Дене тәрбиесі құралдарының жалпы сипаттамасы



Дата06.10.2022
өлшемі58,88 Kb.
#41638
Байланысты:
дене тәрбиесі 201-топ

Дене тәрбиесі құралдарының жалпы сипаттамасы

Орындаған: Абсанова Динара

Есенгелдиева Балнур

Айбазарова Камила

Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесіндегі гигиена

  • Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі міндеттерін шешу үшін гигиеналық факторлар, жаратылыстың табиғи күштері, дене жаттығулары т.б пайдаланылады. Дене тәрбиесін толыққанды игеруге барлық құралдарды кешенді түрде қолданған кезде қол жетеді. Өйткені олардың әрқайсысы адам ағзасына әсері әртүрлі болады. Гигиеналық факторлар – (оқу әрекеті, демалыс, тамақтану және ұйықтау тәртібі, киім, аяқ киім, дене тәрбиесіне арналған құрал-жабдықтар гигиенасы және т.б.) дене тәрбиесін тәртіпке келтіретін ерекше құралдардан құрылған. Олар дене тәрбиесімен айналысушылардың ағзасына дене жаттығуларының тигізетін әсерін арттырады.

Мысалы:

  • нәрлі және уақытылы тамақтану кезінде дене жаттығулары сүйек пен бұлшық ет жүйесінің дамуына жақсы әсерін тигізеді.
  • Ұйқының қанық болуы тынығуды қамтамасыз етеді
  • жүйке жүйесінің жұмыс қабілетін арттырады.
  • Барлық ағза мен жүйелердің қалыпты жұмыс істеуіне жәрдемдеседі.
  • Ағзаға қоректік заттарды дер кезінде жеткізіп тұруды қамтамасыз етеді.
  • баланың қалыпты өсуіне және дамуына жағдай жасайды.

Жаратылыстың табиғи күштері

  • Жаратылыстың табиғи күштері (күн, ауа және су) дене жаттығуларының ағзаға жағымды әсерін күшейтеді және адамның жұмыс қабілетін арттырады. Ауада немесе суда (жүзу) дене жаттығуларымен айналысу процесінде жеке ағза мен ағза жүйелерінің қызмет ету мүмкіндіктері артады (оттегі көп сіңіріледі, зат алмасу күшейеді, т.б.) Күн, ауа және су ағзаны шынықтыру үшін пайдаланылады, соның нәтижесінде адам ағзасы метеорологиялық әртүрлі өзгерістерге дер кезінде, жауап беру, шымырқану, тітіркену қабілетіне ие болады.

Күн сәулесі тері астында Д витаминінің жиналуына себепші болады, әртүрлі микробтарды өлтіреді және адамды аурудан (мешел т.б.) сақтайды. Жаратылыстың табиғи күштерін мейлінше орынды пайдалана отырып қолдану керек. Дене тәрбиесі міндеттерін шешуде дене тәрбиесі құралдарын сауықтыру жұмыстарына тиімді пайдалану – балалардың жан-жақты үйлесімді дамуында өз нәтижесін береді және тиісті міндеттерін іске асыруда ұйымдастастырылатын жұмыс моделінің құрылымына байланысты жүргізіледі

  • Күн сәулесі тері астында Д витаминінің жиналуына себепші болады, әртүрлі микробтарды өлтіреді және адамды аурудан (мешел т.б.) сақтайды. Жаратылыстың табиғи күштерін мейлінше орынды пайдалана отырып қолдану керек. Дене тәрбиесі міндеттерін шешуде дене тәрбиесі құралдарын сауықтыру жұмыстарына тиімді пайдалану – балалардың жан-жақты үйлесімді дамуында өз нәтижесін береді және тиісті міндеттерін іске асыруда ұйымдастастырылатын жұмыс моделінің құрылымына байланысты жүргізіледі
  • Дене жаттығулары – дене тәрбиесінің негізгі құралы. Дене жаттығулары адамға жан-жақты әсер етеді: олар адамның дене жағдайын өзгертеді, адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық және еңбек тәрбиелерінің міндеттерін жүзеге асыруға, сондай-ақ психикалық қасиеттерді дамытуға себепші болады. Би музыкамен сүйемелдене отырып, ағзаның барлық жүйесіне әсерін тигізеді, дененің ептілік, шапшаңдық икемділік секілді қасиеттерін дамытады, сондай-ақ, қимыл-қозғалыстардың жарасымдылығын, еркіндігін, мәнерлілігін қалыптастырады.
  • Массаж (сипау, сылау, уқалау, шапалақтау т.б.) теріге, бұлшық етке, сүйек жүйесіне әсер етеді, тыныс алуды күшейтеді, қан айналымын, зат алмасуын, т.б. жақсартады.

Әртүрлі жас кезеңдеріндегі дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асырудың тиімділігі негізгі және қосымша құралдарды дұрыс үйлестірген кезде арта түседі. Мәселен, бала өмірінің алғашқы үш айында гигиеналық факторлардың және жаратылыстың табиғи күштерінің маңызы мейлінше мол, бұдан кейін дене жаттығуларының және алуан түрлі іс-әрекеттің рөлі артады.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет