Дегеніміз шикізаттар мен материалдардың дайын өнімге айналу үрдісіне бағытталған жеке еңбек үрдістерінің жиынтығын көрсетеді



бет13/18
Дата06.12.2022
өлшемі57,32 Kb.
#55164
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Курсовая 1

Өндірісті техникалық дайындауға жаңа өнім түрін өндіру мен модернизациянған бұйымдардың және өндірістің ұйымдастыру-техникалық деңгейін арттыру үшін жүргізілетін жұмыстардың жиынтығын айтады.
Өндірісті техникалық дайындаудың мазмұны мен міндеттері кәсіпорынның экономикаалық және әлеуметтік даму жоспарына сай анықталады. Осыған орай тапсырыс беруші сауда орындарының, тұтынушылардың талабына сәйкес өндірісті техникалық тұрғыда ұйымдастыру үшін дайындық шаралары жүргізіледі.
Жаппай өндірістік кәсіпорындарда өндіретін өнімнің көптігі, ассортимент түрлерінің кеңдігі өндірісті техникалық дайындауды ұйымдастыруға көптеген шығын жұмсауды қажет етеді. Жаңа және модернизацияланған өнімдер өндіру кезінде өндірісті техникалық дайындаумен бірге жаңа құрал-жабдықтарды, инновациялық технологияны, материалдарды, өндірісті ұйымдастырудың жаңа түрлерін игеру жөнінде дайындық жұмыстары жүргізіледі.
Әдетте өндірісті техникалық дайындау үш кезеңнен тұрады:
-бірінші кезеңде жаңа өнім түрін жасау және өндірісті дайындау, үлгіні әзірлеу және оның тәжрибе жүргізу арқылы үлгісін жасау, оны бекіту, құжаттарды дайындау, бұйымды суреттеу, қолданылатын негізгі және қосымша материалдарды ескере отырып конструкциясын жасау, өнімді өндіруге қажетті шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар мен фурнитура беруші жабдықтаушыларды анықтау шаралары жүргізіледі. Осы кезеңде өнімді дайындаудың технологиялық сызбасы, технологиялық операциялардың тізбегі, жұмыс күшіне қажеттілік, олардың мамандылығын анықтау, құрал-жабдықтарды жөндеу және түзеу тәрізді көптеген жұмыстар атқарылады;
-екінші кезеңде жаңа және әр түрлі өнімді өндіруді дайындау және игеру, ұйымдастыру-техникалық шараларды енгізу орындалады. Бұл жұмыстар негізінен тәжірибе цехтарында жүзеге асырылады. Өндірісті техникалық дайындаудың екінші кезеңінде еңбек өнімділігін арттыруға, өнім сапасын жақсарту мен материалдарды үнемдеуге барлық жағдай жасау жан-жақты қарастырылады.
-үшінші кезеңде өнімнің жаңа және әр түрін өңдеудің жалпы және сериялық әдістерін бір жүйеге келтіру, өндірістік ағындарда өндірістік-техникалық шешімдерді пайдалану сияқты жұмыстар атқарылады. Жетілдірілген ағынның тиімділігі жұмыс істеп тұрған ағынның техника-экономикалық көрсеткіштерімен (еңбек өнімділігі, жиынтық расценка, өнімнің қор сыйымдылығы, өндірістік алаңның бір шаршы ауданын өнім алу және т.б.) салыстырылады. Егер қабылданған көрсеткіштер жүйесі бойынша бағалау нәтижесі берілген жағдайда келтірілген шығындардың ең аз (минималды) шамасы қолданылады.
Өндірісті техникалық жетілдірудің әрбір кезеңінде орындалатын жұмыстар сипаттамасына қарай конструкторлық, технологиялық және ұйымдастыру-экономикалық болып бөлінеді.
Өндірісті конструкторлық дайындауда жаңа өнімнің конструкциясын жасау мен игеріген өнімнің конструкциясын жетілдіру қарастырылады.
Өндірісті технологиялық дайындықтан өткізу кезеңінде жаңа технологиялық үрдістерді ұйымдастыру мен игерілген технологиялық үрдістерді жетілдіру жұмыстары жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет