Лекция № 8. 1.Сын есім. Сын есім– семантикалық /жалпы грамматикалық мағынасы/ жағынан заттың әр түрлі сапа, белгісін, түсін, затқа, құбылысқа, іс-әрекетке қатысын білдіретін сөздер, сондықтан қандай? қай? қайдағы? қашанғы? тәрізді сұрақтарға жауап береді. Мағыналық жағынан сын есімдер заттың сапалық, сындық белгісін, түсін білдіріп сапалық сын есім және бір затқа, құбылысқа, қимылға қатысын білдіріп, қатыстық сын есім болып бөлінеді. Грамматикалық, құрамдық сипаты жағынан сапалық сын есімдер көбінесе негізгі түбір және шырай категориясын жасауға негіз болатын сөздер. Морфологиялық құрамы жағынан сын есім негізгі түбір, туынды түбір, біріккен, қосарлы, тіркесті / күрделі сын есім / түбір болып, сөзжасамның лексика – семантикалық, синтетикалық, аналитикалық тәсілдері алқылы жасалған сөздер.
Сын есімнің қатары адективтену / сын есімге ауысу/ поцесі арқылы да толылығып отырады. Мысалы: сүзеген, қабаған, тебеген, жанар /тау/, құттықтау /сөз/ т.б.қазіргі кезде етістік емес, сын есім деп танылады. Сын есімнің шырай категориясы – сапалық сын есімнің лексика – граматикалық /рендік мәнді/ категориясы. Морфологиялық формалары болып есептелетін сөз тудыратын, туынды сын есім тудыратын жұрнақтары бар. Өзіне тән шырай категориясы бар. Негізгі қызметін атқарып тұрғанда тәуелденбейді, көптелмейді, септелмейді. Субстантивтену, адвербиалдану, адьективтену қасиетіне ие.
Сын есім сөйлемде әдетте зат есіммен тіркесіп, анықтауыш қызметін атқарады. Сондай-ақ кейде сын есім етістікпен тіркесіп, пысықтауыш, атау септігінде субстантивтеніп бастауыш, жіктеліп баяндауыш, септеліп толықтауыш та болады.
2.Сан есім. Сан есім семантикалық жағынан заттың сан-мөлшерін, ретін т.б. білдіріп қанша? неше? нешінші? тәрізді сұрақтарға жауап береді. Сан есім құрамы жағынан дара және күрделі болып бөлінеді. Сан есімнің есептік, реттік, жинақтық, топтау, болжалдық, бөлшектік түрлері белгілі қосымшалар арқылы жасалса да, түрлену жүйесі емес, мағыналық топтары болып саналады. Морфологиялық белгісі жағынан сан есімдер негізгі сандық, сан-мөлшер мағынасында морфологиялық өзгеріске түспейді (тек субстантивтенген жағдайда түрленеді). Сан есім басқа сөз таптарынан жасалмайды. Басқа сөз таптарына қарағанда сөзжасамы ерекше сөзжасамын тоқтатқан сөз табының бірі.
Сөйлемдегі қызметі жағынан сан есімдер сын есімге ұқсас болып келеді: әдетте заттың сандық мөлшерін білдіріп анықтауыш, атау септікте субстантивтеніп бастауыш, жіктеліп келіп баяндауыш, етіктікпен тіркесіп келіп /ол үш келіп, үш кетті/ пысықтауыш және атау мен іліктен басқа септіктерде толықтауыш та бола алады. Сонда субстантивтенген жағдайда сөйлемнің бес мүшесінің де қызметін атқарады.