама сөздердің бірге я болмаса бөлек жазылуы. Орфографиядағы өзге қиындық бір басқа да, құрама сөздердің жазылуына байланысты қиындық бір басқа деуге болады. Мысалы, бозторғай, қараторғай, қарабидай, желбау, уықбау, ауылшаруашылық т.б. толып жатқан сөздер әр түрлі басылымдарда әркелкі жазылып жүргендігі жиі байқалады. Тіпті лингвистикалық сөздіктердің (орфографиялық, түсіндірме сөздік, орысша-қазақша сөздік, терминологиялық сөздіктер т.б.) өзінде кейбір сөздер бірге жазылса, сол сөздердің кейбірі бөлек жазылған. Мұндай фактіні, жасыратыны жоқ, жиі кездестіруге болады. Орфография мәселесін сөз еткен мақалаларда, рецензияларда көбіне сөздердің бірге не бөлек жазылуына байланысты ала-құлалықтар сынға алынып жүруі де орынсыз емес. Бір ғана мағынаны білдіретін, бір ғана заттың атауы болып саналатын екі сөз неге бөлек жазылады? Екі сөз бірігіп барып бір ғана мағынаны, бір ғана ұғымды білдіретін болса, ондай сөздер бірге жазылмай ма? Мысалы, тасбақа, құрбақа, көлбақа т.б. сөздердің бір заттың атауы екендігі де, бір ғана мағына білдіретіндігі де рас. Сондай-ақ сүйір тұмсық көл бақа, қызыл аяқ бақа, бақылдауық бақа дегендер де бір ғана заттың (бақаның белгілі бір түрінің) атауы бір ғана мағынаны білдіреді. Осы типтес құрама сөздер бірге жазыла ма, әлде бөлек жазыла ма? Мысалы, ит қонақ (тимофеевка), ат қонақ (бор, могар), сорқаңбақ (поташник), май қаңбақ (верблюдка) т.б. сөздер бір ғана мағынаны білдіреді, бір ғана заттың (өсімдіктің) атауы болып жұмсалады. Алайда қара өрік – слива, тікендіошаған – репейничек, құм тары – росичка, түйме шетен – пижма, сары тұңғиық – кубышка, қара ырғай – кизильник, бал шытыр – медуница, бөрі бұршақ – люпин, атбасбұршақ – бобы, сиыр бұршақ – лобия, майлы бұршақ, кептер бұршақ т.б. дегендер де бір ғана заттың атауы, бір ғана мағынаны білдіреді. Осы типтес құрама сөздердің сыңарлары бірге таңбалана ма, әлде бір-бірінен бөлек таңбалана ма?


Мұндай сұрауға үзілді-кесілді жауап беру қиын. Дегенмен құрама сөздердің жазылуын сөз етпес бұрын, алдымен олардың өздеріне тән белгілері мен ерекшеліктеріне назар аудару қажет тәрізді. Құрама сөздер – жалпы тіл білімінің же, жеке тіл білімінің де (ағылшан, орыс) аса бір қиын саласы.
Өйткені құрама сөздердің жалаң сөздерден, еркін сөз тіркесінен, фразеологиялық сөз тіркестен жігін, шекарасын айыру жағдайда оңай бола бермейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет