Деген болатын


Палатализацияланған [а]-ның жазылуы



бет7/31
Дата06.10.2024
өлшемі163,39 Kb.
#146938
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
Байланысты:
Уәли Н Алдашева

Палатализацияланған [а]-ның жазылуы

Орфографиялық сөздікте берілуі

Ұсыныс

дүбара

дүбәра, дүбәраға

дүдамал

дүдамал, дүдамалға

ділда

ділда, ділдаға

ділмар

ділмар, ділмарға

кінәзсі

кінәз, кінәзсы

күстана

күстәна, күстәналау

күшала

күшәла, күшәлаға

мүбада

мүбәда, мүбәдаға

мүбарак

мүбәрек, мүбәрекке

мүләйім

мүләйім, мүләйімге

мұттайым

мүттәйім, мүттәйімге

мінажат

мінәжат, мінәжатқа

§8. Бірінші буында <ә>, ал екінші буында палатализацияланған [а] дауыстысы келетін сөздердің жазылуы жоғарыда аталған сөздер типінен өзгеше. Бірінші буындағы тіл алды дауысты <ә>-нің әсерінен келесі буындағы [а] палатализацияланады, <а>-ның бұл қосалқы реңкі [ә] ескерілмей, негізгі реңкі бойынша жазылады: жәннат, зәузат, нәпақа, пәтуа, тәурат, пәруаз, пәруай т.б. Қазақ орфографиясында бірінші және екінші буында ә арқылы белгіленетін сөздер бар: мәрмәр, сәруәр, зәмзәм, тәмәм, әзәзіл т.б. Бұл топтағы сөздердің екінші буынындағы ә әрпі арқылы таңбаланып тұрған дауыстыны палатализацияланған [а] деуге болмайды. Бұлай деуімізге себеп – екінші буынның тап бірінші буын тәрізді толық немесе біршама толық қайталануы.


§9. Кейбір позицияда дауыстылардың жуан-жіңішке оппозициясы «көмескіленеді» де, сол дыбыстың тіл алды дауытысы екендігін ажырату едәуір қиынға соғады. Осындай ерекшелікке байланысты бірсыпыра сөздердің жазылуы практикада дұрыс шешімін таппай келеді (3-қосымша).
3-қосымша

Орфографиялық сөздікте

Қолданыста

ақырет

ақірет

кесапат

кесепат

қабілет

қабылет

қаракетсіз

қарекетсіз

қағілез

қағылез

қасірет

қасырет

қатыгез

қатігез

қошемет

қошамет

құдірет

құдырет

лағынет

лағінет

мүбарак, мүбарагы

мүбәрек,мүбәрегі

тәкаппар

тәкәппар

тақсірет

тақсырет

тауқымет

тауқімет

тақылет

тақілет

Бұл сөздердің сөздіктегі, практикалық қолданыстағы әліптемелерінде бірізділік жоқ екендігі байқалады. Мысалы, қағілез деп жазған соң, неге қатігез деп жазуға болмайды? Немесе неге лағынет, тәкаппар деп жазамыз? Неге лағінет, тәкәппар емес? Әліптемесі қиын мұндай сөздердің дұрыс жазылуының белгілі бір таянышы болуы керек. Біздіңше, ол таянышты сөздің буын құрылымынан іздеуге болады. Жоғарыда көрсетілген сөздерді алдымен бейүндес (асингармониялық) екі буынға бөлуге болады: а-қы – рет (а – қы-рет емес), құ – ді-рет (құ-ды – рет емес), ке – са-пат (ке-се – пат емес), ла-ғы – нет (ла – ғі-нет емес), қа – бі-лет (қа-бы – лет емес), мү-бә – рек (мү-ба – рак емес), қа – ре-кет (қа-ра – кет емес), тә-кәп – пар (тә – кап-пар емес), қа-ғы –лез (қа – ғі-лез емес), тақ – сі-рет (тақ-сы – рет емес), қа – сі-рет (қа-сы –рет емес), тау-қы – мет (тау – қі-мет емес), қа – ті-гез (қа-ты – гез емес), та-қы – лет (та – қі-лет емес), қо – ше-мет (қо-ша – мет емес), қо – сі-рей (қо-сы – рей емес).


Осы типтес сөздердің буын құрылымындағы ерекшелікті ескері дұрыс жазуға негіз болады. Біріншіден, жуан мен жіңішке буын түйіскен тұста дауыссыз дыбыс өзі жұптасатын дауыстымен реңкі жағынан үйлесіп тұрады: қа-ғы –лез (қа – ғі-лез, қағ – іл-ез емес), тә-кәп – пар (тә-кап – пар емес). Ал қағілез, тәкаппар, тақілет деп жазу қазақ сөзінің буын құрылымын бұзу болып табылар еді. –кі-, -ғі-, -ка- тәрізді буындар қазақ сөзінің табиғатына тән емес. Екіншіден, жоғарыда аталған сөздердің ішінде қабілет, қарекет, тақсірет тәрізді сөздердің бейүндес буын жігін қа – бі-лет,қа – ре-кет, тақ – сі-рет деп те, қа-бы – лет, қа-ра – кет, тақ – сы-рет деп те екі түрлі бөлуге болады. Дегенмен буындардың бейүндес жігін қа – бі-лет,қа – ре-кет, тақ – сі-рет деп бөлудің өз артықшылығы бар. Себебі қа-бы – лет, тақ-сы – рет деп буындасақ, сөйлеуде қа-был – ет, тақ-сыр – ет, қа-ра – кет түрінде айтылады да, <р>, <л> дауыссызы <ы> дауыстысының реңкіне бейімделеді. Сөйтіп, «қабыл ет», «тақсыр ет», «қара кет(ті)» деген еркін тіркестен айырмасы болмай қалады. Ал буындардың бейүндес жігін қа – бі-лет, тақ – сі-рет, қа – ре-кет деп ажыратсақ, [б], [с], [р] дауыссыздары і, е дауытыларының реңкіне бейімделеді де, қабыл ет, тақсыр-ет, қара кет (ті) еркін тіркестерінен өзгешеленіп тұрады.
§10. Бейүндес буын жіктерінде қысаң [ы], [і] дауыстыларының таңбалануы мен таңбаланбауы – қазақ орфографиясындағы қиындықтардың бірі. Мысалы: зақмет – зақымет, рақмет – рақымет, қызмет – қызымет, үкмет – үкімет, лағнет – лағынет (лағінет) т.б. Қазіргі орфографиялық сөздіктерде бұл тәрізді сөздер бірде қысаң [ы], [і] мен жазылса, мысалы, қазірет, кейбірі рақмет, қызмет түрінде жазылады. Осы типтес сөздерді қысаң дауыстылар арқылы жазып, оппозициялық жікке бөліп көрейік: за-қы-мет, ра-қы-мет, қы-зы-мет т.б. Сөйлеу процесінде бұл сөздердегі <қ>, <з>, <ғ> дауыссыздары [ы], [і]-нің швлауында айтылады да өзгеше реңкке (біршама созылыңқы айтылуы тәрізді) ие болады. Осылай фонетикалық әсердің нәтижесінде бұл сөздердің дыбыстық құрылымы ритмикалық тұтастықпен айтылатын зақым ет, рақым ет, үкім ет тәрізді еркін тіркестердің дыбыс құрылымымен бірдей болып шығады. Ал бұл сөздердің [ы], [і] дауыстыларынсыз түріндегі <қ>, <з>, <ғ> фонемаларының реңкі өзгеше болып (келте,кілт айтылуы), ритмикалық тұтастықпен айтылатын еркін тіркестерден өзгеше дыбыстық құрылымға ие болады.
Сөз ажыратуға септігін тигізетін осы өзгешелік ол сөздерді ритмикалық тұтастықпен айтылатын сөз тіркестерінің дыбыстық құрылымынан ажыратып тұрады. Сондықтан, бұлардың қызмет, зақмет, лағнет, рақмет, құрмет т.б. түрінде жазылуын орынды деуге болады.
Сөздердің бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуі қазақ сөзінің табиғатына тән. Бұларды бір жікті буындар деуге болады. Дегенмен біріккен сөздер – көг-ал (мұндағы ал морфемасы алсын «шабылған шөптің орнына қайталан көктеп шыққан көк» дегенмен этимологиялық байланыстағы сөз болуы ықтимал), көг-ор-ай, сондай-ақ өзге тілден қоныс аударған сөздердің (қа-ре-кет, қа-сі-ретт.б.) ішінде бейүндес буындардан құралғандары да кездесіп отырады. Бұларды екі жікті оппозициялық буындар деуге болады. Ал кейбір сөздерді үш немесе төрт жікті буын (жуан – жіңішке – жуан) түрінде жазу, сөзді тым жасанды көрсетеді. Мысалы: мү-ба – рак-қа, дән – да-ку-ым, дар – гу-ман, мү – шай-ре, бә – да-уи, пәр – уар-диг-ар т.б. бұл типтес сөздерді сондықтан мүбәрек, дәндәку, дәргүман, пәруәрдигер түрінде жазу әлдеқайда қазақ тілінің дыбыс эүйесәне үйлесімді.
§11. Қазіргі қазақ орфографиясындағы елеулі қиындықтардың бірі – түбір сөзге дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда түбір сөздің соңғы буынындағы қысаң дауыстының түсіріліп немесе түсірілмей жазылуы. Мысалы: ауыл – аулы (ауылы), ерін – ерні (еріні), иық – иығы (иғы), мұрын – мұрны (мұрыны), мүлік – мүлкі (мүлігі), бауыр – бауры (бауыры) т.б. Дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда сөз түбірінде болатын бұл өзгерістің қанша сөздерді қамтитынын, таралу шегі қаншалықты екенін байқау үшін фонетикалық жағдайы бірдей сөздерді өзара салыстырып көруге болады (4-қосымша).
Бұл салыстыруға қарағанда қысаң дауыстылардың түсіріліп қолданылуының фонетикалық жағдайы бірдей ортада жалпы сипат алмағандығы, кейбір сөздермен шектеліп отыратын талғампаздығы байқалады. Яғни бұл қысаң дауыстылар фонетикалық ортаға аса тәуелді емес. Қайсыбір тұстарда қысаң дауыстыны түсіріп (не түсірмей) қолдану дүдәмал болса, енді бір сөздерге келгенде, семантикалық қарсылыққа ұшырайды. Мысалы, халық – халқы (халағы) деп айтқанымызбен, осы ізбен түлік, күлік сөздеріндегі дауыстыны түсіріп, тәуелдік жалғауын жалғау сөз мағынасын мүлде бұзады (мысалы, түлік – түлкі, күлік – күлкі т.б.) Дауыл, ауыл, суыл, көңіл сөздері де осы тәрізді, қысаң дауыстыны түсіріп қолдануға ырық бермейді: даулы, аулы, көңлі, сулы мүлде басқа сөз ретінде ұғынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет