«Дене тәрбиесін оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы



бет22/28
Дата20.05.2022
өлшемі173,55 Kb.
#35136
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28
Сурет салу: 14/a/, 15/a/, 16/a/, 17/a, б/.
Тексеру сұрақтары:
1.Бас сүйегінің ми бөлігіне қандай сүйектер кіреді?
2.Бас сүйегінің бет бөлімі, бұған қандай сүйектер кіреді?
3.Адамда ми бөлімі мен бет бөлімінің ара қатысы қандай? Ол неге байланысты?
4.Бет сүйектерінің құрылысына сипаттама беру.
5.Ми сауыты сүйектерінің құрылысына сипаттама беру.
6.Сол жақ самай сүйегін оң жақтан қалай айыруға болады? Күрделі құрылысы неге байланысты?
7.Сүйектердің пішініне қарай атқаратын қызметін қандай белгілер арқылы анықтауға болады?
8.Бас сүйегінің ішкі құрылысы мен сыртқы құрылысының ерекшеліктері неде?
9.Көз, мұрын және ауыз қуыстары қандай сүйектерден тұрады? Қандай қуыстарымен және шұңқырларымен байланыстары бар?


3. Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Қаңқаның жоғарғы бөлімі (сүйектері).
Мақсаты:Жоғарғы бөлімінің құрылысы мен жалғамаларын меңгеру, иық белдеуі мен қол сүйектерінің құрылысынын жануарлардан ерекшелігін анықтау.
Жоспары: 1.Иық белдеуі мен қол сүйектерінің орналасуы. Жоғарғы бөлімінің тұлға сүйектерімен байланысы. 2.Жауырын мен бұғана сүйектерінің құрылысы. 3.Қол сүйектерінің (саусақ) құрылысы, ерекшелігі. 4.Буындар: иық, шынтақ, білезік олардың құрылысы, пішіні, айналу біліктері және қозғалыстары.
Жабдықтау: 1.Қаңқаның жоғарғы бөлімінің сүйектері.
2.Бөлек сүйектер.
3.Қол сүйектері.
Таблицалар мен планшеттер.
Сурет салу: 7 /a,б/; 8/a/; 9.
Тексеру сұрақтары:
1.Жоғарғы бөлімнің сүйектерін атау.
2.Иық белдеуінің сүйектерінің құрылысы.
3.Оң жақ бұғананы сол жақ бұғанадан қалай айыруға болады?
4.Иық белдеуінің қандай буынға жататынын айқындау.
5.Шынтақ буыны қандай сүйектерден тұрады? Қандай айналу біліктері бар?
6.Білезік буыны қандай сүйектерден тұрады? Бұнда қандай айналу біліктері бар?


4. Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Қаңқаның төменгі бөлімі (сүйектері).
Мақсаты.Жамбас белдеуі мен аяқ сүйектерінің құрылысын жалғану ерекшеліктерін меңгеру, оның иық белдеуі мен қол сүйектерінен ерекше құрылысын салысырып сипаттама беру.
Жоспары: 1.Жамбас белдеуі мен аяқ сүйектеріне жалпы шолу жасау. Олардың өзара орналасуы.
2.Жамбас сүйектерінің құрылысы, топографиясы.
3.Жамбас сүйектерінің тұлға сүйектерімен жалғасуы.
4.Буындар: жамбас, тізе, толарсақ олардың құрылысы, пішіні, айналу біліктері және қозғалыстары.
Жабдықтау: 1.Қаңқаның төменгі бөлім сүйектері.
2.Бөлек сүйектер.
3.Аяқ сүйектері.
Сурет салу: 10, 11/б/, 12 /а,б/, 13.
Тексеру сұрақтары:
1.Төменгі бөлімнің сүйектерін атау.
2.Жамбас белдеуінің сүйектерінің құрылысы.
3.Жамбас белдеуінің тұлға сүйектерімен жалғануы.
4.Төменгі бөлімнің жалғамалары қандай буындарға жатады?
5.Тізе буынының ерекшелігі неде?
6.Жалпақ табандылық деген не, және оны қалай болдырмауға болады?


5. Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Бас пен мойын бұлшық еттері.
Мақсаты:Бас пен мойын бұлшық еттерінің топографиясы, атқаратын қызметін меңгеру.
Жоспары: 1.Бас бұлшық еттері. Шайнау бұлшық еттері, топографиясы, бекитін жерлері.
2.Ымдау бұлшық еттері, топографиясы беку ерекшеліктері.
3.Мойын бұлшық еттері, топографиясы, бекитін жерлері және атқаратын қызметтері.
Жабдықтау: 1.Бас пен мойын муляждары
Таблицалар мен планшеттер.
Сурет салу: 27, 28, 29, 30 /a,б/.


Тексеру сұрақтары:
1.Бастың бұлшық еттері қандай топтарға бөлінеді?
2.Шайнау бұлшық еттерін атау, басталатын жері мен бекитін жері және атқаратын қызметтері.
3.Мойын бұлшық еттерін атау, атқаратын қызметтерінің ерекшеліктері.
4.Тіл асты сүйегіне бекитін бұлшық еттерді атау және олардың басталатын және бекитін жерлерін көрсету.
5.Терең орналасқан мойын бұлшық еттері, олардың атқаратын қызметтері.
6.Мойын фасциялары және олардың құрылысы.


6. Зертханалық жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет