Дейді Б. Асылов. Олар ешқандай шара



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата03.03.2017
өлшемі3,56 Mb.
#6582
1   2   3   4   5   6

райынан қайтты

мӘселе


Шілденің  15­інен  бастап  елімізде 

еуро­2 стандарты енгізілейін деп отыр. Бұл 

ту ралы  кеше  көлік  және  ком му никация 

министрлігінде  өткен  бас па сөз  конфе­

рен циясында  айтылды.  мамандардың 

айтуынша,  еуро­2  стан дартының  тех­

никалық  регламенті  2007  жы лы  тап сы­

рылған  екен.  көлік  және  ком муника ция 

ми нистрлігі  көлік­ком муни ка ция лық  ке­

ше  нін  дамыту  департаментінің  директо  ры 

Болат  Жансүгіров  бұл  шараның  ал ды мен 

экологиялық жағынан тиімді еке  нін айтып 

өтті.  Бүгінде  еліміздің  ірі  қа ла ла рындағы 

қоршаған  ортаға  шыға ры латын  зиянды 

қалдықтардың  60  пайызы  тек  қа на  кө­

ліктерден  келеді  екен.  кө лік тер дің  ауаны 

ластау  жағдайы,  әсі ресе,  ал ма   ты  қа ла­

сын да  ушығып  тұр.  ондағы  кө   лік тер ден 

атмосфераға  жылына  507  тон на  зиянды 

зат  көтеріледі  екен.  «ескір ген  көліктердің 

двигательдерінде  170  түр лі  зиянды  қоспа 

бар.  мысалы,  бір  ғана  кө    лік  жыл  ішінде 

ауаға  800  келі  көмір қыш  қыл  оксидін,  40 

келі азот оксидін бө  ле ді. олардан өзге 20 

келіден асатын кө   мір  қышқыл қалдықтары 

тағы бар», – деді де пар та мент директоры. 

оның  мәлімет те ріне  қарағанда,  аталмыш 

заттар дың  ден саулыққа  тигізетін  әсерінен 

онко ло гия лық және тыныс алу жолдарына 

бай ла нысты ауруларға шалдыққандар са­

ны артып отыр. 

Ескі көлікке есік жабылады

Бүркіт НҰРАсЫл

Еліміз Тәуелсіздік алған жылдардан бастап ерекше 

екпінмен қарқын алған саланың бірі – көлік саудасы болды. 

пысықайлар ебін тауып, Германия, Жапония секілді дамыған 

елдердегі әбден тозығы жетіп, ескірген, тіптен жарамсыз 

деп танылған «қиранды» көліктерді әкеліп тоғытып жатты. 

содан бері жиырма жылдай уақыт өтсе де осы үрдіс тыйылған 

жоқ. Алайда сол көлік саудасының көрігін қыздырамыз деп 

жүріп, Қазақстанды тозығы жеткен көліктерді тастайтын 

«қоқыс ордасына» айналдырып алғанымызды да байқамай 

қалыппыз...

  «осындай  кемшіліктердің  алдын  алу 

үшін  еуро­2  стандартын  енгізіп  отырмыз. 

Батыс  елдері  бұл  стандартқа  осыдан  көп 

жыл бұрын көшіп алған. олар тіпті еуро­5 

стандартын енгізіп жатыр», – деп атап өтті 

Болат амангелдіұлы. оның мәлімдеуінше, 

еуро­2  стандарты  15  шілдеге  дейін  ен­

гі зілген  көліктерге  қатысы  жоқ.  «Бұл  кө­

лік тер  тозығы  жеткенше  жұмыс  істейді. 

экологиялық  ахуал  көбінесе  ескі  көлік­

тер ден бөлінетін зиянды заттардан бұзы­

латыны белгілі. сондықтан кез келген көлік 

осы  мәселеге  қатысты  қатаң  бақылауға 

алынып, тексеруден өтетін болады», – деді 

департамент  директоры.  Халықтың  әл­

ауқаты артып, әлеуметтік жағдайы түзел­

ген  сайын,  автокөліктер  саны  жылдан­

жыл ға  көбейіп,  қазір  олардың  саны  үш 

мил лионға жетіпті. солардың 80 пайызы 

– ескірген көліктер. «Әрине, көлік жүріп­

тұру ға,  жүк  тасымалдауға  ыңғайлы­ақ. 

Деген мен біз оның қауіп­қатер тудырушы 

құ рал  екенін  де  ұмытпауымыз  қажет»,  – 

де ді департамент директоры. 

енді  ел  аумағына  келетін  көліктерден 

бөлінетін  улы  газдар  көлемі  жіті  бақы­

лау ға  алынады.  Яғни  ескі  көліктерді  са­

ту ға  мүлдем  тыйым  салынады  деген 

сөз.  «1996  жылдан  бері  шыққан  көлік­

тер  ғана  жіберіледі.  оның  өзінде  қа­

таң  сараптаудан  өтуі  тиіс.  елімізде  еуро 

халықаралық  техникалық  және  эколо­

гия лық  стандарттарын  енгізуді  кезең­ке­

зең мен жүзеге асыруды көздеп отырмыз. 

еуро­2  экологиялық  кезеңі  2009  жылғы 

15 маусымнан басталады. ал еуро­3 стан­

дарты  –  2011  жылдың  1  қаңтарынан, 

еуро­4  стандартына  2014  жылы  толық 

өтеміз. Жанар­жағармайға қарасты айта­

тын  болсақ,  еуро­2  стандарты  –  2010 

жыл ғы 1 қаңтардан, еуро­3 – 2014 жылғы 

1 қаңтардан, ал еуро­4 – 2016 жылғы 1 

қаң тар дан  кешіктірмей  енгізілуі  тиіс»,  – 

деді ол. 

еуро стандартының енгізілуімен Қазақ­

стан  аумағына  аталған  стандарттарға 

сәй кес  келмейтін  көлікті  әкелуге  және 

өн ді руге  тыйым  салынып,  олар  үшін  өн­

ді рілетін  жанар­жағармай  сапасын  жақ­

сар ту қамтамасыз етіледі. сонымен қатар 

бұл  пайдаланудағы  автокөлік  паркін  жа­

ңар туға,  экологиялық  мәселелерді  (оның 

ішін де  ірі  қалаларда)  шешуге  және  жол 

қауіп сіздігі  деңгейін  көтеруге  мүмкіндік 

бе реді.


индустрия  және  сауда  министрлігінің 

Тех никалық реттеу және метрология ко ми­

тетінің  сарапшысы  Қайнар  Тайжанов тың 

айтуынша, бүгінгі күні аталмыш талап тар­

ды  енгізу  үшін  67­ден  астам  сынақ  зерт ­

ха налары  мен  көлік  тұрақтайтын  орын  ­

дар  бар.  онда  еуро  стандартына  бай  ­

ла  нысты  сынақтан  өткізілуі  тиіс  барлық 

ша    ралар  жүзеге  асырылады.  «сонымен 

қа тар  тағы  85  сынақ  зертханасы  мен  49 

ав   то тұрақ  жағармайдың  сапасын  тек се ­

ру мен айналысады. олар қазір өз мін дет­

теріне  кірісуге  толық  дайын.  енді  са ту ға 

түсетін  әрбір  көлік  бекітілген  рег ла мент 

бойынша  арнайы  тексеруден  өте ді»,  – 

деп  атап  өтті  сарапшы.  Жақында  еуро­2 

стандартын  Ресей,  Украина  және  Өзбек­

стан мемлекеттері енгізіпті. 



Астана

Financial  Times  басылымында  жарық 

көрген  «екатеринбург  бетбұрысы:  дедол­

ла ризация  және  аҚШ­тың  әскери­қар­

жылық  гегемониясының  ақыры»  мақа­

ла сында  майкл  Хадсон  бұл  жиынды           

«XXI  ғасырда  жоғары  деңгейде  өткен  ең 

ма ңызды  кездесу»  деп  атады.  «Шамасы, 

ека те ринбург  қаласы  –  орыстың  соңғы 

пат шасы  өлімін  тапқан  жер  ғана  емес, 

аме ри калық империя да ажалын құшқан 

жер ретінде де тарихқа енетін шығар» деп 

пайым дайды ол. 

«Жаңа  ғаламдық  қаржы  жүйесінің 

архитекторлары  доллардың  бел  омырт­

қасын  сындыра  отырып,  америкалық 

жүйенің де соңына жететінін жақсы біледі. 

...Біздің  төлем  балансының  тапшылығы 

үш  нәрсеге  байланысты:  біріншіден  – 

американың  экспорты  импорт  көлеміне 

жетпейді.  екіншіден  –  Уолл­стрит  пен 

америкалық  корпорациялардың  қыл­

мысқа тең әрекеттері. үшіншіден – соңғы 

жарты  ғасыр  бойғы  Пентагонның  есепсіз 

шығындары.  осының  бәрі  жиыла  келе 

бізді  қиын  тығырыққа  тіреп  отыр»  деген 

ол  соңғы  кезде  бүкіл  әлемдегі  өндірістік­

қаржылық  активтерді  асығыс  сатып  ала 



Шанхайлықтар отырысы 

обаманың ұйқысын шайдай ашты

осы аптада Екатеринбург қаласында өткен ШЫҰ отырысы, 

ондағы ұйымға мүше елдердің президенттерінің кездесуі

әсіресе, РФ президенті дмитрий медведев пен Қытай басшысы 

Ху Цзиньтаоның екіжақты келіссөздері, ондағы көтерілген 

мәселелер – америкалық қауымның зәресін ұшырды. Аймақтық 

валюта құру, екіжақты саудада өз валютасын қолдану, әлемдік 

резервтік валюта ретінде Халықаралық қаржы қорының SDR 

бірлігін пайдалану шаралары АҚШ-тың әлемдегі әділетсіз 

басымдығының ақыры болатынына көздері жетіп отырған Батыс 

экономистері өздерінің бұлыңғыр болашағы туралы дабыл қаға 

бастады. Барак обаманың осы аптадағы баспасөз мәслихатында 

«елдің қаржылық жағдайын ойлап, түн баласы көз ілмеймін» 

деуі де осыдан шығар.

бастаған  Қытайдың  әрекетін  де  «доллар­

дан  қашуының  белгісі»  деп  бағалайды. 

«екі трил лион қаржысы бар Қытай әйтеуір 

бір  әре кет  қылмаса,  жақын  арада  бар 

қар   жысының күйіп кететінін жақсы біле ді. 

сондықтан  «ақшаны  ресурстарға  айыр­

бастау»  науқанын  жалғастыра  бермек. 

ендігі  жерде  еліміздің  құнды  қағаздары 

ешкімді қызықтыра алмайды. Демек, бізге 

өз қарыздарымызды өзіміз өтеуімізге тура 

Берiк ТҰРҒАНБЕКҰлЫ

келеді.  ол  үшін  бұрынғы  байбатшалық 

өмір  салтын  тастап,  кедей  қалпымызға 

ораламыз.  Ұмыт  қалған  тап  күресі  қайта 

өршиді.  Уолл­стрит  мұны  жақсы  түсініп 

отыр. сондықтан олар Буш пен обаманы 

өз  жүйесіне  10  триллион  доллар  қаржы 

салуға  мәжбүр  етті.  мемлекетімізді  ал­

пауыт тар  осылай  тонап,  өз  бизнестерін 

сақ тап  қалды,  біз  болсақ  тақырға  отыр­

дық», – дейді Хадсон.

сәрсенбі  күні  Ұлыбританияның  RINF 

News  басылымында  америкалық  жур­

налист,  Пулицер  сыйлығының  иегері, 

Nation  Institute  ғылыми  қызметкері  крис 

Хед жестің  «америкалық  империяның 

ақы  ры» атты ма ­

қа  ласы  жа рық 

көр    ді.  Әлем дік 

ба  с ы   л ы м  д а р ­

дың  кө бін де  ау­

да рылып  ба  сы­

лып, үлкен ре зо­

нанс  туғыз ған, 

тіп ті 

ресейлік 



«из  вес тия»  ба­

сы   лымы  да  бір 

бе   тін арнаған ма   ­

қа ла  аҚШ­тың 

бү  гін гі  ахуа лын 

б а я н  д а й д ы . 

«осы 

апта да 


әлем   дік  резерв­

тік  ва лю та  ретін­

де гі  дол лар дың 

дәуі рі  аяқта ла­

ды.  Бұл  –  аҚШ­

тың сая  си­эко но­

ми ка лық күй реуі нің бас тауы. Бәрі де бітті. 

Өткенге оралу жоқ. алды мыз да бізді өте­

мөте ауыр тие тін нәрселер күтіп тұр» деп 

сөзін  бас таған  Хеджес  елінің  келешегіне 

аса  алаңдаушылық  танытады.  «еліміз  өз 

тарихындағы  аса  бір  қиын  дағдарысты 

басынан кешіп отырғанда – Барак обама, 

Уолл­стриттің  қылмыстық  кландары,  үл­

кен  бизнестің  қолындағы  бұқаралық 

ақ парат  құралдары  көпірген  бос  сөз де­

рін  жаңалық  қылып  ұсынып,  біздің  ба­

сы мызды  айналдырып  алғанымен,  өзге 

әлемді  алдай  алмады.  Бәрі  де  біздің 

банкрот екенімізді біледі. аҚШ­тың мем ­

лекеттік  бюджетінің  тапшылығы  екі  трил ­

лион  доллардан  асып  отырған  кез де, 

оның  қарыз  қағаздарын  үсті­үстіне  са тып 

алу  шексіз  жалғаса  бермейді.  Бұл  қа­

ғаздардың  сатылымы  тоқтаған  күні  біз де 

ақырзаман орнайды. Өйткені біздің әсіре 

амбициямызды,  әлемдегі  теңдессіз  әс­

кери  мақсаттағы  шығындарымызды  қар­

жыландара  беретін  ел  табылмай  қалуы 

мүм кін», – дейді Хеджес. 

Халықаралық  қаржы  жүйесіне  зерт­

теуі нің  қорытындысын  жариялаған  Джон 

ланчестер  болса  London  Review  of  Books 

басылымындағы  «Бәрі  ді  бітті»  сарап­

тамасында «Біз іс жүзінде орға жы ғы лып, 

енді  соғысты  бастап  отырмыз.  оған  өзі­

міздің  экономикалық  жүйеміздің  жұмы­

сының  нәтижесі  итермелеп  отыр.  Біздің 

бұл  әрекеттеріміз  ешқандай  қалыпқа 

сый майды, оны капитализмнің ешқандай 

қағидасына  жатқыза  алмаймыз.  мұндай 

модель  жоқ.  капитализм  бұлай  жұмыс 

істемеуі керек еді. ал бізде тым болмаса, 

бағдарымызды  нақтылайтын  «жол  кар­

тасы» да жоқ болып тұр» дейді ол.

Демек,  ғаламдық  экономикалық  дағ­

дарыстың  бетін  қайтару  жолындағы  біз­

дің  құрлықтағы  нақты  қадамдарды  аме­

рикалықтар  өз  еліне  төнген  тікелей  қа тер 

ретінде  бағалайтын  тәрізді.  негізінде, 

біздің  ақпараттық  кеңістікте  аҚШ  салып 

берген  әлемдік  қаржы  жүйесі,  Уолл­

стрит тің  алаяқтық  әрекеттері,  оның  әлем 

эко номикасы  үшін  деструктивті  ықпалы, 

аҚШ мемлекетінің әлемдік дағдарыс үшін 

тікелей  жауапкершілігі  туралы  соңғы  екі 

жылда көп айтылып келді. ал ірі бизнестің 

ықпалындағы америкалық БаҚ онда шы­

нында  да  «экономикалық  голливуд»  эф­

фектін  жасап,  елді  алдарқатумен  келгені 

рас. Қалай десек те, Батыс басылымдары 

бұл мәселеге енді ғана бет бұра бастаған 

тәрізді.

м

ансұр Х



ами

Т (


фо

то

)



РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№100 (100) 



20.06.2009 жыл, сенбi

www.alashainasy.kz

5

?



Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

қоғам


Біздіңше,  Екінші  дүниежүзілік  соғыс­

тың басталуына ғана емес, сонымен қатар 

оның  барысына  антигитлерлік  коа ли­

цияға қатысушылардың ондағы ынты мақ­

тастығының  ерекшеліктеріне,  Ұлы  Отан 

соғысының  шайқас  алаңдарындағы  же­

ңіс  тер  мен  жеңілістерге,  кеңестік  ко ман ­

до ваниенің  біліктілігіне  болашақта  әлі  де 

талай рет қайта оралатын боламыз. Көпте­

ген нәрселер қайта бағалауды және жаңа 

көз қарастарды талап етуде. Өйткені бізде 

тарих  тым  сыңаржақ  және  бұрмаланып 

жа зылып  келді.  Мысалы,  1939  жылғы 

шарт туралы бізде ұзақ уақыт бойы айтуға 

да болмайтын еді. Оның құпия хаттама ла­

рына  келетін  болсақ,  олардың  бар  екені 

жақында ғана бұлтартпайтын фактілермен 

дә лелденді. 



СоғыСқа жол бермеуге

болатын еді

Екінші дүниежүзілік соғыс 30­жыл дар­

дың  орта  шенінде­ақ  ақиқат  шындыққа 

ай налды.  Жапонияның  1931­1932  жыл­

да ры  Солтүстік  Шығыс  Қытайды  басып 

алуы,  содан  кейін  1937  жылы  Орта лық 

Қы тай ға  басып  кіруі,  1935  жылы  Ита ­

лияның  Абиссинияға  шабуыл  жасауы, 

1936­1938 жылдары республикалық Ис­

па   нияға  қар сы  жасалған  герман­итальян 

интер вен циясы, Германияның 1938 жылы 

Австрияны басып алуы – міне, бұ лар дың 

бәрі  агрессорлар  қимылының  біртұтас 

тізбегінің буындары, олар бірте­бірте фа­

шистер  шапқыншылығының  ортақ  тас­

қынына  айналды  да,  сайып  келгенде,  іс 

жүзінде  бүкіл  дүниежүзін  қамтыды.  Бар­

лық  ұлы  державалардан  тек  КСРО  ғана 

агрессорларды дәйекті айыптап, қолынан 

келген  кездері  агрессия  құрбандарына 

көмектесіп отырды. 

Жаңа  дүниежүзілік  соғыстың  сөзсіз 

бол май  қоймайтын  мүмкіндігі  жоқ  еді. 

Сол кездің оқиғаларына жасалған талдау 

халықаралық  қатынастарды  дамытудың 

альтернативті  жолдары  болғанын  көр се­

теді.  30­жылдардың  орта  тұсында  ғана 

емес,  сонымен  қатар  неғұрлым  кейінгі 

және күрделі кезеңде – соғыс басталар ал­

дын дағы соңғы айларда, тіпті соңғы күн­

дер де  агрессорлардың  жолына  тосқауыл 

қойып,  соғысқа  жол  бермеуге  болатын 

еді. Гитлершілдер 1938 жылдың жазында 

және күзінде Чехословакияны басып алуға 

әзірленіп  жатқан  кезеңде  альтернатива 

бол ды; ол Польшаға қарсы неміс­фашист 

агрес сиясы тікелей әзірленген 1939 жыл­

дың жазында да болды. 

1938 жылдың 15 наурызында аме ри­

кан  журналистерінің  «Германия  Чехосло­

ва  кияға  шабуыл  жасай  қалса,  КСРО  не 

істемекші?» деген сұрағына КСРО сыртқы 

істер  халық  комиссары  М.М.Литвинов 

«біздің ел одақтастық міндеттемесін орын­

дай тынын»  мәлімдеді.  Сәуірдің  екінші 

жар ты сында  Москвадағы  Чехословакия 

елшісі  З.Фирлингер  Прагаға  Кеңес  үкі­

ме тінің  ресми  позициясы  туралы  былай 

деп хабарлады. «Өтініш жасалатын болса, 

КСРО Франциямен және Чехословакиямен 

бірге  Чехословакияның  қауіпсіздігін  қам­

та масыз  ету  жөнінде  барлық  шараларды 

қол дануға  әзір.  Бұл  үшін  онда  қажетті 

құралдардың  бәрі  бар...»  Кеңес  Ода ғы­

ның  үкіметі  жағдайдың  ушығып  кетуін 

ескере  отырып,  Францияға,  Чехо сло  ва­

кияға  көмек  көрсетудің  нақты  фор ма ла­

рын  талқылау  үшін  КСРО,  Франция  жә не 

Чехословакия  қарулы  күштері  бас  штаб­

та рының  келіссөзін  бастауды,  Чехо сло­

вакияны  қорғау  жөнінде  халықаралық 

конференция шақыруды және агрессорға 

тиісті  ықпал  ету  үшін  ұлттар  Лигасына 

өтініш айтуды ұсынды. Бұған жауап қайта­

рыл мады. 

КСРО  фашизмге  қарсы  жападан  жал­

ғыз  күресуге  мәжбүр  болатын  еді.  Бұл 

орайда  Сталин  бастаған  кеңес  басшы лы­

ғының  мұндай  жағдайда  Мюнхен  бітім­

ші лерінің  ілтипаты,  жалпы,  гитлершілдер 

жағында  болып  шықпас  па  екен  деп 

қауіп тенуі  ықтимал  еді.  1939  жылы  ма­

мыр  айынан  бастап  кеңес  және  моңғол 

әс кер лерінің  Халхин­Гол  өзенінде  жапон 

интервенттеріне  қарсы  табанды  шай қас  ­

тар жүргізуіне тура келгенін де ескер мес ке 

болмайды. Жапонияның агрессия шыл ды­

ғының күшейе түсуі екі майдандағы соғыс 

перспективасын  әбден  айқын  байқатқан 

еді. Кеңес үкіметі 1918­1922 жылдардағы 

жағдайдың  қайталануына  жол  бере  ал­

май тын,  ал  ол  кезде  еліміз  дүниежүзінің 

бір ден  барлық  негізгі  державаларының 

екінші дүниежүзілік соғыс қалай басталды?

1939 жылы 1 қыркүйекте гитлершіл германия Польшаға тұтқиылдан 

шабуыл жасап, екінші дүниежүзілік соғыстың өртін тұтатты. Содан бері 

70 жыл өтсе де, адамзат өзінің тарихындағы осынау қасіретті дәуірге 

қайта-қайта назар аударуда. Соғыстың қарсаңындағы жағдайға, 

оның басталуы мен аяқталуына, халықаралық қатынастардың 

соғыстан кейінгі дамуына байланысты көптеген жайттарға қайтадан 

ой жіберілуде. тарихтың жекелеген беттерін түрліше түсінуден, оларды 

субъективті түрде қабылдаудан, ақтаңдақтардың орын алуынан туған 

талас жалғастырылып жатыр.

ша ға басып кіру арқылы бастаса, КСРО 17 

қыр күйек  күні  Шығыс  Польшаға  шабуыл 

жа сау  арқылы  қоштады.  Молотов  соғыс 

бас талғаннан  кейін  бір  апта  өткенде 

Гитлерді  «табыстарымен»  құттықтады. 

18  қыркүйек  күні  бірлескен  кеңес­гер­

ман  әскерлері  алдын  ала  келісілген  жер­

лер ді  өзара  басып  алуды  аяқтады.  Осы 

же ңістің  құрметіне  22  қыркүйекте  Брест 

қа малында біріккен кеңес­герман әскери 

шеруі өткізілді. Екі елдің мемлекеттік туы, 

кеңестік орақ пен балға және неміс сва ти­

касы қатар көтерілді. 28 қыркүйек күні екі 

мем лекет  арасында  «достық  пен  шекара 

туралы  кеңес­герман  келісімшартына» 

қол  қойылып,  өзара  жаңа  шекараларын 

бекітті. Батыс Украина және Батыс Белорус­

сия деген атаумен Шығыс Польшаға бөл­

шектеліп, КСРО құрамына енгізілді. 

Кеңес  үкіметі  Ленинградтың  қауіп сіз­

дігін  нығайту  үшін  Кеңес  Одағына  Фин 

шығанағындағы төрт аралды 30 жыл дық 

мерзімге жалға беруді, Ханко ауда нының 

бір  бөлігін  сатуды  немесе  кеңестік  тер­

риторияның  бөліктерімен  алмастыруды 

өтінді.  Алайда  Финляндия  үкіметі  бұған 

келіспеді.  Кеңес  Одағының  «өзара  көмек 

туралы  келісімшарт  жасау  туралы»  ұсы­

нысы  да  қабылданбады.  30  қарашада 

кеңес  әскерлері  Финляндияға  басып  кір­

ді.  Сол  күні  Финляндия  президенті  ел­

ді  соғыс  жағдайында  деп  жариялады. 

Сталин  Финляндияны  түгел  басып  алып, 

со ғысты  1940  жылдың  наурызына  дейін 

жал ғастырды, бірақ жеті қабаттан тұратын 

Маннергейм қорғаныс шебін кеңес әскері 

бұ зып  өте  алмай  дымы  құрыған  соң,  12 

нау рызда  бітім  шартын  жасауға  мәжбүр 

болды.  Осыдан  кейін  жазда  Марел­Фин 

КСР­і құрылды. 

«барбароССа» жоСПары

1939 жылдың тамыз айында Польшаға 

баса­көктеп  кірер  алдында  Гитлер  «Менің 

қол ға алып жатқан шараларымның бәрі Ре­

сей ге бағытталған» деп мәлімдеме жа са ды. 

1940 жылдың 22 маусымында Фран­

ция  тізе  бүкті.  Енді  Гитлер  «өзінің  ұлы 

міндеті  –  большевизммен  есеп  айырысу 

үшін»  аяқ­қолым  босады  деп  есептеді. 

Ол «шығыстық сапарды» күз маусымында 

бастап  жіберуді  ойластырған  болатын. 

Алайда  тәжірибелі  генералдар  өз  фюре­

рін  Кеңес  Одағына  шабуылды  қыс  мау­

сы мының  алдында  бастаудың  өте  қауіпті 

екен дігіне иландырды. 

1940  жылдың  18  желтоқсанында 

Гитлер «Барбаросса» деген кодтық аты бар 

жос парды №21 директива түрінде бекітті. 

Бұл жоспарда германдық қарулы күш­

тердің  алдына  кеңестік  әскерді  Ресейге 

қысқа  мерзім  ішінде  күл­талқан  етудің 

міндеті қойылды. Үш қуатты соққы арқылы 

фашистер кеңестік әскерді Прибалтикада, 

Белоруссияда  және  Украинаның  оңтүстік 

бөлігінде  быт­шытын  шығарып,  жаудың 

әскери  қабілетті  күшін  елдің  ішіне  ен дір­

меуге  ұмтылды.  «Барбаросса»  опе ра ция­

сының түпкі мақсаты – Волга­Ар хан гельск 

жалпы белдеуі бойынша азияттық Ресейге 

қарсы  тосқауыл  қою  болатын.  Осындай 

шапшаң соғысқа небәрі төрт ай бөлінген. 

Фашистер  үлкен  соғысты  дайындай 

отырып,  Кеңес  Одағының  басып  алын ған 

жерлерінде  жүзеге  асыратын  жан түр ші­

герлік  зұлымдықтарының  бағдар ла ма сын 

да қамдады. Мәселен, немістің бір сол да­

тының өмірі үшін 100 адамға дейін ке ңестік 

тұрғындарды өлтіруге рұқсат бе рілді. 

«Барбаросса» жоспарымен Кеңес Ода­

ғына 1941 жылғы 15 мамырда соққы бе­

рудің  нақтылы  уақыты  белгіленді.  Әйт се 

де  Балқанға  жасалған  сапардың  сал да­

рынан, бұл уақыт кейінге шегерілді. Содан 

Югославия  мен  Греция  жаулап  алын ған­

нан  кейін  30  сәуірде  жоғарыдағы  опе­

ра цияны  22  маусымда  бастауға  шешім 

қа былдады.  КСРО­ға  қарсы  соғысты  22 

мау сымда  бастаудың  түпкілікті  бұйрығын 

Гит лер 1941 жылғы 17 маусымда берді. 

барлаушылардың

мәліметі – арандатушылық

1941 жылдың 5 мамырында Кремль­

де  Сталин  әскери  академияларды  бітіру­

ші лерді  қабылдап,  онда  «Гитлермен  қақ­

ты ғысуымыз сөзсіз, бірақ соғыстың бас та­

луын  екі­үш  айға  шегіндіре  алсақ,  біз дің 

бақытымыз сол болар еді», – деді. Алай­

да партия жетекшісінің сөзінен кейін – 14 

маусымда  орталық  баспасөзде  ТАСС  ха­

бары  жарияланып,  герман­кеңес  со ғы сы 

туралы  өсек­аяңның  негізсіз,  не міс тер дің 

бейбітшілікті  қолдайтындығы  жә не  олар 

тарапынан  қауіп­қатердің  жоқ  екен дігі 

мәлімденді. 

Маусым  айының  басында  Қорғаныс 

ха лық  комиссары  С.К.Тимошенко  Бас 

штаб тың  бастығы  Г.К.Жуковпен  бірге 

Сталин нің  қабылдауына  баруға  рұқсат 

алды.  Олар  соңғы  мәліметтерді  қолма­

қол жеткізді. «Ал менің басқа құжаттарым 

бар,  –  деді  Сталин.  –  Оны  айтасыздар, 

біз дің  бір...  табылыпты.  (бұл  арада  ол 

цен  зу раға  жатпайтын  сөз  айтты).  Ол  Жа­

по  нияда  зауыттар  мен  жезөкшелер  үй­

ле рін  иеленіп  үлгеріпті,  сөйте  тұра  гер­

мандық  шабуылдың  22  маусымда  бас­

та ла тындығын  хабарлайды.  Сонда  маған 

оған сенуіме бұйрық бересіңдер ме?» Бұл 

хабар көрнекті кеңестік барлаушы Рихард 

Зоргеден түскен болатын. 

Бір  жүйеге  келтіріліп  сарапталмаған, 

ара сында анық­қанығы белгісіз шикі­ша­

ла  көп  ақпар  Сталиннің  алдында  үйі  ліп 

жат ты.  Оның  ақ­қарасын  қалай  айы ра ­

сыз,  сол  себепті  кейде  аса  құнды  дерек­

тің өзіне күмән туындағаны рас. Айта лық, 

мемлекет қауіпсіздігі жөніндегі ха лық ко­

мис сары  В.Меркуловтың  «ертең  со ғыс 

бас талады»  деген  хабарына  сенім  көр се­

тіл меуі  соған  дәлел.  Бұған  Сталин:  «То­

ва  рищу  Меркулову.  Можете  послать  ваш 

«ис точник» из штаба Германской авиа ции 

к е.... матери. Это не «источник», а де зин­

фор мация.  И.Сталин»,  –  деп  бұ рыш тама 

соғыпты. («Жұлдыз», 2005, 166 бет).

А.И.Микоянның  куәгерлігіне  сенсек, 

Сталин  Германия  өз  кезегінде  Англияны 

тізе  бүктірмейінше  екі  майданда  соғыса 

алмайды  деген  пікірге  әбден  сенген.  Ол 

соғыстың басталуын соза тұруға мүмкіндік 

бар екендігін айтып баққан. Оның бұл пі­

кірінен бөгде әңгіме қозғау өте қауіпті бо­

латын. Мәселен, Берия 21 маусым күні со­

ғыстың басталатын нақтылы уақытын ғана 

емес,  сонымен  қатар  гитлерлік  әскер ді ң 

басты  соққы  беретін  бағыттарын  да  дәл 

көрсеткен.  Берлиндегі  біздің  елшіміз  бен 

әскери  атташені  тез  арада  жауапқа  тарту 

үшін Сталиннен рұқсат сұрайды. 

Германия  бізге  шабуыл  жасаудың 

ал дында  Мәскеуге  Берлиннен  елшіміз 

Деканозов  келеді.  Оны  германдық  елші 

Вернер фон Шуленбург өз елшілігіне түс кі 

асқа шақырады. Сол астың үстінде Шулен­

бург  біздің  елшімізге  былай  дейді:  «Елші 

мыр за,  дипломатия  тарихында  мұндай 

жайт болмаған шығар. Неге десеңіз, мен 

сізге  нөмірі  бірінші  мемлекеттік  құпияны 

айтқалы  отырмын.  Мұнымды  Молотов 

мырзаға жеткізіңіз, ал ол Сталин мырзаны 

хабардар етеді деп үміттенемін. Гитлер 22 

маусым күні КСРО­ға қарсы соғыс бастауға 

шешім  қабылдады.  Сіз  бұлайша  қадам 

жасауымның себебі не деп сұрарсыз, мен 

Бисмарк рухында тәрбиеленген адаммын, 

ал ол Ресейге соғыс ашуға әрқашан қарсы 

болып келді...». Иә, басқа­басқа, Гитлерге 

жақын  тұрған  адамның  бұл  ғажайып 

жағдайда айтқан хабары да Сталинге әсер 

етпеді ғой... 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет