Денсаулық сақтау технологиялары мектеп жасына балалардың қимыл әрекетін белсендету ретінде



бет27/27
Дата25.11.2023
өлшемі195,35 Kb.
#127931
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Зерттеудің әдіснамалық негізін «денсаулық», «денсаулық сақтаушы орта», «денсаулық сақтау технологиялары», «қимыл әрекеті», «қимыл белсенділігі» ұғымдарының мәнін философиялық, психологиялық, медициналық және педагогикалық аспектері бойынша теориялық негізін ашу; тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамыту туралы ілім немесе тұлғалыққа бағытталған әрекет теориясы; жүйелік-тұтастық теориясы тұрғысынан, тұтас педагогикалық үрдіс теориясы құрайды.
Алға қойылған міндеттер мен ұсынылған болжамдарды тексеру үшін зерттеудің мынадай әдістері қолданылды: теориялық – зерттеу мәселесін философиялық, психологиялық – педагогикалық, әлеуметтік, тарихи, медициналық әдебиеттерде, ресми құжаттарда берілуін талдау және зерттеу; эмпирикалық – бақылау, әңгімелесу, сауалнама алу, мектепке дейінгі білім беру ұйымы педагогтерінің озық іс-тәжірибесін зерттеу және жинақтау, педагогикалық экспериментті ұйымдастыру және өткізу.
Зерттеу базасы: Павлодар қаласының №10 балабақшасы. Тәжірибелік жұмыстың әр түріне дене тәрбиесі пәнінің жетекшісі, 28 бала қатысты. Зерттеудің ғылыми жаңалығы қазіргі мектепке дейінгі жастағы балалардың қимыл белсенділігі туралы объективті деректерді жалпылауда,
балалардың қимыл әрекетін белсендендіру үшін денсаулық сақтау технологияларын іріктеп алуда тұрады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы - жинақталған тәжірибені балалардың қимыл әрекетін белсендендіру үшін денсаулық сақтау технологияларын қолдану жолдарын көрсеткенінде.
Бірінші тарауда мәселенің теориялық жағы қарастырылады - «Қимыл әрекеті» ұғымының мәні және оның баланың психофизикалық дамуы мен денсаулығына тигізетін ықпалы.
Эксперименттің іс-жүзіне асу және кезеңдері
1 Дайындық кезеңі. Нормативтік-құқықтық, әдістемелік әдебиетті зерттеу. Басқа білім беру мекемелерінің бұл бағыт бойынша алынған тәжірибесімен танысу. Балалардың денсаулық сақтау деңгейін анықтау.
2 Ұйымдастырушылық кезеңі. Денсаулық сақтау ортаны құру бойынша бағдарлама жасап технологияларға сипаттама беру.Мәселе бойынша тәрбие шараларын жоспарлау. Оқу, тәрбиелеу және дамуға жағдай жасау. Балалардың кешендік диагностикасы. Әдістемелік семинарлармен педкеңес өткізу.
3 Тәжірибелік кезеңі. Денсаулық сақтау технологияларды апробациялау және іс жүзіне асыру. Зерттеу нәтижелеріне аралық бақылау жасау.Ата аналармен жұмыс.
4 этап – Жалпылау. Денсаулық сақтау ортаны құру бойынша тәжірибені жалпылау. Эксперимаенттің қортындысын шығару.
5 Іс жүзіне асыру кезеңі. Бұл жобаның сұранысын және перспективаларын анықтау.
Қорғауға шығарылатын мәселелер
1 «Қимыл әрекеті» ұғымының мәні және оның баланың психофизикалық дамуы мен денсаулығына тигізетін ықпалы, қозғалыс белсенділігінің көрсеткіштеріне көптеген факторлар біріге ықпалын тигізеді.
2 Балалардың қозғалыс белсенділігін арттыру факторы ретінде мектепке дейінгі мекемеде заманауи денсаулықты сақтау технологиялары.
3 мектепке дейінгі оқыту процесінде барлық дене тәрбиесі жаттығуларын, соның ішінде ұлттық ойындарды тиімді ұйымдастыруды бала денсаулығын нығайтудың зор мүмкіндігі ретінде қарастыруға болады.
4 Денсаулық сақтау технологияларын құрайтын әртүрлі сауықтыру іс шараларының бала денсаулығына позитивті әсерінің тиімділігі әдіс тәсілдердің сапасымен емес, оның қаншалықты сауатты жалпы жүйеге кіріктірілгені, бала мен педагог денсаулығына бағытталғандығы, тиімділігімен анықталады.
5 мектепке дейінгі оқыту процесінде барлық дене тәрбиесі жаттығуларын, соның ішінде ұлттық ойындарды тиімді ұйымдастыруды бала денсаулығын нығайтудың зор мүмкіндігі ретінде қарастыруға болады.
Бірінші тарауда мәселенің теориялық жағынан қарастыру-«Қимыл әрекеті» ұғымының мәні және оның баланың психофизикалық дамуы мен денсаулығына тигізетін ықпалы
Қозғалыс белсенділігі ағзадағы зат алмасу үдерістерінің деңгейі мен оның сүйек, бұлшықет және жүрек-тамыр жүйесінің жағдайын анықтайтын негізгі факторларға жатады. Ол денсаулықтың үш аспектісімен тығыс байланысты: физикалық, психикалық және әлеуметтік, олар адам өмірінде әр түрлі рөл атқарады .
Ағзаның қозғалыс белсенділігіне қажеттілігі әркімде әр түрлі және көптеген физиологиялық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени факторларға байланысты болады. Қозғалыс белсенділігіне қажеттілік деңгейі көбінесе тұқым қуалайтын және генетикалық белгілермен анықталады. Ағзаның қалыпты дамуы мен қызмет етуі, денсаулықты сақтау үшін қозғалыс белсенділігінің белгілі бір деңгейі қажет. Бұл аралықта қозғалыс белсенділігінің ең төменгі, оңтайлы және ең жоғарғы деңгейлері болады.
Жалпы алғанда, қозғалыс белсенділігінің көрсеткіштеріне көптеген факторлар біріге ықпалын тигізеді, мұнда дене тәрбиесі мен оңтайлы күн тәртіптемесі, әрекет түрлерін ұтымды ауыстырып отыру, баланың бос уақытын физикалық белсенді демалыспен толтыру маңызды рөл атқарады
Мектепке дейінгі білім беру ұйым әрекетінің басым бағыттарының бірі - әр баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтауға жағдай жасау, балалардың дұрыс эмоционалдық саулығын сақтау, әрбір баланың ерекшелігін сақтауға, педагогикалық сүйемелдеуіне жағдай жасау болып табылады. Осының бәрі – денсаулық сақтау кеңістігі немесе білім беру мекемесінің денсаулық сақтау ортасы деген түсінікке жатады.
Денсаулық сақтау ортасы – баланы икемді дамытатын, қысым көрсетпейтін орта, оның негізіне балалардың эмоционалды жайлы ортасы мен жағымды күн тәртібі жатады. Қазіргі кезде денсаулық сақтау кеңістігі әлеуметтік гигиеналық және психологиялық-педагогикалық, әдеп-этикалық, экологиялық, денсаулықты сауықтыру білім беру жүйелерінің кешенді шаралары деп қарастырылады. Осы кешенді шаралар баланың отбасында, балабақшада, тұрмыстық ортада аман-сау дамуына, психологиялық және физикалық денсаулығына жағдай жасайды.
Сонымен, жұмыс барысында, мектепке дейінгі жастағы баланың қимыл белсенділігіне ықпал тигізетін факторларды қарастыру, болып табылды. Екінші тарауда бала қимылын заманауи педагогикалық денсаулық сақтау технологияларын қолдану арқылы дамыту мәселесі зерделеуге, оларды тиімді пайдалану жолдары айқындалды.
Үшінші бөлімде мектепке дейінгі оқыту процесінде барлық дене тәрбиесі жаттығуларын, соның ішінде ұлттық ойындарды тиімді ұйымдастыруды бала денсаулығын нығайтудың зор мүмкіндігі ретінде қарастырылды. Төртінші бөлімде денсаулық сақтау технологияларын құрайтын әртүрлі сауықтыру іс-шараларының бала денсаулығына позитивті әсерінің тиімділігі әдіс-тәсілдердің сапасымен емес, оның қаншалықты сауатты жалпы жүйеге
кіріктірілгені, бала мен педагог денсаулығына бағытталғандығы, тиімділігімен анықталады.
Бесінші бөлімде тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Павлодар қаласындағы №10 балабақшада 2012-2014 жылдар аралығында шартты түрде 28 адамнан құралатын екі топқа бөлінген 5–6 жасар балалармен өткізілді. Зерттеуге жоғарғы топтағы 28 бала қатысты.
Констатациялау кезеңінде мектепке дейінгі жастағы балалардың қозғалыс белсенділігінің дамуын зерттеу жұмысы жүргізілді. Қалыптастыру кезеңінде мектепке дейінгі жастағы балалардың қозғалыс белсенділігін дамытуға бағытталған педагогикалық жұмыстың мазмұны таңдалды.
Бақылау кезеңінде педагогикалық жұмыстың тиіміділігі бағаланды. Алдыңғы тарауда мектепке дейінгі жастағы балалардың қозғалыс белсенділігінің рөлі мен сипаттамасы қарастырылды. Әзірленген қозғалыс тәртіптемесі мен балалардың қозғалыс белсенділігін басқару әдістерінің тиімділігін тексеру үшін педагогикалық эксперимент жасалды. Мақсаты: 5–6 жастағы балалардың қозғалыс белсенділігінің даму деңгейін анықтау.
Эксперименттік жұмысты жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер қойылды:
1 Балалардың қозғалыс белсенділігін зерттеу үшін диагностиканы іріктеу; 2 Таңдалған әдістеме бойынша балалардың қозғалыс белсенділігінің диагностикасын жүргізу;
3 Алынған нәтижелерді талдау.
Қозғалыс белсенділігін бағалау көрсеткіштер кешені негізінде жүргізіледі:
a жеке хронометраж әдісінің көмегімен анықталатын балалардың қозғалыс белсенділігі уақыты;
b қадам өлшеу әдісін пайдаланып, қозғалыс белсенділігінің көлемін анықтау (қимылдардың – локомоциялар саны);
c қозғалыс белсенділігінің қарқындылығы – бұл бір минутта жасалатын қимылдардың саны. Ол қозғалыс белсенділігінің көлемін (қимылдар санын) оның ұзақтығына (минуттарға) бөлу жолымен есептеледі.
Өткізу жағдайлары: күндізгі уақыттаға қалыпты жағдайда (8.00-ден 17.00-ге дейін).
Қимыл белсенділігін басқарудағы жалпы тәсіл балаларды өздік әрекетке арналған құралдар мен жабдықтарды дайындауда ересектерге көмектесуге тарту, еңбекке баулу; аз қимылдайтын балаларда белсенді әрекетті (дәлізді сыпыру), ал қозғалымдылығы жоғары балаларда - дәл, баяу қимылдарды (түрлі түсті текшелерді әр түрлі жәшіктерге жинау, кегльдерді белгілі бір қашықтыққа қою)туғызатын тапсырмаларды орындау болды.
Қимыл белсенділігін басқарудағы маңызды тәсіл балалардың дербес ойындарына белсенді локомоцияларды талап ететін сюжеттерді енгізу болды, ол қимылы аз балаларда қимыл белсенділігін арттыруға септігін тигізіп,
қозғалымдылығы жоғары балалардың мақсатсыз жүгірістеріне мақсат, саналы бағыттылық берді.
Диагностикалық зерттеу сынау тобындағы қимыл белсенділігінің деңгейін анықтауға бағытталды. Қойылған мақсат пен міндеттерге жету үшін өлшемі қимыл белсенділігінің көлемін өлшеуге мүмкіндік беретін қадам өлшеу әдісі пайдаланылды.Қимыл белсенділігін сапалық зерттеу сабақ уақытында және бос уақытта балаларды бақылау көмегімен жүзеге асырылды.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, эксперименттік топта қимыл белсенділігінің жоғары деңгейі балалардың 28%-да, қимыл белсенділігінің орташа деңгейі балалардың 28%-да, ал төмен деңгейі 43%-да болды. Бақылау тобында қимыл белсенділігінің жоғары деңгейі балалардың 28%-да, орташа деңгейі балалардың 57%-да және төмен деңгейі – 14% -да байқалды.
Қимыл белсенділігінің қалыптасу деңгейін анықтау және олардың негізінде балалардың психологиялық-педагогикалық мінездемесін құру балалар топшаларымен олардың деңгейлерін ескере отырып, сараланған жұмыс жүргізуге және оларың әрқайсысына жеке ыңғайды пайдалануға мүмкіндік берді. Сонымен, ұсынылған мектепке дейінгі жоғары жастағы балалардың қимыл белсенділігін реттеудің педагогикалық тәсілдері балалардың дербес әрекеттерінде әр түрлі дене жаттығуларын ұтымды пайдануына, сондай-ақ қозғалымдылығы орташа және төмен балалардың қимыл белсенділігінің артуына елеулі ықпалын тигізді деп қорытуға болады.
Мектепке дейінгі білім беру сапасы бірнеше факторлардан тұрады: жағдай сапасы, мазмұнның сапасы, нәтиженің сапасы, бірақ осының негізінде педагогтердің кәсіби іскерлігі болып табылады. Сондықтан, денсаулық сақтау мәселелері бойынша педагогтердің құзыреттіліктерін көтеру бағытында жұмыс өткізілді. Медико-педагогикалық отырыстар (Мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын оңтайландыру жолдары»), дөңгелек үстел («Эксперименталдық жұмыс жағдайында оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру), семинарлар («Балалардың әлеуметтік және тұлғалық дамуында валеологиялық мәдениетін тәрбиелеу», «Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде сауықтыру жұмысын үйлесімділеу), кеңестер («Эксперимент барысында денсаулық сақтауға бағытталған әрекетінің дамуы»), шебер-класстар, балалардың психологиялық денсаулық сақтау мәселелері бойынша тәрбиешілер мен ата-аналарға арналған ұсыныстар құрастырылды.
Магистрлік диссертацияның құрылымы-кіріспе, бес тарау,4-теориялық, 1- тәжірибелік , қорытынды,пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Жұмыста 2 сурет, 4 кесте, 82 әдебиеттер пайдаланған. Жалпы диссертация көлемі 71 бет.
Түйінді сөздер: Денсаулық сақтау технологиялары, қимыл әрекеттер, қимыл белсенділік, құзыреттілік, басшылық жасау, білімдендіру кеңістігі, денсаулық сақтау орта, денсаулық факторлары, салауатты өмір салты, валеологиялық мәдениет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет