Жабдықтау: 1.Бас мидың препараттары
2.Бас мидың модельдері.
Таблицалар мен планшеттер.
Сурет салу: 77 /a/, 78, 80, 82.
Тексеру сұрақтары:
1.Бас мидың жалпы құрылысы. Оның бөлімдері.
2.Ми діңін қандай бөлімдер құрайды?
3.Сопақша мидың құрылысы мен маңызы.
4.Көпірдің құрылысы және маңызы.
5.Мишықтың құрылысы және атқаратын қызметі.
6.Орталық мидың құрылысы және атқаратын қызметі, аяқтары және төмпешіктері.
7.Аралық ми, оның құрылысы.
8.Үшінші қарынша оның маңызы.
9.Бас ми қарыншаларының өзара және басқа қуыстармен байланысы.
10.Сопақша мида қандай маңызды орталықтар орналасқан?
№ 13. Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Үлкен ми шеңберлері.
Мақсаты: Үлкен ми шеңберлерінің құрылысын, ақ зат пен сұр заттың орналасуын меңгеру.
Жоспары: 1.Үлкен ми шеңберлеріне жалпы сипаттама беру.
2.Ми қыртысының микроқұрылысы.
3.Базальді ядролардың топографиясы, құрылысы.
4.Үлкен ми шеңберлерінің өткізгіш жолдары.
5.Ми қабықтары.
Жабдықтау: 1.Мидың препараттары мен модельдері.
Таблицалар мен планшеттер.
Сурет салу: 86 /a, б/, 87 /a, б/, 88.
Тексеру сұрақтары:
1.Үлкен ми шеңберлерінің құрылысының ерекшелігі неде?
2.Қандай жазықтықтар мен үлестер бар?
3.Негізгі қатпарлар мен сайлар, олардың маңызы.
4.Ақ зат пен сұр заттың орналасу ерекшелігі неде?
5.Бас ми қыртысының микроқұрылысы.
6.Бас ми қыртысының жазықтықтары, анализаторлар ядролары, олардың орналасуы.
7.Базальді ядролар топографиясы және құрылысы.
8.Бүйір қарыншалардың құрылысы және атқаратын қызметі.
9.Бас мидың өткізгіш жолдары, маңызы.
10.Өткізгіш жолдарды атап, оларға сипаттама беру.
№ 14. Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Жұлын нервтері. Бас мидан шығатын нервтер.
Мақсаты: Жұлын мен бас мидан шығатын нервтердің құрылысын, тарайтын аудандарын, топографиясын меңгеру.
Жоспары: 1.Жұлын нервтеріне жалпы сипаттама беру.
2.Жұлын нервтерінің құрылысы, тарамдары.
3.Өрімдердің құрамы, түрлері.
4.Бас ми нервтеріне жалпы сипаттама беру.
5.Бас ми нервтеріне классификация беру.
Жабдықтау:1.Адам қаңқасы, омыртқа жотасы (модель).
2.Бас сүйегі. Шынайы препараттар, муляждар.
Таблицалар мен модельдер.
Сурет салу: 93.
Тексеру сұрақтары:
1.Жұлын нервтеріне жалпы сипаттама беру.
2.Жұлын нервтері қандай тарамдарға бөлінеді?
3.Қандай жұп өрімдер белгілі және олар неден құралған?
4.Құйымшақ өрімі неден тұрады және қандай тарамдар береді?
5.Дененің жоғарғы бөлімі қалай нервтендірілген?
6.Дененің төменгі бөлімі қалай нервтендірілген?
7.Бас ми нервтерінің орталықтары қайда орналасқан?
8.Бас ми нервтерінен шығатын нервтер қайда барады?
9.Бас ми нервтерінің түйіндері қайда орналасқан?
№ 15. Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Үлкен қан айналу шеңберінің артериялары.
Мақсаты: Үлкен қан айналу шеңберінің артерияларының топографиясын және орналасу заңдылықтарын меңгеру.
Жоспары: 1.Адамның қан тамырлар жүйесінің жалпы жоспарын анықтау.
2.Бас пен мойынды қанмен қамтамасыз ету.
3.Дененің жоғарғы бөлімін, көкірек, құрсақ және ішкі мүшелерді қанмен қамтамасыз ету.
4.Дененің төменгі бөлімін қанмен қамтамасыз ету.
Жабдықтау: 1.Адам қаңқасы (модель).
Таблицалар, планшеттер және модельдер.
Сурет салу: 61, 62, 64.
Тексеру сұрақтары:
1.Қолқа қандай бөлімдерге бөлінеді?
2.Қолқаның өрлеме бөлімінен қандай артериялар шығады?
3.Қолқаның доғасынан қандай артериялар шығады?
4.Көкірек қолқасынан қандай тарамдар шығады және қанмен қалай қамтамасыз етеді?
5.Ішкі және сыртқы ұйқы артериясының негізгі тармақтары және қанмен қамтамасыз ету.
6.Бас миды қанмен қамтамасыз ету.
7.Жұлынды қанмен қамтамасыз ету.
8.Дененің жоғарғы бөлімдері қалай қанмен қамтамасыз етіледі?
9.Өкпені қандай қан тамырлары қанмен қамтамасыз етеді?
10.Дененің төменгі бөлімдері қандай қан тамырларымен қамтамасыз етіледі?
9.Студенттердің өзіндік жұмысына арналған материалдвр: үйге берілген тапсырмалардың мәтіні, әр бір тақырып бойынша өзін-өзі тексеру материалдары, реферат т.б. ұй жұмыстары бойынша тапсырмалар, әдебиет тізімі және арналған уақыт көлемі.
СӨЖ-дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу үрдісінің ерекше бір түрі.
СӨЖ-шығармашылық белсенділікті, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін сарамандық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты болып табылады.
СӨЖ оқытушының қатысуымен (ОЖСӨЖ) аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс (СӨЖ) сабақтардан тұрады.
СӨЖ материалдарының түрлері кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен дайындалып, келесі құжаттарды қамтиды:
Пәннің оқытылу кезеңін түгел қамтитын СӨЖ кестесі;
Типтік және жұмыс оқу бағдарламаларының негізгі бөлімдеріне сай келетін тапсырмалар жүйесі;
Рефераттардың, баяндамалардың, шығармашылық жұмыстардың тақырыптары;
Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі;
Кеңес түрлері;
Бақылау түрлері;
Бағалау критериялары, орындалатын жұмыстардың көлемі және оны тапсыру уақыты ж.т.б.
СӨЖ-дің ұйымдастыырылуы:
Библиографиялық мәліметтерді өңдеумен (картотеканы дайындау);
Жазбаша жұмыстарды дайындаумен (реферат, баяндама, бақылау тапсырмалары, аннотация);
Ғылыми жобаны өңдеумен (семестрлік, курстық, дипломдық жұмыстар, проблемалық мақалалар);
Виртуальдық жұмыстарды іздестірумен (интернет жүйесі және жергілікті желі арқылы);
Жеке аудированиямен (лингофон және медиатека арқылы);
Электрондық курстың материалымен танысып оны меңгеру (компьютерлік жүйе арқылы);
Лабораториялық тәжірибені енгізумен байланысты (спорттық кешен арқылы).
Тақырыптары, тапсырмалары, түрлері, сағат саны көрсетілген өзіндік жұмыстар силлабусқа енгізілген.
Достарыңызбен бөлісу: |