Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі 1 ДӘлел-дәйектерімен намаз оқУ Үлгісі


«Біз Алланың елшісімен (с.а.у.) бірге сапарға шық-



Pdf көрінісі
бет10/84
Дата28.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#35811
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   84
«Біз Алланың елшісімен (с.а.у.) бірге сапарға шық-
қан едік. Аспан бұлтты болғандықтан құбыланы ан-
ықтау қиынға соқты. Бет бұрған жағымызға белгі 
қойып, намазымызды оқыдық. Күн шыққаннан кейін 
25
«Бақара» сүресі, 115-аят.
26
Маусули әл-Ханафи, Ихтияр, 1/154-бет. 
27
Әбдіғани әл-Ғаними әл-Мәйдани, әл-Лүбәб – 1/64-бет. 


Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
18
(қарасақ) құбыладан басқа жаққа қарап оқыппыз. Сол 
жағдайды Пайғамбарымызға айтқанымызда мына 
аят түсті: «Қайда бет бұрсаңдар да Алланың жүзі 
(разылығы) сол жақта»
28
(хасан).
(Бұл хадистің Дарақұтни риуаят еткен нұсқасында 
Пайғамбарымыз: «Оқыған намаздарың үшін сауап 
алдыңдар», – деген).
28
Ибн Мажә, №1020 хадис; Дарақұтни сүнәні, Намаз бөлімі, №1064 хадис; 
Тирмизи сүнәні, №345 хадис.


Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
19
Ифтитах (намазға бастау)
тәкбірі және Қиям
Намазда тік тұру (қиям) – парыз. Алла тағала Құран 
кәрімде: «Аллаға бойұсынған күйде тұрыңдар»
29
, – 
деген. Ықылас білдіріп, ниет еткеннен кейін тік тұрып, 
«Аллаһу әкбәр» деп, тәкбір алады. Бұны «Ифтитах 
тәкбірі» дейміз.
1. Ифтитах – “бастау”, “жабық нәрсені ашу” деген 
мағынаға саяды. Ифтитах тәкбірі – намазға бастарда 
алынатын тәкбір. Дәлірек айтқанда, ниет ете салысымен 
тік тұрған күйі «Аллаһу әкбар» сөзін айтып, құлақ 
қағуды білдіреді. Әрі бұны «Тахрима тәкбірі» деп те 
атайды
30

Тахрима тәкбірі – “харам етуші”, “тыйым салушы 
тәкбір” дегенді білдіреді. Бұл дегеніміз, «Аллаһу әкбар» 
деп намазды бастағаннан кейін, намазға қатысы жоқ 
іс-әрекеттерден тыйылады деген сөз. Намазды осылай 
бастау – парыз
31
. Онсыз намаз оқылмайды
32
.
Хазірет Әлидің риуаят етуі бойынша Пайғамбарымыз 
(с.а.у.):
”ُميِل ْسَّتلا اَهُليِلْحَتَو ، ُريِبْكَّتلا اَهُميِرْحَتَو ، ُروُهُّطلا ِةلا َّصلا ُحاَتْفِم
دواد وبا هاور
29
«Бақара» сүресі, 238-аят. 
30
М.Исаұлы, Қ.Жолдыбайұлы, Ислам ғылымхалы, 139-бет. 
31
Марғинани, Хидая, Бабу Сыффатис-салә – 1/302-бет. 
32
әл-Мәйдани, Лүбаб – 1/65-бет. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет