Деген болатын



бет10/31
Дата06.10.2024
өлшемі163,39 Kb.
#146938
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
Байланысты:
Уәли Н Алдашева

қар-лар қар-лы қар-лық сыр-ла қала-лар
тау-лар тау-лы тау-лық сый-ла қала-лық
сай-лар сай-лы сай-лық сай-ла желі-ле
Бұдан р, у, й сонорларының қауыстылардың қасиетіне біршама ұқсайтындығын көреміз. Осы аталған сонорларды шартты түрде «жартылай дауысты» дыбыстар деуге болады. Жоғарыда көрсетілген (6-қосымша) сөздердің жазылуындағы қайшылықты, тегінде, осы ерекшелікпен байланыстыра қараған жөн тәрізді. Атап айтқанда, у, й, р сонорларынан кейін р, л дыбыстары келетін болса, р, л сонорлы буынның селбеспелі (протетический) ы, ұ, і, ү дауыстыларымен айтылуы (жазылуы) басы артық құбылысқа айналады. Олай болатын себебі у, й сонорларының дауыстыға ұқсайтын қасиеті бар. Сәуле, әуре, дәурен, айран, мейрам, бұйрық, арлан тәрізді сөздердің [ы], [ұ], [і], [ү] селбеспелі дауыстысыз қолданылуы да сондықтан. Енді жоғарыда аталған сөздерді осы заңдылық тұрғысынан қарасақ, бірсыпыра сөз: сәурік, мейлінше, наурыз, емеурін, тегеурін, тәурәт, ғұрлы, бурыл, құрлы, самаурын т.б. дұрыс жазылған. Бірақ кейбір сөздің әліптемесіне келгенде, оларды ы, і әрпі арқылы басы артық таңбалап жүргендігіміз байқалады: салбуырын, (дұрысы – салбурын), тәйірі (дұрысы - тәйрі) т.б. Сөз тудырушы --ым, -ім аффиксінің жалғануы арқылы жасалған сөздердің жазылуы (қайыр – қайырым, мейір – мейірім, қойыл – қойылым, құрыл – құрылым, жайыл – жайылым жіне форма тудырушы, сөз түрлендіруші қосымшалар жалғанғандығы сөздердің жазылуы қайыр-у, майыр-у, айыр-ыс, қайыр-ыс т.б.) бұл қатарға жатпайды (§12).
<Ң> сонорынан кейін р, л дыбыстары келетін болса, көмекі естілгеніне қарамастан, олардың селбеспелі дауыстылар арқылы қолданылуы міндетті. Мысалы, шаңырақ, төңірек, саңылау т.б. Олай болатыны [ң] дыбысының әдеби тілдегі қасиеті «жартылай дауысты» й, у, р сонорлары тәрізді емес, бұл дыбысқа аяқталған сөз қосымшалары басқа да консонанттар тәрізді қабылдайды. Мыс.: тең-дік, тең-де (тең-ле емес), мең-ді (мең-лі емес). Диалектілік қолданыста болмаса, әдеби тілде ң соноры л-мен тіркесуден қалай да «қашып» отыруға тырысады да, бұл тенденция екі түрлі жолмен жүзеге асады. Біріншісі – л дыбысының міндетті түрде д-ға алмасуы арқылы (саңлақ>саңдақ, түңлік>түңдік, теңлеу>теңдеу, таңлау>таңдау, т.б., ал екіншісі –қысаң дауыстылардың селбесіп келуі арқылы (саңылау, аңыл - аңда). Әдеби тілде ң сонорының л-мен тіркесуден «қашу» тенденциясын ескерсек, сіңлі, қаңлы, саңлақ сөздерін (диалектілік қолданыста саңдақ, сіңді деуі осы тенденцияға байланысты) сіңілі, қаңылы, саңылақ түрінде жазуға тиіспіз.
Сонымен, міне, «жартылай дауысты» сонорлардан (й, р, у) соң келген р, л, у дыбыстары селбеспелі ы, ұ, і, ү дауыстыларынсыз жазылады. Ал өзге жағдайдың бәрінде селбеспелі қысаңдардың жазылу себебі (әңгіме 6-қосымшадағы сөздер жайында) р, л сонорлы буынның протезалық дауыстысыз қолданылмау қасиетіне байланысты. Бұл жөнінде қазіргі қазақ орфографиясының негізгі бағыты дұрыс, тек емле, мемлекет, мәслихат тәрізді сөздер, қалыптасқан дәстүрді еске алмағанда, еміле, мемілекет, мәсілихат түрінде жазылуға тиіс.
Сөздің буын жіктерінде түрлі сонор дыбыстардың шоғырлануы кезінде қысаң дауысты абсорбцияға ұшырап, басы артық дауыстыдан сол сөздің арылып отыруға ұмтылуының себебі бар. Ол – ашық буынның шектен тыс көбейіп кетуіне қарсы тенденция.
Бұл жайында Б.А. Серебренников: «Ашық буынның шоғырлануы сөздің айтылуын қиындатуы ықтимал. Оның себебін ашық буындағы дауыстылардың біршама созылыңқы болып келу жағдайына орай түсіндіруге болады. Марий тіліндегі дауыстыларды экспериментті зерттеу жабық буындағы дауыстылардың созылыңқылығы ашық буындағы дауыстылардың созылыңқылығынан артық түсіп жататын бірде-бір жағдайдың кездеспейтіндігін көрсетті. Ашық буын барлық жағдайда да дауыстылардың созылыңқылығын арттыра түседі. Міне, осындай себепке байланысты әр түрлі тілдің тарихында ашық буынның шоғырлануынан арылу, тым болмағанда, ашық буынның санын азайту тенденциясының бар екендігін байқауға болады», - дейді де, бұған мынадай мысалдар келтіреді: түрікше оғлу – оғул «ұл», көпрі – көпір, салыстыр: татарша купәр, түрікше йанлыс – йанылыс«жаңылыс», түрікше қарсы – қарысы «қарсы, қарама-қарсы» деген мағынада16.
Шындығында, сәуірік, салбурын тәрізді сөздерді қысаң дауыстылармен күштеп селбестіре айту физиологиялық тұрғыдан жеңіл болмаса керек. Бұл типтес сөздерді орфографияда селбеспелі дауыстысыз жазу сөздің айтылу нормасымен де ұштасып жатар еді.
§14. Қазіргі қазақ орфографиясындағы бірсыпыра сөздің әліптемесі ашық буынды «азайту» тенденциясына сәйкес келеді. Мысалы: қызмет (қызымет емес), хикмет (хикімет емес), жаднама (жадынама емес), құрмет (құрымет емес), сахна (сахына емес), мәлғұн (мәліғұн емес), зақмет (зақымет емес), зергер (зерігер емес), мәжнүн (мәжінүн емес). Осы аталған сөздердің қатарына орфограциялық сөздікте (1978ж.) ы, і әріптері арқылы таңбаланып жүрген кейбір сөздерді жатқызып, қысаң дауыстысыз жазуға болар еді. Мысалы, олар мына тәрізді сөздер:
құшынаш – құшнаш ашына – ашна
қазымыр – қазмыр базына – базна
қазына – қазна лағынет – лағнет

Әрине, бұлардың қатарына қымыран, құмыра, саңылақ, бағылан, лобылу тәрізділерді жатқызуға әсте болмайды. Өйткені бұл типтес сөздердің сонорлы буындарын селбеспелі дауыстысыз жазу қазақ тілінің дыбыс заңдылығымен үйлесе бермейді. «Орфографиялық сөздікте» мақұлық, нақұрыс, сөзінің мақлұқ, нақрұс түрінде жазылмай, ұ арқылы таңбалануын да осы заңдылыққа орай түсіндіруге болады. Бірақ осы типтес кейбір сөздердің жазылуына келгенде «Орфографиялық сөздік» (1978ж.) бұл принциптен ауытқып кетеді: мәкрүк (дұрысы – мәкүрік), мақлұқат (дұрысы – мақұлықат), мақрұм (дұрысы – мақұрым), мағлұм (дұрысы – мағұлым ), мағлұмат (дұрысы – мағлұмат) т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет