Кәсіпорынның өндірістік-техникалық бірлігі деп белгілі бір аумақта
өнім өндіруге қажетті өндіріс құралдарының топтастырылуын айтады.
Кәсіпорынның ұйымдастыру жұмыстары құрал-жабдықтарға деген меншікк түрін анықтаумен қатар, жұмыскерлер ұжымын құру және ұйымдастыру, саяси-экономикалық байланыс қызметін қамтиды.
Кәсіпорынның шаруашылық жұмыстарыалдын ала анықталған өндірістік бағдарламаны орындау барысында Қазақстан Республикасындағы бекітілген заңдарға сәйкес, өз бетінше жұмыс істеуін және әлеуметтік бағыттылығын көрсетеді.
Қазақстан Республикасында кәсіпорын иесі болып оның азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар, сонымен қатар олардан құралған заңды тұлғалар тобы жатады.
Нарықтық қатынастар жағдайында шешуші тұлға болып кәсіпкер саналады. Кәсіпкер статусы кәсіпорынды мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін қалыптасады. Кәсіпкерлік қызметтің субъектісі бболып жеке азамат та, олардан құралған топ та саналады.
Өндірістік кәсіпорын – деп өнім өндіру және қызмет түрлерін халыққа көрсету арқылы тұтынушылықты қағаттандыру және табыс табуды мақсат тұтқан кәсіпкерлер немесе олардың бірігуінен құралған жеке немесе дербес шаруашылық жүргізуші субъектілер тобын айтады.
Кәсіпорынның басты мақсатына халықтың тұтынушылығын қанағаттандыру және табыс табу жатады.
Кәсіпорынның қызметінің бағыты алдына қойған түпкі мақсатымен анықталады. Әдетте кәсіпорынның негізгі мақсаттарының бірнеше таңдаулары болуы мүмкін:
-өз өнімдері үшін нарықтың көп үлесін жаулап алу;
-жоғары сапалы өнім өндіру;
-технология бойынша нарықта жетекші орынды иелену;
-қолда бар шикізат, еңбек және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалану;
-жұмысбастылықты барынша жоғары деңгейге жеткізу.
Басты мақсатқа жету кәсіпорын бірқатар міндеттерді шешуге тырысады:
-қандай тауар немесе тауарлар номенклатурасын өндіру және сату керек;
-бұл тауармен қандай нарықтарға шығу керек және нарықта өз позицияларын қалай нығайту керек;
-өндірістің қолайлы технологиясын қалай таңдау керек;
-қандай материалдарды алу және оларды қалай қолдану керек;
-қолда бар қаржы ресурстарын қалай бөлуге болады;
-өндірілетін өнім, оның сапасы, өндіріс тиімділігінің техникалық сипаттамалары бойынша кәсіпорын қандай көрсеткіштерге жету керек.
Осы мәселелерді шешуге бағытталған кәсіпорынның қызметі оның жалпы іскерлік саясатын анықтайды. Жұмыс барысында іскерлік саясат іс-әрекеттердің нақты жоспарына айналады, ол әдетте үш кезеңнен тұрады:
А) кәсіпорын қол жеткісі келетін сандық көрсеткіштерді анықтау;
Б) алға қойылған мақсаттарға жету үшін маңызды бағыттар мен іс-әрекеттерді анықтау. Бұл жағдайда екі негізгі факторға назар аударылады:
-кәсіпорын қызметіне әсер етуші сыртқы факторлардың дәрежесін анықтау;
-кәсіпорынның әлсіз жақтары мен оның ішкі мүмкіндіктерін талдау;
В) кәсіпорын қызметінің құрылымына сәйкес икемді ұзақ мерзімді жоспарлау жүйесін жасау және стратегиясын анықтау.