Денсаулық сақтау технологиялары мектеп жасына балалардың қимыл әрекетін белсендету ретінде



бет5/27
Дата25.11.2023
өлшемі195,35 Kb.
#127931
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
РЕФЕРАТ О 10 НЕД

Тәрбиелеу
және
оқытудың
тұлғалық
бағдар үлгісі


Икемді күн тәртібі


Оңтайлы
қимыл
тәртібі


Рационалды тамақтану


Арт-терапия







Мектепке дейінгі ұйымның
денсаулық сақтау кеңістігі


я
и
п
а
р
е
т
о
к
ы
з
у
М


ы
с
я
и
п
а
р
е
т
р
е
т
с
ү

Т

ы
с
я
и
п
а
р
е
т
і
г
е
т
р

Е




я
и
п
а
р
е
т
о
т
и
Ф


у
р
ы
т
қ
ы
н
ы
ш
е
н
е
д
і
д
м
і
й
е
Б


я
и
п
а
р
е
т
о
м
о
р
А







Сылау, уқалау

1.2.

Туберкулез ауруының алдын алу




Сурет 1.Мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау кеңістігінің үлгісі 22
Заманауи денсаулық сақтау технологиялары
1. Денсаулық сақтау және ынталандыру технологиялары: Стретчинг, ырғақты пластика, динамикалық кідіріс, қозғалмалы және спорттық ойындар, эстетикалық бағыттағы технологиялар, саусақты гимнастика, көзге арналған гимнастика, дем алу гимнастикасы, сергітетін гимнастика, корригирлейтін гимнастика, ортопедиялық гимнастика. 2. Салауатты өмір салтына баулу технологиялары:
Дене шынықтыру сабақтары, проблемалық-ойын (ойын тренингтері және ойын терапиясы), тіл тапқыштық ойындары, «Денсаулық» топтамасынан сабақтар, өзіне-өзі массаж жасау, нүктелік өзіне – өзі массаж жасау, биологиялық кері байланыс (БКБ).
3. Коррекциялық технологиялар:
Бейне терапиясы, музыкалық әсер ету терапиясы, ертегі терапиясы, түспен әсер ету технологиясы, мінез - құлықты түзету технологиялары, психологиялық гимнастика, фонетикалық және логопедиялық ырғақ.
Сөйтіп, қарастырылған технологиялардың әрқайсысы денді сауықтыратын бағытқа ие болуы өте маңызды, ал бір кешенде қолданылатын денсаулық сақтайтын әрекеттер нәтижесінде балада тұрақты салауатты өмір салтын сүру уәждемесін, толыққанды және шиеленіспеген дамуды қалыптастыруы керек. [57,58,59].
Егер балалар денсаулығының статистикалық мониторингіне қарағанда, технологиялық әсер ету қарқындылығына керекті түзетулер енгізілсе, әр балаға жеке тәсілдеме қамтамасыз етілсе; егер МБМ мамандандырылуы мен нақты шарттарынан байланысты, технологияларды түзету мүмкіндіктеріне арналған шарттар жасалатын болса, МБМ жұмысында денсаулық сақтандыратын педагогикалық технологияларды пайдалану тәрбиелік-білім беру үрдісінің нәтижелілігін жоғарылатады, оқушылардың денсаулығын сақтау мен бекітуге бағытталған, оқытушылар мен ата-аналарға құндылықты бағытты қалыптастырады; балалар, ата-аналары мен МБМ оқытушыларында оң уәждеме қалыптастырылады.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымында денсаулық сақтау технологиялары арқылы балалардың қимыл әрекетін белсендендірудің негізгі бағыттарына келесілерді жатқызуға болады:
- Балалар жігерлілігіне арналған гигиеналық шарттарды жасау мен санитарлық-эпидемиологиялық тәртіпті ұйымдастару;
- Азықтандырылуды ұйымдастыру;
- Бала бақшада болу кезінде балалардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- Қызметкерлермен және балалармен сауықтыру-профилактикалық жұмыстарын ұйымдастыру;
- Балаларды физикалық тәрбиелеу.
- Жалпы сауықтандыру шаралары жүйесі келесіні қамтиды: - Балаларға өз денесіне күтім жасауды үйрету;
- Шынықтыру;
23
- Тағамды витаминдеу;
- Бейне профилактика;
- Натуропатия;
- Күйді психологиялық жеке бақылау жаттығуларын қамту;
- Балалардың әрекет ету қызметін оңтайландыру.
Сөйтіп, кез келген педагогикалық қызметті тек қана, әр баланың физикалық даму деңгейі және денсаулығы жайында ақпарат алынғаннан кейін ғана бастауға болады.
Сауықтандыру қызметінің тиімділігі көбінесе, педагогтермен балалардың жанұялық өмір сүру түрі мен шарттарын білуден, сонымен қатар ұжымның мамандандырылған әрекеттері мен бар шарттарды қоса оны ұйымдастыруға кешенді жақындаумен байланысты. Одан да көп және сапасыз жасағанға қарағанда, аз және мамандандырылып жасаудың рөлі зор.
Сауықтыру шараларын өткізу кезінде олардың психологиялық аспектілері арттырылуы керек. Бұл балаларда өз денсаулығына деген саналы қарым-қатынасты және өз денесіне автоматты күтім әрекеттерін жасауды тәрбиелейді.
Балаларға күтім жасау мектеп алды мекемелері басшылары тарапынан бақылау мен айрықша күтімге айналуы керек. Балаларға жақсы күтім жасау – бұл, сауықтандыру әрекеттерінің басты құрамды бөлігі болып келеді.
Мектепке дейінгі ұйымының дене шынықтыру – сауықтыру жұмысының құрылымын жақсарту, психологиялық ғылымдарының докторы, мектеп алды білім беру мен отбасылық тәрбиелеу Институтының директоры В. Т. Кудрявцев сауықтыруды педагогикалық дамыту деп атаған, арнайы сабақ аралық ғылыми-практикалық бағытпен байланысты. [60,61,62].
Сауықтыру педагогикасының негізгі қасиеттері мыналар:
- Дені сау бала туралы түсінікті идеалды эталон және практикалық қолжетімді балалар дамуы нормасы ретінде қабылдау;
- Сауықтыру сауықтыру-профилактикалық шаралар жиынтығы ретінде емес, балалардың психологиялық физиологиялық мүмкіндіктерін кеңейту, дамыту формасы ретінде қарастырылады;
- Балаларды сауықтандыру тек қана медициналық әдістермен ғана жүзеге асырылмайды;
- Медициналық әдістерді қолдану тиімділігі психологиялық-педагогикалық әдістермен толықтыру шараларында артады.
- Сауықтыру педагогикасының негізгі идеялары 4-7 жастағы балалармен сауықтыру жұмыстары және қозғалу белсенділігін дамыту бағдарламасымен жүзеге асырылады, ал оның кілтті қағидасы жеке-дифференциалданған ықпал болып келеді. Сауықтыру педагикасының басқа негізгі қағидаттарына кіреді:
- Шығармашылық қиялдауды дамыту. Мектеп алды балаларымен сауықтыру жұмыстарын өткізу мен жасау кезінде қиялдауды дамыту қажетті ішкі шарт болып келеді. Бұл кезде бала шартты түрде тек қана осы немесе басқа да медициналық және педагогикалық әсер етудің объектісі болып келеді, бірақ
24
шын мәнінде олай болмайды. Осы әсер етулер арасындағы байланыс, денсаулық күйі мен физикалық даму деңгейі түптеп келгенде тура немесе бір мағыналы болмайды, ол әрқашан жанамалық қасиетке ие. Және бұл байланысты түбі қиял болатын, баланың дамитын психологиясы жанамалайды.
- Мағыналы моториканы қалыптастыру. Қозғалыс еркін болуы мүмкін, басқармалы тек қана мағыналы немесе сезімді болған жағдайда болады. - Әр түрлі қызметтерді атқару кезінде толыққанды позитивті психологиялық соматикалық күйді қалыптастыру мен бекіту.
- Балаларда бірге мазасыздану мен жәрдемдесу қабілеттерін қалыптастыру. Сөйтіп, мектеп алды жасындағы балаларда дені сау тұлғаны қалыптастыру физикалық тәрбие беру мен оның тұлғасын, тіл табысу мен креативтілікті, өзін –өзі бағалау адекваттылығын, автономдылығын, өзін-өзі басқаруын дамытуға әсер ететін, гигиеналық ұйымдастырылған және арнайы жасалған әлеуметтік ортада, бағытталып дамуымен әрекетті байланысын қамтамасыз ету кезінде мүмкін.
Мектеп алды жас уақытында сәйкесінше тәрбиелік жұмыстар жасалу кезінде баланың өз денсаулығына деген позитивті күтім жасау динамикасы байқалады.
5-тен 7 жасқа дейінгі жас аралығы баланың өз денсаулығына деген саналы қарым-қатынасын және физикалық мүмкіндіктерін қалыптастырудың қолайлы уақыты болып саналады.
Балада өз денсаулығына деген жасампаз ұстанымын қалыптастырудың маңызды алғышарттары болып балада салауатты өмір салтына қажеттілігі болуымен шарттанады, ол ерекше шарттар қатарын орындау кезінде қалыптасады, олардың бірі баламен өз физикалық қабілеттерін рефлексиялау және олардың денсаулық күйімен байланысы болып келеді.
1.3 Мектепке дейінгі ұйымында денсаулық сақтау педагогикалық технологияларды кешенді қолданудың тиімді жолдары мен мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы қимылды ойындардың ерекшелігі
Қимылды ойындарды дене шынықтыру сабақтарына кеңінен пайдалануды орыс ғалымы П.Ф. Лесгафт ұсынды. Ол балаларды ауыр гимнастикалық жаттығулардан сақтандыруды, оның орнына табиғи қозғалыстағы ойынды пайдалануды орынды деп дәлелдеді.
Лесгафт ойынның әлеуметтік-педагогикалық мүмкіншіліктерін бағалай отырып, ойын арқылы тәрбиелеуді, балаларды өз бетімен жұмыс істеуге үйретудің жолы және қоғамдық пікірлердің маңызын бағалай білуге, бір бірімен жолдастық қатынас орнатуға, шындыққа баулуға, ойын барысында өздерін реттеп отыруы үшін ойын керек деді. [63].
3-5 жас аралығындағы баланың денесін шынықтыру кезінде басты фактор оның қимыл әрекетінің қаншалықты дұрыс жолға қойылғандығымен
25
байланысты, себебі мақсатты орындатқан қимыл-қозғалыс жаттығулары бұлшық еттерге қан жүгіртіп, ағза қорегін арттырады.
Балалар үшін қозғалыс әрекеті үлкен мұқтаждық болып табылады. Қозғалыс - бала үшін үлкен бір қуаныш көзі, сондықтан да қимыл күші оның денесін қатайтумен қатар психикалық дамуына үлкен әсерін тигізеді.
Бала қозғалысы туралы Мағжан Жұмабаев былай дейді: «Адам неғұрлым жас болса, соғұрлым қозғалуды көп тілейді, дені сау бала бір минут тыныш отыра алмайды. Күні бойы шаршау білмей, ойнайды да жүгіреді» .
Адамның денесі мен ақыл-ойының дамуына дене қозғалысы күшті әсер етеді. Баланың қозғалыс белсенділігіне бөгет жасағанда оның дамуы нашарлайды және кешігеді.
Күнделікті тіршілікте орындалатын қимылдардың қосындысын адамның қозғалыс белсенділігі деп атайды. Қозғалыс белсенділігі ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған қимылдардан тұрады. Ұйымдастырылған қозғалыс белсенділігіне дене шынықтыру және спорттық жаттығулар белгілі еңбек әрекеттері жатады. Ал ұйымдастырылмаған қозғалысқа түрлі ойындар кезіндегі баланың өз тарапынан жасаған қосымша қозғалыстары жатады. [64].
«Бала ағзасы үшін ұйымдастырылған қимыл-қозғалыстардың маңызы зор», деп жазады Ж.Д. Демеуов бастаған бір топ ғалымдар. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі мекемелердегі балалардың мұндай қозғалыстарын дұрыс жоспарлап, оны іске асыру балалардың қимыл дағдыларын дұрыс қалыптастыруға, саналы қозғалыстарды көбейтуге, ағзаның бейімделу қабілетіне әсер етеді. Ұйымдастырылған қозғалыстар аз болса, балаларда гиподинамия немесе бұлшық ет қозғалыс белсенділігі төмендейді.
Келесі ғалым А.Б. Нұрлыбекова өз еңбектерінде дене шынықтыру сабағындағы ойын түрлерін үш үлкен құрылымға бөліп, жаттығу, еліктеу және ереже деп атайды. Барлық үш құрылымға ойынның үш түрі тән: жаттығу мен дағдыны талап ететін ойын, белгілі бір нәрсеге еліктеу арқылы өткізілетін (аң-құс, мал, зат т.б.), ойын түрі - арнайы қатаң ережеге бағынатын ойындар.
Ойындарды белгілі бір классификация арқылы кезең-кезеңге бөліп қарастыратын болсақ, алғашқы негізгі орынды жаттығуларға береміз. Келесі маңызды обьект еліктеу, ал соңынан ережені қадағалаймыз деп ұсынады.
Осы белгілерді негізге ала отырып, қазақтың ұлттық ойындарын балалар арасында дамыту тиімді болып келеді. Жалпы алғанда дене тәрбиесінің ұлттық пішіндерімен ұштасатын жолдары қоғамдық өмірдің барлық басқа салалары сияқты жаңа өмір салтына сай не сай еместігі жөнінде тексеруден өтеді. Ұлттық ойындардың кейбір түрлері жаңа мазмұнға ие болып әрі қарай дамиды, ал кейбіреулері тіпті жоғалып кетеді.
Денсаулықты қалыптастырып орнықтыратын және шыңдайтын дене жаттығуларын екі үлкен топқа бөліп қарастыруды Н.Мырзақанұлы ұсынады, ол жаттығуларды біртектес және әртектес деп топтастырады. Бір тектес дене қозғалыстары түрлері үздіксіз бір текті және тұйықталған әрекеттерді
26

қайталайтын қимылдар жүйесінен тұрады, бұған жүру, жүгіру, велосипед тебу, суға жүзу т.б. жатады. Әр текті дене жаттығуларының айырмашылығы олар қимыл-әрекеттерін орындау үстінде жаттығу түрлері үнемі өзгеріп отырады, оларға гимнастикалық жаттығулар, күрес түрлері, спорттық ойындарын жатқызады . [65,66,67].


Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дене шынықтыру сабағын ұйымдастыру ерекшеліктеріне қарай сабаққа дайындау, кіріспе бөліміне оның мақсаты балаларды ұйымдастыру, олардың назарын жинақтау, эмоциялық қалыпқа келтіру, баланы күрделі жаттығулар жасауға әзірлеу болып табылады.
Жаттығу барысында балалардың дене бітіміне, денесін, басын ұстауы мен қол, аяқтарының қимыл координациясына, аяқ алысына, жүгіру жеңілдігіне мән берілуі керек.
Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі дене қимылдарына жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, еңбектеу, өрмелеу, асып түсу, шығу, тепе-теңдікті сақтау түрлерін дұрыс қалыптастыру негізгі мақсат болып табылады. Бұл дағдыларды қалыптастыру кезінде балалардан ынталы болуды, дұрыс орындауға талпынуды, оларға нақты нұсқаулар беруді, орындауларына көмек көрсетуді талап етеді. [68,69,70].
Дене шынықтыруды қимыл-қозғалыс ойындары арқылы жүзеге асыру балалардың дене мүшелері мен көңіл-күйлеріне қатты әсерін тигізеді. Қимыл-әрекетке толық жағдай жасаудың, барлық бала ойыннан қуаныш табуға мүмкіндік жасаудың маңызы зор.
Ойын барысындағы іс-қимылды дұрыс сапалы түрде балаға жеткізіп, бірнеше рет қайталап әдетке айналдырғанда, бала ағзасындағы зат алмасу артып, жүйке жүйесі белсенділігін танытып, қан айналымы жақсарады. Қозғалыс барысындағы жиі демалудан бала ағзасындағы оттегіге деген қажеттілік артады. Дене шынықтырудың арқасында баланың көңіл-күй жоғарылап, жүйке жүйесі бекиді. Дене шынықтыру нәтижесінде бала өзінің іс әрекетіне және топтық тәртіпке үйреніп, оның ережесіне бағынады. Бұл оның жан-жағындағы оқиғаға мән беріп қарауына, төзімді болуына, тәртіпті сақтауына септігін тигізеді.
Бала өмірінде белсенді қозғалыстар аз болса гиподинамия белгілері пайда болатындығы туралы К.А. Жаңабердиева т.б. авторлардың «Валеология, дене тәрбиесі және спорт» атты еңбектерінде. Гиподинамия деп бұлшық еттердің қозғалыс белсенділігінің төмендеуін айтады, бұл жағдай бала аз қимылдағанда пайда болады. Ал қозғалыс белсенділігі тиімді мөлшерден асып кеткен жағдайда (ауыр жұмыс, мөлшерсіз еңбекпен шұғылдану) - гипердинамия пайда болады деп көрсетеді. Гипердинамия ағзаның қызметінің қалыпты жағдайын бұзады, себебі адамның жүйке жүйесі, жүрек-қан, тыныс жүйелерінің қызметі мөлшерсіз еңбек барысында қалпына келіп үлгермейді де олардың зорығуы байқалады. [71].
Сондықтан балалардың қозғалыс белсенділігі мөлшерін реттеп дұрыс ұйымдастырған жөн. Балалардың бұлшық еттері даму жағдайында
27
болғандықтан, олар қимылсыз отыра алмайды, оларды ұзақ уақыт қимылсыз бір қалыпта отырғызуға немесе тұрғызуға болмайды.
Мектеп жасына дейінгі балаға дене мүсінінің дұрыс қалыптасуын яғни денесін түзу, тіке ұстауды, бала отырғанда, тұрғанда, жүргенде денесін тік ұстауды әдетке енгізу қажет.
Дұрыс мүсін адамның ішкі ағза құрылымының жетілуін жақсартады. Дене мүсінінің дұрыс қалыптасуы сүйек-бұлшық ет құрылысының дұрыс дамуына байланысты. Қозғалыс тірегін дұрыс қалыптастыруды бала шақтан дағдыға айналдырған тиімді болып келеді.
Дене шынықтыру жаттығуларының өзіндік мазмұны мен белгілі бір құрылысы болады. Мазмұнға дене шынықтыру жаттығуы барысындағы механикалық, биологиялық, психологиялық үрдістер кіреді. Осылардың әсерімен қимыл-қозғалысқа әрекеттену жүгіру, адымдау, секірудің т.б. қорытындысы ағзадағы және денедегі өзгерістерге әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет