Деп аталады


Патологиялық-анатомиялық өзгерістер



бет9/9
Дата06.01.2022
өлшемі3,92 Mb.
#12516
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
курсовой

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Бауырдың қан тамырларына қан толып, бауыр үлкейеді, майлы дистрофияланады. Аналық без өлі еттеніп, өкпе ісінеді, тамырларда тромб пайда болады. ТМТД – мен уланғанда өкпе қабынады, паренхиматозды мүшелерде өлі еттенген ошақтар, қан құйылулар, көкбауырдың атрофиясы, сүйек кемігінің аплазиясы байқалады.

Балау. Негізінен анамнестік мәліметтеріне, клиникалық белгілерге, патологиялық-анатомиялық сою және химиялық-токсикологиялық тексеру нәтижелеріне сүйенеді.

Емдеу. Кешенді түрде жүргізіледі. Ең алдымен күдікті пестицидтермен малдардың қарым-қатынасын жою. Ацетилхолинэстераза ферментінің жұмысын жақсарту үшін бұлшық етке 0,5 мг/кг мөлшерінде атропин сульфатын енгізу керек.

Оксидоредуктаза ферментінің белсенділігін арттыру үшін 3 тәулік бойы бұлшық етке 5 мг/кг тропациннен, 5 мг/кг бензогексоннан және 2 мг/кг кокарбоксилазадан тұратын уқайтарғыш (антидот) қоспасы қолданылады.

ТМТД-дан уланғанда 2 мг/кг кокарбоксилазадан, 10 мг/кг лазикстен және 20 (-ды камфораның майлы ерітіндісінен) ірі малдарға 10мл, ұсақ малдарға 1мл тұратын уқайтарғышты бұлшық етке егеді. Сонымен қатар, 0,5 %-ды лимон қышқылы ерітіндісін (ірі малдарға 1-2л, ұсақ малдарға 0,1л) ішкізеді.

Алдын алу шаралары. Карбаматтарды қолдану және тасымалдау ережелерін қатаң сақтау қажет. Уланған малдарды уақытында емдеп немесе сойған дұрыс. Үнемі қоршаған ортадағы, азық құрамындағы карбамат мөлшерін қадағалап отыру керек.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



«Токсикология» Е.М.Қорабаев, Н.А.Заманбеков,Ә.М.Өтенов, Б.Д. Айтжанов, Н.К.Көбдікова, А.А. Байниязов. Алматы 2011; 43-47 беттер.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет