Дәптері қҰрастырған педагог-психологтар


Мақсаты: психологиялық кедергілерді жеңе білу, ішкі сезімдерін бағдарлай білу. Орындалу барысы



бет15/31
Дата13.02.2023
өлшемі156,12 Kb.
#67627
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31
Байланысты:
ЕРЕКШЕ НАЗАРҒА АЛЫНҒАН ОҚУШЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ

Мақсаты: психологиялық кедергілерді жеңе білу, ішкі сезімдерін бағдарлай білу.
Орындалу барысы: Алақаныңызды қағаз бетіне қойып жәй қаламмен шеттерін айналдыра сызып шығыңыз. Бұл сіздің аптаңыз, бас бармақтан бастап: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма. Ойланып қарап әр күніңнің қандай мінезі, көңіл-күйі болды, соны ұйқастырып, әр бармаққа бет пішіндер сал. Ал енді алақанға аптаның бет, жүзін салып, оны ұнаған түсіңмен боя. Жаттығу соңында пікір алмасу, талқылау.
Мен бұл жаттығуды әр апта жүргізіп отырдым, нәтижеде алғашқы екі апта көңілсіз, кейде ашулы көрініс берсе, кейінгі апталарда көрсеткіш жағымды, қуанышты эмоцияға ауыса бастағанын байқадым.
Болашақтан хат” әдістемесі.
Мақсаты: болашаққа үмітпен қарауға, армандауға, алдына мақсат қоя білу.
Орындалу барысы: Оқушыға бес жылдан кейінгі өмірін елестету ұсынылады. Сол елесін хатқа жазуы тиіс.
Көтеріп тұрып құлатады өмір.
Күлдіріп тұрып жылатады өмір.
Етегің толып еңіреген кезде,
Қайтадан өзі жұбатады өмір.
Өмір деген неткен керемет, далаға шықсаң күннің жарқырап тұрысы, әдемі желдің лебі келіп тұр, ағаштарда жапырақтардың ұшы қозғалып тұр. Тіптен құстардың, аралардың, жәндіктердің дауысының өзі жағымды естіледі. Әрбір күн осындай арайлап атқан таңды көру неткен бақыт сезім. Осындай бақытты сәтті сезінудің өзі бір ғанибет.
Олар қиналғанда сен оларға кішкене болсын қол ұшын беріп көмектессең сен өзіңді керекті адамдай сезінесің, сен қиналғанда олар да жаныңнан табылады. Айналайын сен жеке тұлғасың, сенің өз есімің бар. Сен өзіңнің отбасыңа, достарыңа керексің. Алдағы уақытта білікті бір маман болу, сүйікті ісіңмен айналысудың өзі бақыт.
Сөйлемді аяқта” әдістемесі.
Мақсаты: адамның өзінің ішкі дүниесін түсінудің алуан түрлі мүмкіндігін көрсету. Бұл әдістеме екі нұсқадан тұрады.
І-нұсқа
Мен-стакандағы су__________________________________________________________
Мен-әдемі гүл.______________________________________________________________
Мен-еріп жатқан мұз бөлігі_____________________________________________________
Мен-балық сияқтымын._______________________________________________________
Мен-соқпақ жол.._____________________________________________________________
Мен-жел._____________________________________________________________________
Мен-қызықты кітап____________________________________________________________
Мен-жақсы адаммын, себебі____________________________________________________
ІІ-нұсқа.
Мен-________________________________________________________________
Мен мынаны істей аламын______________________________________________
Мен мынаны қаламаймын_______________________________________________
Менде._________________________________________________________ бар
Сырттай қарағанда мен.________________________________________________
Маған__________________________________________________________.болады
Мен____________________________________ үйрене аламын.
Сыныпта мен_________________________________________________
Үйде мен_____________________________________________________.
Мен.______________________ ұнатпаймын.
Мен._______________________армандаймын.
Мен............................................. үміттенемін.
Мен............................................ сенемін.

Мен және қоршаған ортам” әдістемесі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет