Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі 1 ДӘлел-дәйектерімен намаз оқУ Үлгісі


Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі



Pdf көрінісі
бет79/84
Дата28.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#35811
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84
Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
125
сүннет намаздары болатыны секілді жұма намазының 
парызының да алдында және соңында сүннет намазы 
оқылатыны айтылған
244

Имам ән-Нәуауи өзінің Мүслім сахихына қатысты 
жазған «әл-Минһаж» атты түсіндірмесінде: «бесіннің 
алдында оқылатын сүннет намазды жұманың алдында 
да оқу – сүннет», – деген.
اعبرأ اهدعبو اعبرأ ةعمجلا لبق يلصي للها لوسر ناك لاق يلع نع
Әлиден (р.а.): «Алла елшісі (с.а.у.) жұманың 
алдында және соңында төрт рәкағаттан намаз 
оқитын еді» дегені риуаят етілген
245
. Бұл риуаяттың 
тізбегіне Хафиз Зәйнуддин әл-Ирақи «жәййд», деп, оң 
баға берген
246
.
Сондай-ақ, Алла Елшісінің (с.а.у.) жанынан бір 
елі ажырамаған ғалым сахаба Ибн Мәсғұдтың жұма 
намазының алдында һәм соңында төрт рәкағат намаз 
оқығандығы сахих жолмен риуаят етілген.
اهدعبو تاعكر عبرأ ةعمجلا لبق يلصي ناك دوعسم نب نأ ةداتق نع 
تاعكر عبرأ 
244
Бадруддин Әбу Мұхаммед Махмуд ибн Ахмет әл-Ъайни, Ъумдатул-Қаари 
шарху Сахихил-Бұхари, 5-том, 126-бет. «Дарул-фикр» баспасы, Бәйрут, 2005 
ж. 
245
Сүлеймен ибн Ахмет ибн Айуб Әбіл-Қасым әт-Табарани, әл-Мұъжамул-
әусат, 2-том, 172-бет. «Даарул-харамайн» баспасы, Каир. Һижри 1415 ж.
246
Зәйнуддин Әбул-фадл Әбдірахым ибн әл-Хұсейни әл-Ирақи, Торхут-
тасриб фи шархит-тақрииб, 3-том, 36-бет. «Дарул-кутубил-илмия» 
баспасы, Бәйрут, 2000 ж.


Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
126
Қадатадан (р.а.) «Абдуллаһ ибн Мәсғұд (р.а.) 
жұманың алдында төрт рәкағат және соңында 
төрт рәкағат намаз оқитын еді»
247
дегені риуаят 
етілді. Ибн Хажар Асқалани бұл хабарды «сахих», 
деп, бағалаған. Тіпті, Әбдіразақтың мұсаннафында 
Ибн Масғұдтың жұманың алдында және соңынан төрт 
рәкағат сүннет намаз оқуды бұйыратындығы риуаят 
етілген. Ибн Масғұд Алла елшісінен (с.а.у.) жұма 
намазының алдында және соңында сүннет намаздар 
жайлы қандай да бір хадисті білгендігінен оқыған, 
деп, батыл топшалауымызға болады. Алла елшісінің 
ұдайы қасынан табылатын сахабаның жұма намазында 
оқылатын сүннет намаздарына қатысты әдетін Ибн 
Мүбарак, Сұфиянус-сәури сынды табиғиндер де ұстан-
ған
248
.
اَهَدْعَب يِّل َصُيَو ِةَعُمُجْلا لبق َة َلا َّصلا ُليِطُي َرَمُع نب ناك لاق ٍعِفاَن نع 
ناك ملسو هيلع للها ىلص ِ َّللها َلو ُسَر َّنَأ ُثِّدَحُيَو ِهِتْيَب يف ِنْيَتَعْكَر 
كلذ ُلَعْفَي
Нафиътан риуаят етілді. Ол былай деді: «Абдуллаһ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет