Денсаулық сақтау технологиялары мектеп жасына балалардың қимыл әрекетін белсендету ретінде



бет6/27
Дата25.11.2023
өлшемі195,35 Kb.
#127931
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
РЕФЕРАТ О 10 НЕД

Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын - сауығының бір түрі. Оның бастауы алғашқы қауымдық қоғамда шыққан. Ұлттық ойындар негізінде әр халық түрлі – түрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығын жақсартуда пайдалы аса күшті екені ақиқат. Ұлттық ойындар – ата – бабаларымыздан бізге жеткен байлығымыз, асыл қазынамыз.
Сондықтан, үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, ұштаса береді. Қазақ халқының ұлттық ойындарының ерекшелігі жайлы мына ғалымдардың еңбектерінен көрініс табуға болады:
Д.В.Хухлеваның пікірінше, дене шынықтыру жаттығуларын ойынмен ұштастырған сәтте баланың тұрақты іс-әрекетке бейімділігінің қалыптасуы нақ көрінеді, сондықтан дене тәрбиесі күнделікті қажеттілік болумен қатар денсаулықтың, шыдамдылықпен тез қимыл іс- әрекеттің символы болып табылады.
А.И.Левшин «қазақ халқының шыдамды, мықты болып өсетінін еңбегінде былай бейнелеген: «қазақ халқының өмірі үнемі мал бағумен, табиғатпен, таза ауада тіршілік етумен өмір өткізуі олардың дене бітімінің зор, күшті болып өсуіне себепкер болған. Сондықтан да олар суыққа, ыстыққа төзімді, көп жасайды. Атқа мініп жүруді балалары жастайынан үйренген. Олар үшін атқа шабу гимнастикалық жаттығулардың бір түрі сияқты болып кеткен».
З.М.Богуславская, Е.О.Смирнова еңбектерінде 3-4 жастағы балалардың ой-өрісін дамытып, дене қимылын жақсартатын ойын түрлерін ұсынады. Олар дамыту ойындарының бірнеше талап бағыттарын көрсетеді. Аталған авторлар: «баланың ой-өрісінің жан-жақты дамуына ойын элементтерін дене тәрбиесі сабақтарында аз-аздан енгізе отырып, келесі сәтте ойлану
28

ойындарына өтіп оқу –тәрбиелік процесінде жалғастырған жағдайда ол өз жемісін береді» деген пікір айтқан.


3-5 жас аралығындағы баланың салауатты өмірінің қалыптасуындағы басты фактор оның қимыл-қозғалыс әрекетінің қаншалықты дұрыс жолға қойылғандығымен байланысты. Себебі қимыл қозғалыс жаттығулары бұлшық еттерге қан жүгіртіп, ағза қорегін арттырады [72].
Балалар үшін қозғалыс әрекеті үлкен мұқтаждық болып табылады. Қозғалыс - бала үшін үлкен бір қуаныш көзі, сондықтанда қимыл күші оның денесін қатайтумен қатар психикалық дамуына үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың мұндай қозғалыстарын дұрыс жоспарлап оны іске асыру балалардың қимыл дағыдыларын дұрыс қалыптастыруға, саналы қозғалыстарды көбейтуге, ағзаның бейімделу қабілетіне әсер етеді.
Қимыл-қозғалыс ойындары, мысалы «Көрші», «Ақ серек, көк серек», «шыт тастау», «ине жасырмақ», «белбеу тастау» сияқты қазақ халқының ежелгі ұлттық ойындары бала денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, батылдыққа, ептілікке, төзімділікке, дер кезінде тез ойланып, тиімді амал, ақылды шешім, әдіс таба білуге машықтандырады.
Ертеден келе жатқан спорттық қимыл-қозғалыс ойындарының бірі қазақша күрес. Екі топтан шыққан екі бала қоян-қолтық ұстасып, аяқтан шалу, жамбасқа түсіру, көтеріп алып жауырынға жатқызу тағы сол сияқты айла-тәсілдер қолданып, бір-бірінің жауырынын жерге тигізгенге дейін күреседі.
Бұл қимыл-қозғалыс ойындары баланың денесін, бұлшық еттерін жатықтырып қана қоймайды, сонымен бірге ойын үстінде баланы өзін-өзі жаттықтыруға үйретеді. Соның нәтижесінде баланың нақтылы мақсатқа, яғни ойынға қатысқан әр баланың алдына жеңіске деген ұмтылысы пайда болады.
Балалардың белсенділігі артып, алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік-қайраты артады. Олай болса, мектепке дейінгі оқыту процесінде барлық дене тәрбиесі жаттығуларын, соның ішінде ұлттық ойындарды тиімді ұйымдастыруды бала денсаулығын нығайтудың зор мүмкіндігі ретінде қарастыруға болады.
Қазақтың ұлттық ойындары - адам ағзасы үшін өте маңызды, бағасы жоқ сауықтыру, денсаулықты нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастырудың бірі. Адамның морфологиялық-физиологиялық дамуында, эндогенді, экзогенді факторларға қарсы тұруына, тұлғаның жалпы салауатты дамуына тигізер маңызы мол.
Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздай жанған оты. Міне, ойын дегеніміз - тынысын кең алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін, адамға қиялмен қанат беретін осындай ғажап нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Ұлттық ойындардың мектеп жасына дейінгі балаларға лайықтары: «Көкпар», «Орамал алу», «Тақия жасыру», «Алтын қақпа», «Ақ серек-Көк серек», «Айгөлек», «Ақ сандық – Көк сандық», «Ақ сүйек» баланың көзін жұмғызып,
29

алаңдағы ағаш ішіне сүйекті лақтырып жіберіп, іздеу т.б. ойындар ойнату арқылы баланы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдылыққа үйрету іске асырылады.


Яғни, таңертеңгі қабылдау кезінен кешке баланың үйге қайтуына дейінгі уақыт аралығындағы күн тәртібіне сәйкес дене тәрбиесі күні бойғы тәрбие түрлерімен біртұтастықта сабақтас жүргізіледі. Сондықтан да, бағдарлама бойынша арнайы өтілетін тақырыптық тәрбие сағаттарының арасында әуелі дене сергіту, жұмыс соңында ырғақты қимыл –қозғалыс ойындарын өткізу көзделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет