«денсаулық теориясы мен әдістемесі»


Қазақстанда, 2010 жылдың есебі бойынша, туылған 1000 нәрестенің 16,54 өлді. Өлген балалардың 60-70 пайызы қазақтың балалары. Бұл көрсеткіштің жыл сайын төмендеуі байқалды



бет4/6
Дата15.06.2023
өлшемі133,89 Kb.
#101731
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
денсаулық

Қазақстанда, 2010 жылдың есебі бойынша, туылған 1000 нәрестенің 16,54 өлді. Өлген балалардың 60-70 пайызы қазақтың балалары. Бұл көрсеткіштің жыл сайын төмендеуі байқалды.

Халықтың жаратылыстың өсуі – 1000 адамға шаққанда өлім мен туылудың айырмашылығы.

2013 жылдың 1 маусымында Қазақстан халқының саны 17010,6 мың. адамға жетті. Оның ішінде 9339,2 мың адам – қала, 7671,4 адам ауыл тұрғындары. 2013 жылдың қаңтар-маусымдарында халық саны 100,8 адамға, немесе 0,6 % өсті, ал 2012 жылға қарағанда 1,4% өсті. Халықтың жаратылысты өсуі 14,1 құрады».

Өмір сүрудің орташа ұзақтығы арнайы кестелер бойынша есептеледі. Кәзіргі таңда бұл көрсеткіш 65-75 жас болса жоғары, 50-65 – орташа, 40-50- төмен болып есептеледі. 90-шы жылдары Қазақстанда, Орталық Азия мемлекеттерінің басқа мемлекеттеріне қарағанда, бала жана еңбекке жарамды жастағы адамдардың өлуі көбейген себебінен ең төмен орташа өмір сүру ұзақтығы байқалған.

Мысалы, 1991 ж. бұл көрсеткіш Қазақстан бойынша 67,6 жас құраса, 1995 жылда 63,5 жасқа дейін төмендеді.

Кәзіргі таңда бұл көрсеткіш жоғарылау тенденциясын білдіріп, 2005 жылы - 65,9 жасқа дейін жоғарылады. Еркектер мен әйелдердің өмір сүру ұзақтығында айырмашылық бар. Мысалы, 1991 жылы бұл көрсеткіш - 62,6 және 72,4 жасты құраса; 2005 ж. - 60,3 және 71,8 жасты құрады. Қала тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы, ауыл тұрғындарына қарағанда 2-3 жасқа кем. Бұл айырмашылық әсіресе еркектерде айқын білінеді.

Халықтың қартаю көрсеткіші деген 60 жастан асқан адамдар санының пайыздық көлемі. Бұл көрсеткіш 20% асса – жоғары; 5-10% - орташа, ал 3-5%- төмен болып есептеледі. Біздің елде ең «кәрі» ұлтарға орыс, белорус, украин, неміс, татар, корей елдері өкілдері жатады.

Халықтың механикалық жылжуының көрсеткіштері. Механикалық жылжу деп – бір мемлекет ішінде бір ауданнан екінші ауданға немесе басқа мемлекетке көшуді (жылжуды) атайды (миграция). 90-шы жылдары әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық салдарынан миграциялық процестер күрт жоғарылады. Бұл көрсеткішті есепке алатынын себептің бірі - көптеген халықтың жылжуы инфекциялық аурулардың таралуына себепші болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет