Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
127
рәкағат намаз оқитын еді. Және ол (ибн Омар) Алла
елшісі де (с.а.у.) осылай істейтін еді, деп, айтатын»
249
.
Имам Ән-Нәуауи өзінің «әл-Хұласасында» Әбу
Дәуідте риуаят етілген бұл хадисті Бухаридің шартына
сай «сахих», деп,
бағалаған
250
. Бұл риуаяттан жұма
намазының алдында нәпіл немесе сүннет
намазының
оқылатынын аңғарамыз.
Бухаридегі риуаятта Алла елшісі (са.у.): «Әрбір азан
мен қаматтың арасында (сүннет) намаз оқылады»
251
, –
деген. Басқа бір сахих хадисте: «Әрбір парыз намаздың
алдында екі рәкағат намаз оқылады»
252
, – деп, айтылған.
Ибн Хажар жұма намазының алдында оқылатын сүннет
намазға қатысты осы хадисті дәлел ретінде келтірген
253
.
Ендеше, жұма намазының
уақыты кіргеннен кейін
Ханафи мен Шафиғи мәзһабындағыдай төрт немесе
өзге кейбір мәзһабтағылардай екі рәкағат сүннет намаз
оқып жатқан адамға «сенің мынауың бидғат», деп,
қарсы шығу, әсте,
дұрыс емес
254
.
249
Мұхаммед ибн Иса Әбу Иса әт-Тирмизи, Сунанут-тирмиз, 1-том, 294-
бет. «Дарул-ихиаайт-турасил-араби» баспасы, Бәйрут.
250
Әбу
Закария Мұхитдин ән-Нәуауий, Хулаасатул-ахкаам фи муһимматис-
сунан уа қауааъидил-ислам, 2-том, 811-бет. «Муссисатур-рисала»
баспасы, Бәйрут, 1997 ж.
251
Сахихул-Бұхари. 1-том, 225-бет. «Дәру Ибни Кәсир баспасы», Бәйрут,
1987 ж.
252
Мұхаммед
ибн Хиббан ибн Мұхаммед, Сахих ибн Хиббан, 6-том, 208-
бет. «Мүуссатур-рисала» баспасы, Бәйрут, 1992 ж.
253
Ибн Хажар Асқалани, Фатхул-Баари, 3-том, 351-бет.
254
Қ.
Жолдыбайұлы, Дін мен діл-2.