Қорытынды.Оқушылар тренингтен алған әсерлерімен бөліседі.
№2 сабақ. «Ашу-ызамен не істеу керек?»
Мақсаты:
Оқушылардың агрессивті сезімдерін қауіпсіз күйде айтуға үйрету;
Рефлексивті механизмді белсендіру;
«Көрме» жаттығуы Мақсаты: Адам өзінің жан дүниесіндегі жағымсыз энергиялар – ашу-ыза, агрессия, көреалмаушылық, табалау, қызғаныш және т.б. жұмыс жасауы.
Ыңғайлы отырып, денеңізді дел-сал күйде ұстаңыз, 3-4 рет терең дем алыңыз да көзіңізді жұмыңыз. Сіз кішігірім көрмеде жүрмін деп көз алдыңызға елестетіңіз. Сізге жаманшылық ойлаған, сізді бір кездері ренжіткен, сіздің ашуыңызды келтіретін адамдарыңыздың суреттері сол көрмеде тізіліп тұр.
Осы көрмеде жүре тұрыңыз, сол портреттерді жан-жағынан қараңыз. Солардың кез-келген біреуін таңдап алыңыз да, қасына жақындаңыз. Осы адамға байланысты жанжалды кезді есіңізге түсіріңіз. Осы жағдайда өзіңіздің қандай жағдайда болғаныңызды елестетіңіз.
Ашуыңызды келтірген сол адамға өз сезіміңізді тежемей, бәрін айтып-айтып салған сәттерді елестетіңіз. Ол туралы ойыңызға не келді, бәрін де бүкпей барынша жеткізіңіз. Сіздің сезімдеріңіз ниеттеген істің бәрін жасауыңызды көз алдына келтіріңіз. Іс әрекетіңізді тежемеңіз, осы адамға не істегіңіз келеді, бәрін жасаңыз.
Егер жаттығуды жасап бітірсеңіз, басыңызды изеңіз. 3-4 рет терең дем алыңыз да көзіңізді ашыңыз.
Өз тәжірибеңізді топпен бөлісіңіз. Осы жаттығуды жасарда не қиын, не жеңіл болды? Сізге не ұнады: Сіздің төңірегіңізден кімдер осы көрмеде болды? Сіз кімнің алдында тоқтадыңыз? Қандай жайды көз алдыңызға елестеттіңіз? Сол туралы айтыңыз? Жаттығу кезінде сіздің жағдайыңыз қалай өзгерді? Сезіміңіз бас кезінде қалай болып еді? Қазір қандай күйдесіз?».
Талдау: Ренжіткен адамңызға қандай сөздер айттыңыз?
Ашу-ызаны немесе ренішті тек сөздермен ғана айта алатын мүмкіндіктеріміз бар ма?
Сезімді білдіре білудің тағы да басқа қандай амалдары бар?