Тыныс алудың қарапайым түрлері. 1. «Сағат» Бастапқы қалып:Аяқ сәл ашық, қол дене бойымен терең дем алу - қолды алға-артқа «тық-тық» -деп, дем шығару (10-12 рет)
2. «Керней» Б.Қ: (сол); Терең дем алу – қолмен керней жасап, ерінге тақап «Ду-ду ду»-деп демді шығару. -(10-12 рет)
3. «Әтеш» Б.Қ. Сол. Терең дем алу – қолды екі жанына көтеру «Ку-ка-ре-ку»- деп демді шығару – (10-12 рет)
4. «Ботқа» Б.Қ. Отырып, бір қолмен кеудеде, екіншісі ішке қойылған. Терең дем алу, демді шығару кезінде, ішті бүлкілдедіп «Ф-ф-ф»-деу – 6-8 рет. 5. «Паровоз» 43
Б.Қ. Н.Т. қолда таяқшаны (мылтық сияқты) ұстау. Тізені көтере жүру. Екі адым – дем алу, 5-6 адым «т-ы-н-ы-шшш»-деп демді шығару. 1,5 минуттай қайталау.
7. «Насос» Б.Қ. Аяқ сәл ашық, қол дене бойымен. Терең дем алу, оңға иіліп, «с-с-с» - деп демді шығару.(сол жаққада) – (8-10 рет).
8. «Қаздар» Б.Қ (сол) Терең дем алу, демді шығару кезінде «Га-га-га»-деу – (10-12 рет)
Көзге арналған жаттығулар. В.Ф.Базарныйдың жинағы: Сабақ, тәрбиелік жұмыс жүргізілетін бөлменің әрбір жерлеріне назар аударылатын ашық-жарқын заттар (ойыншықтар, суреттер) әртүрлі қашықтықта ілінеді. Мысалы: екеуі төбенің дәл ортасына, екеуі қарсы қабырғалардың бұрышына ілінеді.
Егер ілінетін суреттер, ойыншықтар бір мазмұнды болса өте ұтымды болады. Суреттер екі аптада ауыстырылып отырылады. Жаттығуды тұрып жасаған жөн. Жүргізуші кезектеп заттарды атайды, бала басын бұрмай тек көзімен ғана заттарды атулары керек. 1,5-2 минут. – бұл жаттығуды.
Профессор Э.Аветисов көзге арналған жаттығулардың кешені:1. Б.Қ: Отыру, 5 секунттай көзді қатты қысу, сосын 5 секунттай ашу. Көздің бұлшық еттерін бекітеді, қан айналымын жақсартады. 2. Б.Қ.(сол), 1-2 минуттай көзді жылдам жыпылықтату. 3. Б.Қ.(сол), 2-3 секут тура қарау, сосын сұқ саусақты беттің алдына 25-30 см қашықтыққа әкеп, соған 2-3 секунд қарау. 10 рет қайталау. Көздің шаршағанын басып, түскен жүктемені жеңілдетеді.