Денсаулық сақтау технологиялары мектеп жасына балалардың қимыл әрекетін белсендету ретінде



бет2/27
Дата25.11.2023
өлшемі195,35 Kb.
#127931
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Зерттеу мақсаты: мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы оқу-тәрбие үдерісінде қолданылатын денсаулық сақтау технологияларының мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл әрекетіне тигізетін ықпалын теориялық тұрғыда негіздеп, эксперименттік-тәжірибелік жұмыс ұйымдастыру арқылы тексеру.
Зерттеу нысаны: мектеп жасына дейінгі балалардың психофизикалық дамуы және қимыл белсенділігі.
Зерттеу пәні: мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы оқу-тәрбие үдерісінде қолданылатын денсаулық сақтау технологияларының мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл әрекетіне тигізетін ықпалы.
Зерттеу болжамы: Балалардың қимыл белсенділігі оның психофизикалық дамуымен, туа біткен нышандарымен, орта жағдайларымен және ұйымдастырылған тәрбиесімен шартталатыны күмән туғызбайды.Егер мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы оқу-тәрбие үдерісінде қолданылатын денсаулық сақтау технологияларының мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл әрекетіне тигізетін ықпалын зерделеп, олардың ең ұтымдыларын қолданса,балалардың қимыл әрекетін едәуір белсендендіруге болады.
Зерттеудің жетекші идеясы: мектепке дейінгі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда денсаулық сақтау технологияларын қолдану: а) балалардың қимыл әрекетін едәуір белсендендіреді;
ал бұл өз кезегінде:
ә) балалардың денсаулығының жалпы жағдайының жақсаруына алып келеді;
б)балалардың салауатты өмір сүруге сұранысы мен құндылықтық бағытталуын ынталандырады.
Зерттеу мақсатына жету үшін мынадай міндеттер белгіленеді: 7
1 Психологиялық-педагогикалық әдебиеттер мен мектепке дейінгі білім беру ұйымының жұмысын талдай отырып, балалардың қимыл әрекетін белсендендіру мүмкіндіктерін кеңейтуге білім беру мекемелерінде денсаулық сақтау технологияларын қолданудың маңызын анықтау;
2 МДМ-дегі денсаулық сақтау педагогикалық технологияларды кешенді қолданудың тиімді жолдары мен мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы қимылды ойындардың ерекшелігін зерделеу;
3 Заманауи денсаулық сақтау технологиялары арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың қимыл әрекетін дамыту бойынша эксперименттік тәжірибелік жұмыс ұйымдастыру және нәтижелерін талдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет