Деген болатын


Қазақ тілінің өз табиғатына тән жалқы есімдер мен күрделі сөздердің жазылуы



бет30/31
Дата06.10.2024
өлшемі163,39 Kb.
#146938
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Уәли Н Алдашева

Қазақ тілінің өз табиғатына тән жалқы есімдер мен күрделі сөздердің жазылуы.
Орыс тілінде қос сөз болып жазылатын қала, мекен, жер-су атаулары қазақ жазылуында бірге жазылып, бас әріппен таңбаланады. Мысалы, орыс тілінде – Кзыл-Орда, Ыссык-Куль, Аулие-Ата, Бетпак-Дала, Байрам-Али: қазақ жазылуында – Қызылорда, Ыстықкөл, Әулиеата, Бетпақдала, Байрамәлі. Ростов-на-Дону, Комсомольск-на-Амуре тәрізді қала аттары Дондағы Ростов, Амурдағы Комсомольск болып жазылады.
Мифологиялық ұғымдардың аттары, сондай-ақ ертегі-аңыздарда кездесетін қиялдан туған жалқы атаулар, батырлық жырларда ұшырасатын малға қойылған аттар бас әріптен басталып жазылады: Зеңгібаба, Ойсылқара, Шекшеката, Қамбарата; Бибіфатима, Таусоғар, Көлжұтар, Желаяқ; Тайбурыл. Шалқұйрық, Желмая, Керқұла.
Бірқатар тарихи тұлғалардың есімдері мен жырларды, ағыздарда, көркем әдеби шығармаларда кездесетін кейіпкерлердің аттары екі сөзден құралған күрделі болып келеді. Мысалы, Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Баян сұлу, Қозы Көрпеш, Қыз Жібек, Қаңбақ шал, Сыпыра жырау, Бұқар жырау, Жиренше шешен, Қамбар ата, Ер Төстік, Ер Қосай, Кішкене Молда, Судыр Ахмет, Әз Жәнібек, Қаз дауысты Қазыбек, Шық бермес Шығайбай, Алдар Көсе.
Егер нақты кісі есіміне тіркескен сөз айқындауыш болып, сол адамның өнерін, кескін-келбетін, мінез-құлқын даралап көрсету қызметін атқарса, онда мұндай сөздер кіші әріппен бөлек жазылады: Біржан сал, Ақан сері, Баян сұлу, Қамбар батыр, Сыпыра жырау, Жиренше шешен. Әдетте бұл айқындауыштар бірқатар адам аттарының алдында да айтыла береді: сал Біржан, сері Ақан, сұлу Баян.
Ал Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Қозы Көрпеш, Алдар Көсе, Судыр Ахмет тәрізді күрделі кісі есімдерінің бірі халық теліген қосымша аты болғандықтан, ол бөлек және бас әріппен жазылады; бұндай қосымша аттар өз алдына жеке де қолданыла береді: Жаяу Мұса – Жаяу, Балуан Шолақ – Шолақ, Судыр Ахмет – Судыр, Алдар Көсе – Алдар.
Ер, әз, ұлы сөздері мен қаз дауысты, шық бермес тіркестері адамдардың өзгеден дара жағымды-жағымсыз қасиетін айрықшалап, анықтауыш қызметінде жұмсалады, әрі бұл сын есімдер адамдардың халық пен қоғам мүддесін атқарудағы орнына байланысты қойылған бағалауыш сөздер болып келеді де, нақты кісі есімінен ажырамай, бас әріппен бөлек жазылары: Ер Трағын, Әз Жәнібек, Қаз дауысты Қазыбек, Ұлы Петр, Шық бермес Шығайбай.
Ру, тайпа аттары белгілі бір үлкен қауымның атауы ретінде жалпы мағынаға ие болып кеткендіктен (орыс, қазақ, башқұрт, татар деген халық аттары тәрізді) кіші әріптен басталып жазылады: тобықты, арғын, найман, керей, уақ, шекті, жағалбайлы, ошақты, адай, беріш, жақайым, төртқара.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет