Деген болатын


КЕЙБІР ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫҢ ОРФОГРАФИЯСЫ



бет4/31
Дата06.10.2024
өлшемі163,39 Kb.
#146938
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Уәли Н Алдашева

КЕЙБІР ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫҢ ОРФОГРАФИЯСЫ

§3. қ>ғ, к>г, п>б (у) алмасулары екі морфеманың жігінде жүзеге асады да, сөздердің белгілі бір тобын қамтиды. Фонетикалық бұл жанды құбылысты синхрониялық сипаттағы алмасу деуге болады:құрық – құрығы, балық – балығы, себеп – себебі, жакап – жауабы, нап – шауып, тап – тауып т.б. Осы аталған дыбыстардың морфема жігіндегі алмасуынан өзге диахрониялық сипаттағы түрі бар. Соңғы типтегі дыбыс алмасу морфемалар жігінде емес, морфемалардың өз ішінде кездеседі. Мысалы: айқай – айғай, тақат – тағат, садақа – садаға т.б.


қ/ғ, к/г, п/б дыбыстарының белгілі бір морфемалардағы ішкі алмасуынан әр түрлі варианттар пайда болады. Олардың кейбірі жарыспалы сыңарларының ішінара мағыналық сипат алып, жеке сөз ретінде қалыптасқандығы байқалады: бықы – бығы, шақа (қызыл шақа), шаға (бала-шаға) т.б. Осы алмасулардың қатарына өзара этимологиялық байланыстағы сөздерді де жатқызуға болады: бүк – бүгіл – бүкір; теп – теперіш – тебер, төпе – төпеле – төбелес т.б. Алайда қ/ғ, к/г, п/балмасуын кез келген жағдайда мағына айырымдық, сөзтанымдық функцияда жұмсалып, варианттардың барлығы бірдей семантикалық филицияға ұшырады деуге болмайды. Орфографияда қиындық тудырып, әркелкі жазылып жүрген сөздердің бір алуаны осы құбылыспен байланысты. Мысалы:айқай – айғай,садақа – садаға, қым-қуыт – қым-ғуыт, кереқар – кереғар, ала-көбе – ала-гөбе, алакеуім – алагеуім, алакүлік – алагүлік, алақаншық – алағаншық, сайкүлік – сайгүлік, аракідік – арагідік, миғұла – миқұла, тым-тарақай – тым-тарағай, байқұс – байғұс, тұқым-тұқиян – тұқым-тұғиян, тұқжыңда – тұғжыңда, қылқындыру – қылғындыру, қыз-қырқын – қыз-ғырқын, ада-күде – ада-гүде, адың-күдің – адың-гүдің, апыл-құпыл – апыл-ғұпыл, кіші-кірім – кіші-гірім, желқабыз – желғабыз, жедеқабыл – жедеғабыл т.б.
Диахрониялық тұрғыдан алғанда сөз құрамы екі (үш) түрлі морфемадан құрылуы ықтимал. Бірақ синхрониялық тұрғыдан оларды екі (үш) морфемадан құрылған деуге болмайды. Өйткені синхрониялық тұрғыдан алагеуім сөзін «ала» және «кеуім»; алағаншық сөзін «ала» және «қаншық»; алагөбе сөзін «ала» және «көбе» тәрізді морфемалардан құралған деп үзілді-кесілді айту қиын. Морфемалық құрамы көмескі, жазылуы бір ізге түспеген бұл тәрізді сөздерді ұяңдаған вариант бойынша бірыңғай ұстану бірізділікке саяр еді.
п – б (немесе б – п) дыбыстарының алмасуына байланысты әркелкі жазылып жүрген сөздер бар: қақбас – қақпас, көнбіс – көнпіс, төртбақ – төртпақ, дегбір – дегпір, ақбар – ақпар, етпетінен – етбетінен, бетбақ – бетпақ, шүберек – шүперек, кебе – кепе, ебтейлі – ептейлі т.б. Бұл тәрізді морфема құрамы көмескі сөздердегі [к], [п] қатаңдарын көршілес дыбыстардың ықпалына бағындыра жазу бағытын ұстануға болатын тәрізді. Мысалы: қақпас (қақбас емес), тәбділ (тәпділ емес), көнбіс (көнпіс емес), төртпақ (төртбақ емес), ақпар (ақбар емес), дақпырт (дақбырт емес), етпетінен (етбетінен емес), бетпақ (бетбақ емес), шүберек (шүперек емес), кебе қозы (кепе қозы емес), қасапдан (қасабдан емес), ептейлі (ебтейлі емес).
Бұл жүйеден тек -дан, -дар морфемаларымен келген бірер сөздің ғана жазылуы тысқары тұрады. Мысалы: есепан (есебдан емес), қасапдан (қасабдан емес), есепдар (есебдар емес).
§4. Сонымен, фонемалардың қосалқы мәнін негізгі мәнінен ажырата білу белгілі бір жүйемен жазуға, бірізді жазуға таяныш болады. Мысалы,бұрыңғы, алдыңғы деп жазамыз ба, әлде бұрынғы, алдынғы деп жазған дұрыс па? Неге соңғы, таңғы деп жазамыз, неге күңгей, түңгі деп бір сарынмен жазбаймыз?
Қазақ тілінде <н> және <г> фонемалары іргелес келген тұста комбинаторлық әсерден <н> фонемасының қосалқы мәні [ң] пайда болады: [түңгү] түнгі, [бұрұнғұ] бұрынғы, [күңгей] күнгей т.б. Егер осы фонетикалық ситуацияны өзгертсек, бұл фонема өзінің негізгі мәнінде жұмсалады: тү[н]-де, бұры[-н]нан, кү[н]-мен, т.б. Со[ң]ғы, та[ң]ғы сөздеріндегі [ң] өзінің негізгі мәнінде жұмсалып тұр. Алайда орфографиялық сөздікте (1978ж.) фонемалардың негізгі мәні ескерілмегендіктен, асты[ң]ғы, алды[ң]ғы, үсті[ң]гі түрінде жазылса, ал осы типтес сөздердің кейбірі бұры[-н]ғы делініп берілген. Белгілі бір жүйеге бағынатын бір типтес сөздерді әркелкі жазу орфографияны қиындата түседі. Дұрысы – бұл типтес сөздерді фонемалық негізгі мәні бойынша жазу. Егер үстіңгі, астыңғы, алдыңғы т.б. сөздердегі ң-ге өзгеше фонетикалық жағдай тудырсақ, бұл дыбыс өзінің негізгі мәніне көшеді: алдын ала (алдың ала емес), астын-үстін (астың-үстің емес), астынан (астыңнан емес), үстінде (үстіңде емес) т.б. Ал қараң қалу сөзіндегі <ң> фонемасы өзінің негізгі мәнінде жұмсалып тұрғандығын көреміз. Салыстырыңыз: қаран болды. Сонымен қатар бұл сөздің қараңдау, қараңғы тәрізді сөздермен этимологиялық байланысы бар екендігі байқалады.
Сондай-ақ қайран қалу – қайраң қалу, қаран қалу – қараң қалу, жиһангер – жиһаңгер, жиһангез – жиһаңгез, тыңғылықты – тынғылықты, тұңғиық – тұнғиық, тебінгі – тебіңгі тәрізді сөздерді дұрыс жазудың өз қиындығы бар. Сондықтан да мұндай сөздер тәжірибеде әркелкі жазылып жүр. Осы сөздердегі [ң] комбинаторлық өзгерістің нәтижесінде пайда болған. Бұл өзгеріс жазуда ескерілмей, н түрінде жазылуға тиіс.
Сөз тіркесін өзгерту, сөзге әр түрлі қосымшалар жалғау, қосымшаларды түбірден бөліп қарау тәрізді тәсілдер арқылы морфемалар жігіндегі фонема реңкінің фонетикалық ортаға неғұрлым тәуелсіз түрін табуға болады. Мысалы: [қайраңғалу] қайран қалу – қайрансың, [тыңғылықты] – тындыр, тындырымды; [тұңғұйұқ] тұңғиық – тұн, тұндыр; [жиһаңгез] – жиһан, жер-жиһан. Осылардың ішінде басқаларымен салыстырғанда қайрансың, тындыр, тұн, жиһан морфемаларындағы <н> фонемасының реңкі фонетикалық қоршауға анағұрлым тәуелсіз. Сондықтан бұл сөздер фонематикалық принцип бойынша (фонемалардың мәнін сақтап жазу) <н>-ның қосалқы реңкі [ң] арқылы емес, негізгі реңкі [ң] бойынша таңбалануға тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет