Мырыш фосфиді (Zn P) – сұр түсті, иісі сарымсақтың иісіндей, суда нашар, ал қышқылда жақсы еритін ұнтақ. Жануарлар үшін 40-60 мг/кг мөлшері өте уытты, яғни уланған жануарлар толығымен өлімге ұшырайды. Көбінесе уланулар құстар мен шошқаларда байқалады, аз мөлшерде улану ірі қара мен ұсақ малдарда кездеседі.
Клиникалық белгілері: Ірі қара малында уланудың алғашқы белгілері азық жегеннен соң 30-50 минуттан кейін байқалады. Аз уақыттың ішінде азыққа тәбеті жойылып, қатты терлейді, қозады, дене бұлшық еттері тітіркенгіш болып келеді, атаксия, дене температурасы төмендеп, іші өтеді, кейде қан араласқан іш өту байқалады. Тыныс алу мен жүрек жұмысы нашарлап, бірнеше сағаттан соң өлімге әкеп соғады. Кейде ауру бірнеше күнге созылады.
Жылқыларда - жоғарыдағы белгілермен қоса, жөтелу және өкпе алвеолаларының бітелуі әсерінен тұншығу байқалады.
Шошқаларда - құсу, көз астының ісінуі, көз алмасының шығыңқырауы және өлер алдындағы қалтыраумен сипатталады.
Ал құстарда- тұмсығынан көбікті заттың ағуы, шөлдеу, бір орында жатып қалу және қалтыраумен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |