Қысқарған сөздерге қазақ тілі қосымшаларының жалғану үлігісі
АЗТМ, -нің, -ге
АДК, -ның, -ға
АКЭЛ, -дің, -ге
АҚШ, -тың, -қа
АПН, -нің, -ге
БКП, -нің, -ге
ВАСХНИЛ, -дің, -ге
ВЛКСМ, -нің, -ге
ВЦСПС, -тің, -ке
ГДР, -дің, -ге
КПСС, -тік, -ке
ООН, -ның, -ға
СССР, -дің, -ге
ФИФА, -ның, -ға
|
Алматы ауыр машина жасау заводы
Алматы үй құрылысы комбинаты
Еңбекші халықтың прогресшіл партиясы (Кипр)
Америка Құрама Штаттары
Жаңалық баспасөз агенттігі
Болгар Коммунистік партиясы
В.И. Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылық ғылым академиясы
Бүкілодақтық Лениншіл Коммунистік Жастар Одағы
Кәсіподақтардың Бүкілодақтық Орталық Советі
Герман Демократиялық Республикасы
Совет Одағы Коммунистік партиясы
Біріккен Ұлттар Ұйымы
Советтік Социалистік Республикалар Одағы
Халықаралық Футбол Федерациясы
|
Әріптік қысқарған сөздердің екі түрі бар: бірі – әріптердің атауы бойынша оқылатын аббревиатуралар, мысалы: СССР, айтылуы – эс-эс-эс-эр; БКП, айтылуы – бе-ка-пе; ЭВМ, айтылуы – Э-ве-эм т.б.; екіншісі – әріптердің дыбысталуы бойынша оқылатын қысқарған сөздер, мысалы, ТАСС, айтылуы – тасс; ГРЭС, айтылуы – грэс т.б.
Әріптік аббревиатуралар қазақ тілі қосымшаларымен түрленгенде, осы ерекшеліктер ескерілуге тиіс. Яғни әріптердің аттары бойынша оқылатын қысқарған сөздерге қосымша соңғы әріптің аты бойынша жалғанада, мысалы, СССР-дің, өйткені айтылуы – эс-эс-эс-эр-дің; ЭВМ-ге, өйткені айтылуы – э-ве-эм-ге; ГДР-ге, өйткені айтылуы – ге-дэ-эр-ге. Ал әріптердің дыбысталуы бойынша оқылатын қысқарған сөздерге қосымша жуан, не жіңішке болып, құрамындағы дауысты дыбысқа үндесе жалғанады: ТАСС-тың, СМУ-ға, СЭВ-ке, БАМ-ға, ВАСХНИЛ-ге, МАГАТЭ-ге (5-қосымша).
Қысқарған сөздердің орыс тілінен өнімді түрде енуі төл қысқарған сөздердің жасалуына да әсер етті. «Ауатком», «аупарком» тәрізді сіңісті атаулармен бірге жазу дәстүрінде ТТТ (түрлі-түсті телевизия), мультжинақ (мультфильмдер жинағы) т.б. жаңа үлгілер де қолданылып жүр. Ал аударма әдісімен жасалған СОКП, БЛКЖО, СОТА (КПСС, ВЛКСМ, ТАСС аббревиатураларының қазақша толық атауларынан қысқартылған) тәрізді үлгілер тілдің қоғамдық-әлеуметтік міндеттеріне сай бола алмады, өйткені аббревиатуралар – интернационалдық, ресми сипаттағы сөздер, сондықтан да олар барлық тілде мүмкігінше бірдей таңбалануға тиісті. Бұл тілдік, сондай-ақ информациялық қарым-қатынасты жеңілдетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |