«Бәтеңкедегі тас» ойыны
Мақсаты: Жағымсыз эмоциядан қиянатсыз арылу
Біз ашулана немес ренжи бастағанда, сезіміміз алғашында бәтеңкедегі кішкентай тас сияқты болып қабылданады. Егер ол тасты алып тастамасақ, аяғыңды қатты ауыртады, өзіңді нашар сезінесің.
Сондықтан да, ересек адам немесе бала болсын, өз проблемаларын сезген сәтте бірден айтып тастау қажет. Сізге кедергі болып тұрған бір нәрсе болса, мұқият ойланыңыз да, дәл қазір айтуға тырысыңыз, әрине іштей, ешкімге естіртпей, төмендегіше айтып көріңіз: «Менің бәтеңкемде кішкентай тас жатыр. Мен сөйлеп жатқанда, Айсұлудың күлгені маған ұнамайды...».
«Мазақтау» ойыны
Бір-біріңізге ренжіген уақыттарда неше түрлі реніш сөздерін айтасыздар. Ал кім де болса ренжітпейтін сөздер айтып ұрыстыңыздар ма? Кәне сондай күйде айтысып көрейік. Бұл сөздер жеміс-жидек, ыдыс-аяқ атаулары мүмкін. «Сен болсаң – сәбізсің» және т.б.
Балалар бір-біріне доп лақтыру арқылы ренжітпейтін сөздермен мазақтасады. 2-3 минуттан соң бір-біріне жылы сөздер айтады. «Сен менің күнімсің» және т.б.
«Сілкін!» сергіту ойыны
Қай-қайсыңыз болса да, су-су болған иттің сілкінгенін көрген боларсыздар?!... Қасыңызда молынан орын болатындай тұрыңыз. Алақан, шынтақ, иық, кеудеден бастап сілкінуді бастаңыз. Басыңызды да сілкіңіз. Иттің үстінен су шашырап кеткендей, сіздің де жағымсыз эмоция, сезім, ой, барлық жағымсыз нәрселеріңіз ұшып кететінін елестетіңіз.
Сабақтың рефлексиясы
Мен бұл сабақтан алған тәлімім...
Маған ұнағаны...
Маған ұнамағаны...
Менің естігім, білгім, жасағым келгені...
Жаттығудың аяқталуы «Шеңбер бойынша қол алысу»
Сабақтың қорытындысы
№3 сабақ. «Өз жұлдызыңды тап»
Мақсаты: Оқушының өзіне деген сенімділігін арттыру.
Ал енді жұлдызыңды аспанды көз алыңызға елестетіңіз. Жұлдыздар алып және кішкентай, жарық немесе күңгірт. Біреуіңіз үшін ол бір немесе бірнеше жұлдыз. Олар бірде жақындайды, бірде алыстайды. Жұлдыздарға анықтап қарап өзіңізге ұнағанын таңдаңыз. Мүмкін ол сіздің балалық арманыңызға ұқсайтын болар, мүмкін ол сізге қуаныш бақыт, сәттілік серпіліс сәттерін есіңізге түсіретін болар. Тағы да сол жұлдызыңызды тамашалап енді бар күшіңізді салып сол жұлдызға қолыңызды созыңыз және міндетті түрде сол жұлдызыңызға қол жеткізіңіз. Аспаннан мұқият түсіріп алып, ептеп алдыңызға қойыңыз, қандай екенін, қалай сәуле шашатынын есіңізге сақтаңыз. Енді қағаз қаламдарыңызды алып сол жұлдыздың суретін салыңыз. Сіздің әрқайсыңыздың әдемі жұлдызыңыз сізге мейірімділік, достық өзара көмек қолдау сәулесін шашып тұрады. Енді жұлдыздарыңызды арман картасын жасап соған орналастырасыздар. Арман картасына емтиханнан қанша балл жинайсыз, алдыңызға қандай мақсат қойдыңыз, соны жазасыз. Арман карталарыңыз өте әдемі болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |