6.Практикалық, семинарлық сабақтарға әдістемелік нұсқаулар Жоспарланбаған 7.Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар. Бұл курс бойынша негізінен тірек –қимыл аппаратының негізгі құрлысы мен қозғалысы, бұлшық еттер жүйесінің дамуына көп көңіл бөлінеді.Соның ішінде қозғалыс аппаратының қызметтік принципі, оның қозғалысының ерекшеліктері сол арқылы ағзаның дамуына әсері зерттелінсе, ішкі органдар жүйесі ас қорыту, тыныс алу, зәр шығару, қан тамырлар жүйесі негізгі қозғалыс аппаратын басқаратын құрлым жүйесінің ерекшеліктері оқытылады. Студенттерге осы ішкі жүйе мен сыртқы жүйесінң бірлестігі мен қызметтік жүйесінің байланысы мен үйлесімділікте біртұтас ағза ретінде дамуын түсіндіру ең маңызды рол атқарады. Бұл пән дәрістік және зертханалық сабақтар және студенттердің өз бетімен жұмысы ретінде оқытылады. Дәріс мазмұнында пәннің жалпы теориялық негізі қаланса, зертханалық сабақтар өткізгенде дәріс жүйесінде алған білімдерін практика жүзінде шыңдайды. Әрбір студент дене қозғалысына анатомиялық талдау жасап, олардың даму ерекшеліктеріне статистикалық мәлімет бере отырып, антропометриялық әдістермен зерттеу жолдарын үйренеді. Дене компонентерінің салмағын өлшеу, өздігінен оқытушының көмегімен анатомиялық өлшеу әдістерін жүргізуге үйренеді.
СОӨЖ сабақтарға әдістемелік нұсқаулар - тақырып
- мақсаты
- өткізу түрі
- тапсырмалар, сұрақтар
- әдістемелік нұсқаулар
- пайдаланатын әдебиет
8.Типтік есептеу, графикалық жұмыс, зертханалық жұмыс, курстық проект (жұмыс) орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар.
Практикалық сабақтарда іс жүзінде асыруға болатындай жағдайларда оқу үрдісінің кезінде көрсетіледі немесе нақты тапсырманы орындау барысы толығымен түсіндіріледі.
Семинар сабақтарында көбінесе теория жүзінде жауаптар алынып, бағаланып жалпы білімдері тексеріледі.
Барынша барлық тақырыптарға көрнекілік материалдар қолдану.
№ 1. Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Қаңқа.
Мақсаты: Омыртқа жотасының және көкірек қуысының құрылысымен танысу. Олардың құрылысы мен дамуына әртүрлі факторлардың әсері.
Жоспары: 1.Омыртқа жотасының құрылысы-жалпы көрінісі, бөлімдері, омыртқалардың әр бөлімдегі құрылысы. Сегізкөз бен құйымшақ, олардың ерекше құрылысы. Омыртқалардың жалғануы: омыртқааралық дискілер, буындар (ауыз омыртқа-шүйде, ауыз омыртқа-эпистрофей, басқа омыртқалар арасындағы буындар). Сіңірлер (жалғама дәнекерлер).
2.Омыртқа жотасының иіндері. Сымбат, оның түрлері.
3.Көкірек қуысының құрылысы: қабырғалардың құрылысы, төс сүйегі. Ерекшеліктері. Қабырғалардың омыртқалармен және төс сүйегімен жалғануы.
Жабдықтау: 1.Қаңқа түгел. 2.Бөлек сүйектер. 3.Омыртқа жотасы.
Кестелер, планшеттер.
Сурет салу: Адам анатомиясы. М.М.Курепина, Г.Г.Воккен. Атлас. 3/ а,б, в, г, д; 4/а, в, д
Тексеру сұрақтары: 1.Омыртқа жотасының құрылысы және маңызы неде?
2.Бөлімдері және олардың ерекшеліктері.
3.Омыртқалардың ортақ және жеке құрылысындағы ерекшеліктері.
4.Омыртқа тесіктері. Омыртқа арнасы, қалай құралады? Қайдан басталып, қайдан аяқталады?
5.Омыртқа жотасы қандай себептерден қисаюы мүмкін? Қалай алдын алуға болады?
6.Сегментарлық құрылысын қалай түсіндіруге болады? Барлық бөлімдері сондай ма? Дәлелдеңдер.
7.Омыртқа жотасындағы қозғалыстар.
8.Қабырғалар мен төс сүйегінің құрылысы.
9.Көкірек қуысының пішіні мен қозғалысы неге байланысты?
№ 2. Зертханалық жұмыс Тақырыбы: Бас сүйегі.
Мақсаты: Ми сауыты мен бет сүйектерінің құрылысымен танысу.
Жоспары: 1.Ми сауытына жалпы шолу, құрылысының басқа сүйектерге қарағанда ерекшеліктері.
2.Ми сауыты сүйектерінің құрылысын меңгеру.
3.Бас сүйегінің бет сүйектері (жұп пен тақ, қозғалмалы және қозғалмайтын).
Жабдықтау: 1.Адамның бас сүйегі. 2.Ми сауытының төбесі мен табаны (бөлеек). 3.Боялған ми сауыты сүйектері. 4.Бас сүйегінің жалғамалары. Жіктер, түрлері.
Таблицалар мен планшеттер.