Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі 1 ДӘлел-дәйектерімен намаз оқУ Үлгісі


Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі



Pdf көрінісі
бет33/84
Дата28.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#35811
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   84
Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
54
аяты болып есептелінеді). Оған дәлел ретінде, Ибн Мә-
жәда келген бір хадисте Сахаба Әбу Һурайраның айтуы 
бойынша Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: 
«Алла тағала былай дейді: «Мен намазды Өзіммен 
құлымның арасында екі бөлімге бөлдім. Бірінші бөлімі 
мен үшін, екінші бөлімі пендемнің тілектері үшін... 
Пенде «Әлхамдулиллаһи раббиль алямин» дегенде 
Алла тағала: «Құлым маған шүкір айтты, оған да 
сұрағаны беріледі», - дейді...»
95
.
Осы хадиске қарасақ, фатиха сүресі «бисмилләсіз», 
«Әлхамдулиллаһи раббиль алямин» деп басталған. 
Егер де фатиха сүресінің бір аяты болғанда оны да 
міндетті түрде тілге алар еді. Демек, «бисмиллә» фатиха 
аяттарының бірі емес. Ол өз алдына аят болғанымен, 
тек сүре араларын бөліп тұрушы рөлін ғана атқарады.
Ешбір сүреге қатысы жоқ.
3. Әр рәкәғатта фатихадан бұрын іштей «бисмиллә»
айтылады. «Бисмилләны» фатиханың бір аяты санаған 
риуаятты да назарға ала отырып, Имам Әбу Юсуф пен 
Имам Мұхаммад әр фатихадан бұрын бисмилләны 
айту уәжіп деген
96
. Осыған қарап кей ғалымдарымыз: 
«Дұрысы әр рәкәғат басында фатихадан бұрын бисмил-
ләны айту керек. Егер фатиха басында ұмыты-лып
айтылмай қалса намаз соңында сәһу сәждесін жасау 
керек»,– деген
97
.
95
Ибн Мәжә, Китәбул Әдәб, №3784-хадис. 
96
Әл-Кәсәни, Бадаиғ – 2/33-37 бет 
97
Әл-Айни, әл-Биная – 2/208 бет. 


Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
55
4. Фатихадан кейін оқылатын қосымша сүренің басында 
«бисмилланы» айтудың қажеті жоқ. Бұл Имам Ағзам 
Әбу Ханифа мен Имам Әбу Юсуф бойынша. Ал, Имам 
Мұхаммедтің тұжырымына қарағанда, іштей оқылатын 
намаздарда қосымша сүренің алдында да бисмилланы айту 
абзал
98
.
5. Намазда «сәнә» дұғасы және «әғузу» мен «бис-
миллә» үнемі іштей айтылуы тиіс. Өйткені, бізге Пай-
ғамбарымыздан солай жеткен.
َمَّل َس َو 
ِهْيَلَع َُّللها ىَّل َص َِّللها ِلو ُسَر َفْلَخ ُتْيَّل َص َلاَق ٍسَنَأ ْنَع َةَداَتَق ْنَع 
ُرَه ْجَي ْمُهْن
ِم اًدَحَأ ْعَم ْسَأ ْمَلَف ْمُهْنَع َُّللها َي ِضَر َناَمْثُعَو َرَمُعَو ٍرْكَب يِبَأَو 
ِمي ِحَّرلا ِنَمْحَّرلا َِّللها ِم ْسِب
Сахаба Әнәс ибн Мәлік (р.а.) былай дейді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет