Денсаулық сақтау технологияларын кешенді жүргізудің басты мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл-әрекеттерін жетілдіре отыра, оның ағзасын суыққа төзімді болуға жаттықтыру.
Балалар ауруларын төмендетуге мүмкіндіктер жасау үшін педагогтердің кәсіби-шеберліктерін өрлету және де ата-аналармен ынтымақтаса отырып, шынықтыруды кешенді ұйымдастыру. Осындай кешенді іс-шаралар жалпы «Денсаулық сақтау технологиялары» деп аталып барлық білім салаларымен өзара байланысты болады.
Денсаулық сақтау технологияларын жалпы екі топқа бөлуге болады:
1. Медициналық – бұл мед. қызметкерлердің емдік-дене тәрбиесі, физио массаж, су процедуралары және т.б өткізілуі).
2. Педагогикалық - бұл амалдар, әдіс-тәсілдер және қадамдық жүйесінің бірізділігі, яғни әрекеттің жүйесін анықтау, педагогикалық үдерістегі әрекет жүйесінің түрлерін өңдеу, кепілдемелі нәтижеге қол жеткізу болды (сурет 2).
30
2. Педагогикалық денсаулық сақтау технологиялары
Педагогикалық денсаулық сақтау технологияларын топтастырып, оқу тәрбие үдерісінде енгізу қарастырдық (кесте 1).
Динамикалық үзілістерде гимнастика түрлері енуі мүмкін – көзге арналған, тыныс алу, т.б. Тіпті бөлменің безендірілуінің түстері баланың көңіл-күйіне арнайы іс-әрекетсіз-ақ әсерін тигізеді. Осы сипатталған әртүрлі педагогикалық әсерлерді сауықтыру, білім беру және түзету құзыреттіліктері бар.
Педагогикалық технология – бұл амалдар, әдіс-тәсілдер және қадамдық жүйесінің бірізділігі. Баланы тәрбиелеу, білім беру және дамыту міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді. Негізінде нақты әрекет процедура түрінде ұсынылады, яғни әрекеттің жүйесін анықтау, педагогикалық процесіндегі әрекет жүйесінің түрлерін өңдеу, кепілдемелі нәтижені қамтамасыз ету.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымның жұмысының денсаулық сақтау бағытын сипаттау үшін көптеген авторлар «Денсаулық сақтау іс-әрекеті» деген тұжырымдамасын қолданады.
31
Кесте 1. Педагогикалық денсаулық сақтау технологияларын қолдану
Достарыңызбен бөлісу: |