Денсаулықты бағалауға келесі көрсеткіштерді бағалаудан тұрады:
Жекебасылық денсаулық – жеке адам денсаулығы. Ол, адамның өзін-өзі сезіну, аурудың бар-жоқтығы, тән қалпы сияқты көрсеткіштермен өлшенеді.
Топтық денсаулық – әр-түрлі адамдар топтарының (жас, мамандық т.б.) денсаулығы .
Халық денсаулығы – белгілі бір елдің жергілікті тұрғындарының денсаулығы.
Қоғам денсаулығына дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымы әлі нақты ұғым берген жоқ.
«Қоғам денсаулығы дегеніміз тәннің және психикалық аурулармен ауырлармен ауырлатылмаған белсенді, жемісті өмір салтың қамтамасыз ететін қоғамның қалпының бір түрі. Ол болмаса қоғамда материалды және рухани құндылықтар пайда болмайды, демек оны қоғамның байлығы деп атауғада болады» (Ю. П. Лисицын).
Қоғам денсаулығын бағалау келесі көрсеткіштерге баға беруден тұрады.
Қоғам денсаулығының потенциалы – адам денсаулығының көлемі мен сапасы және қоғам жинақтаған резревтер мөлшері.
Қоғам денсаулығының индексі – халықтың салауатты және салауатсыз өмір салттардың арасалмағы. ДДСҰ эксперттері қоғам денсаулығы критерияларын анықтау үшін денсаулық сақтауға жаратылатын жалпы мемлекеттік өнімді; алғашқы медицина-санитарлық көмекті; балалар өлімі деңгейін; өмір сүру ұзақтығын пайдаланады.
Қоғам денсаулығын зерттеу үшін статистика, әлеуметтану (анкеталау, интервью алу, жанұялық кешнді зерттеу), экспертті әдістерін пайдаланады.
Қоғам денсаулығы көрсеткіштері ретінде медицина-демографиялық халықтың жаратынды өзгеруі (туылу, өлу, халық санының өсуі, өмір сүру ұзақтығы, некелесу, ұрықшылдық т.б.) және халықты механикалық жылжуы (халық миграциясы: эмиграция, иммиграция) сияқты көрсеткіштері қолданылады.