Дегеніміз шикізаттар мен материалдардың дайын өнімге айналу үрдісіне бағытталған жеке еңбек үрдістерінің жиынтығын көрсетеді



бет12/18
Дата06.12.2022
өлшемі57,32 Kb.
#55164
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Байланысты:
Курсовая 1

Маркетинг («market» ағылшын сөзі – «нарық») – деп нарық пен экономикалық конъюнктураны, өндіретін тауарлар мен қызмет түрлерін тұтынушылардың талабын ескере отырып, кәсіпорынның өнім өндіру мен өткізу және ғылыми-техникалық жұмысын басқарудың нарықтық тұжырымдамасын айтады.Ф.Котлердің берген анықтамасы бойынша маркетинг дегеніміз қажеттілік пен тұтынушылықты айырбастау арқылы қанағаттандыруға бағытталған адам қызметінің түрін айтады.
Американдық маркетологтар ассоциясы маркетингке тауарлар мен қызмет түрлерін дайындау, баға саясаты, тауарлардың нарықта қозғалуы және оларды сату жұмыстарын жоспарлау мен басқару үрдістерін жеке адамдар және қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жүргізуін айтады деп анықтама берген.
Өндірістік кәсіпорынның маркетингтік қызметінің негізгі мақсаты болып өнімге сұранысты қалыптастыру және оның ынталандыру, кәсіпорынның жұмыс жоспары мен басқару жұмыстарында ұтымды шешімдер қабылдай білу және өнімнің нарықта алатын үлес салмағын арттыру, сату көлемін арттыру арқылы табысты молайту болып саналады.
Кәсіпорында маркетингтік қызметті ұйымдастырудың негізгі мақсатына өндірілген өнімді сату емес, сатылатын өнімді өндіру болып табылады.
Кәсіпорынның маркетингтік жұмысының негізгі қағидаларына сауда өндірістік жұмыстарды басқару жүйесінің негізгі ережелері мен түрлерін анықтау жатады. Оларға кәсіпорынның өнім өндіру және өткізу мүмкіндіктерін, экономикалық конъюнктураны талдау және нарықты терең, жан-жақты ғылыми-тәжірибелік тұрғыда зерттеу, нарықты сегментке бөлу (сегменттеу), нарық сұраныстарына өндіріс пен өнім өткізудің икемді болуы, инновациялық жаңалық енгізу, жоспарлау және тағы басқалары жатады.
Кәсіпорыннның маркетингтік қызметінің негізгі функцияларына: -нарықты кешенді зерттеу (талдау, болжау, конъюнктура);
-кәсіпорынның өндірістікк-өнім өткізу мүмкіндіктерін талдау;
-маркетинг стратегияы мен бағдарламасын жасау;
-тауар саясатын жүргізу;
-баға саясатын қалыптастыру және жүргізу;
-коммуникациялық саясатты жүргізу.
Нарықты кешенді зерттеудің мазмұны мен бағыттылығы келесіде:
А) тарауға нарықтың қоятын талабын зерттеу, яғни тұтынушылар талабына сәйкес өнімнің тұтынушылық қасиеттерін арттыру, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін көтеру шараларын жүргізу және оларды дайындау;
Б) нарықты кешенді зерттеу – экономикалық конъюнктураны тыңғылықты зерттеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет