Деп аталады



бет7/9
Дата06.01.2022
өлшемі3,92 Mb.
#12516
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
курсовой

Алдын алу шаралары. Мырыш фосфидін зооцид ретінде ғана қолдану керек.

Карбамин, тиокарбамин және дитиокарбамин қышқылдарының туындылары.

Карбамин қышқылы туындылары өз кезегінде алкилкарбамин қышқылының арилді эфирлері және арилкарбамин қышқылының алкильді эфирлері болып бөлінеді.

Тиокарбамин туындылары-тиллам, тиобенкарб, триаллат, ялан және видат жатсы, ал дитиокарбаин туындылары карбатион, тетраметилтиурамдисульфид, цирам, цинеб секілді препараттардан тұрады.

Карбамин қышқылы туындылары өз кезегінде алкилкарбамин қышқылының арилді эфирлері (байгон, беномил, дикрезил, севин, алкилсевин) және арилкарбамин қышқылының алкильді эфирлері (ацилат, бетанал, ИФК, хлор-ИФК) болып бөлінеді.

Тиокарбамин туындыларына – тиллам, тиобенкарб, триаллат, ялан және видат (оксамил) жатса, ал дитиокарбамин туындылары – карбатион, тетраметилтиурамдисульфид (ТМТД), цирам, цинеб секілді препараттардан тұрады. Бұл пестицидтердің барлығы да өте белсенді инсектоакарицидтер, фунгицидтер және гербицидтер ретінде ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады. Олар қоршаған ортада тез бүлінетіндіктен кумулятивті әсер етпейді.

Байгон – суда нашар, спиртте жақсы еритін, ақ түсті, түйіршікті, белсенді инсектицид. Жануарлар үшін өте уытты. Атжалман үшін ЛД50– 82-113 мг/кг. Эмульсия немесе дымқыл тартқыш ұнтақ, 5(-ды дуст және 5-10(-ды ұсақталған ұнтақ түрінде шығарылады.

Беномил – суда және майда нашар, спиртте жақсы еритін, ақ түсті, түйіршікті фунгицид. Жануарлар үшін уыттылығы төмен, тератогенді әсері бар. Жайылымдарды өңдеу және тағы басқа да шаралар үшін 1-12 кг/га, мақталы алқаптарға 75-150 кг/га мөлшерінде қолданылады.

Дикрезил – орташа уытты, мүйізді ірі қара және тауықтарға зиянын тигізетін кенелерге қарсы қолданылатын ақ түсті, түйіршікті зат, 0,2-1(-ды сулы эмульсия түрінде қолданылады.

Севин – орташа уытты, суда нашар, органикалық еріткіштерде жақсы еритін, жарыққа және жоғарғы температураға төзімді, түйіршікті инсектоакарицид. Бейтарап, қышқылды және сілтілі орталарда нафтолға дейін гидролизденеді. Бұл препаратқа ұрғашы малдарға қарағанда еркек малдар өте сезімтал келеді. ЛД50 зертханалық жануарлар үшін 310-850 мг/кг; үй қояндары үшін-710; тауықтарға- 2120; қойларға-225; шошқаларға-354,5; мүйізді ірі қараға-150; жылқылар үшін-50 мг/кг. Яғни, бұл препаратқа тауықтар төзімді келсе, жылқылар өте сезімтал. Уланған кезде несеп арқылы нафтол бөлінеді.

Алкилсевин – севинге ұқсас, суда нашар еритін препарат. Кенелерге, қандалаларға және мамық құрттарға қарсы 0,05-0,2 -ды эмульсия немесе суспензия түрінде қолданылады.

Ацилат – суда нашар, органикалық еріткіштерде жақсы еритін түйіршікті зат. Жануарлар үшін уыттылығы төмен. Қант қызылшасының, бұршақ және астық тұқымдас өсімдіктердің арам шөптеріне қарсы қолданылады.

Бетанал – жануарлар үшін уыттылығы төмен, органикалық еріткіштерде жақсы еритін, түйіршікті, белсенді гербицид. Қызылша алқаптарын өңдеу үшін қолданылады (6-8 кг/га).

ИФК (изопропилазотфенилкарбамат) – спиртте және ацетонда жақсы, суда нашар еритін, түйіршікті, белсенді гербицид. Жануарлар үшін уыттылығы төмен, ағзадан аминфенол түрінде бөлініп шығады.



Видат (оксамил) - әлсіз күкіртті иісі бар, органикалық еріткіштерде және суда жақсы еритін кристалл. 10% -түйіршік күйінде шығарылады. Қызанақ, қияр алқаптары құрттарын жоятын нематоцид ретінде қолданады.

Атжалманға өлтіре әсер етеді (ЛМ50-110 мг/кг), кумулятивті әсері жоқ, топырақтан тез шайылып кетеді.



Карбоматтар (байгон, дикрезел, севин, карбин, пиримор), тиокарбоматтар (ренит, тиллам, эптам, ялан) және дитиокарбоматтар (карботион, купрозан, полимарцин, ТМТД, цинб, цирам) инсектицидтер, акроцидтер, бактерицидтер, гербицидтер, фунгицидтер т.б. ретінде ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады. Себебі әсер спектрі үлкен және қоршаған ортада тұрақтылығы салыстырмалы түрде төмен. Бұл пестицидтердің ағзаға әсері әртүрлі, ол оның физикалық- химиялық қасиеттерімен байланысты. Мысалы, метил-және диметилкарбоматтардың (дикрезил, севин) холинэстеразаға қарсы әсері бар, бірақ ФОҚ –мен уланғандағыға қарағанда айқындылығы азырақ. Құрамында күкірті бар карбоматтар (тио және дитиокарбоматтардың холинэстеразаға қарсы әсері жоқ. Оларға тиолдық ферменттер белсенділігінің төмендеуі, тотығу үрдістерінің бұзылуы тән, бұл осы пестицидтердің ағзадағы ыдырау өнімдері-этилентио-мочевинаның және күкіртті көміртектің улы әсерімен байланысты.

Карбоматтардың көбіне аллергендік, эмбрио-және гонадотоксикалық, канцерогендік және мутагендік (дитиокарбоматтар), тератогенді (севин) әсерлер тән. Кейбір карбоматтар (фенилкарбоматтар) метгемаглобин түзуші болып табылады.

Карбоматтардан уланудың клиникалық көріністерінде орталық нерв жүйесінің және паренхимотозды мүшелердің зақымдануы басты орын алады.

Патогенезі. Карбаматтар эритроцидтердің осмостық резистенттілігін төмендетіп, қанның формалық элементтерін гемолизге ұшыратады. Торшаның биоқабығының функционалды жағдайын бұзып, калий мен натрий иондарының тасымалдануына кері әсерін тигізеді. Осының нәтижесінде натрий, калий және кальций иондарының дитиокарбаматтардың дисульфидтік топтарымен байланысып, қанда кальций иондары мөлшері азаяды. Яғни, кальций мен фосфордың арақатынасын өзгертеді.

Севин, триаллат секілді карбаматтар ацетилхолинэстераза ферментінің белсенділігін 40%- ға дейін бәсеңдетеді. Севин, ТМТД әсерінен иммуногенез, пируватдегидрогеназа, сукцинатдегидрогеназа және ксантиноксидаза ферменттерінің белсенділігі төмендеп, құрамында мыс бар ферменттердің, церулоплазминнің белогының белсенділігін жоғарылатып жібереді. Нәтижесінде, нуклеин қышқылы алмасуы және биосинтезі бұзылып, гипергликемия қалыптасады. Севин, ТМТД және цинеб жануарлардың өсіп-өну қызметіне уытты, кері әсерін тигізеді. Севин ұрғашы малдардың хромосомаларына уытты әсер етеді. Буаз малдардың өлі тууын, іш тастауын жиі кездестіруге болады.

Диметиламин, күкіртсутек, күкіртті көміртек, тиомочевина секілді карбаматтардың метоболиттері, өз кезегінде, иммунды-реактивті жүйені, тотығу-тотықсыздану үрдісін өзгертіп, ақзат, көмірсу және минерал алмасуды нашарлатады, гормоналды баланс (тепе-теңдік) бұзылады. Бауыр мен бүйрек қызметіне зақым келеді. Карбаматтардың ағзадан бөлінуі шошқаларда 30-күнге, басқа малдарда 4-5 күнге созылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет