Ауруға шалдығу көрсеткіші сандық (ауруға шалдығу деңгейі), сапалық (аурулар құрылымы) және жекебасылық (жылына қанша рет ауруға шалдығатындығы) критерияларды бағалаудан тұрады. Қазақстан балаларынының басым бөлігі (әр 6-шы оқушы) ас қорыту мүшелері ауруларына шалдыққан. Келесі орындарда тыныс алу жолдары, жүйке жүйесі және тірек-имыл жүйесі ауруларымен шалдығу тұрады. Қазақстан балалары арасында психика бұзылуы көбейіп жатыр. Бүгін әр сегізінші жасөспірім – психика немесе жүйке жүйесі патологиясына шалдыққан. Оның себебі – психобелсенді заттарды (есірткі мен алкоголь) қабылдау салдары.
Бұрынғы жылдары көбінесе инфекция аурулары кеңінен таралатын болса (өлу себептерінің басым бөлігін құраған), кәзіргі таңда адамдар көбінесе созылмалы ауруларға шалдығып, осы аурулар өлу себебі де болып табылады.
Ауруға шалдығу сипатының өзгеруіне қоршаған ортаға бейімделуді нашарлататтын, өмір салтының өзгеруі себепші. Кәзіргі таңда цивилизация аурулары атты теория пайда болды. Эпидемиялы емес созылмалы аурулар өмір қарқынын жылдамдауы, урбанизация себебінен пайда болады. Нәтижесінде, адамның биологиялық ырғақтары, бейімделу қабілеті әлеуметтік ырғақтарға сәйкес болмай қалады.
Соңғы деректерге сүйенсек ауруға шалдығудың себептері ішінде бірінші орныда Тыныс алу жолдарының аурулары (39,37%), екінші орында – жарақат пен улану(6,88%), үшінші орында – жыныстық-зәр шығару органдарының аурулары (6,86%), келесі орында ас қорыту ауруларының аурулары (6,46%), содан кейін тері аурулары(6,08%), қанның және қап түзелетін органдар аурулары(4,24%), қан тамырлары ның аурулары (3,72%), инфекциялық және паразитарлы аурулар (3,24%), басқа да аурулар (23,14%).
Мүгідектік көрсеткіші. Мүгідектік — аурулар, туыла біткен ақаулардан, жарақат алу себептерінен өмір сүру барысын шектейтін ағза функцияларының бұзылып, денсаулықтың нашарлауын атайды. Мүгідектік көрсеткіштері медицина-әлеуметтік көрсеткіштерді тіркеу арқылы анықталады.
Сонғы жылдары мүгідектік көрсеткіш жоғарылау тенденциясын білдіруде. Мысалы, 1000 адамның ішінде 2007 жылы 27,7, 2008 ж. – 28,8, 2009 ж. – 29,2 мүгідек болып аталды. Бұның себебі – денсаулықсақтаудың мүгідектіктің алдын алуға батытталуының жетіспеушілігі.