4 бөлім : Компьютерлік суреттер
Алдын-ала ұсынылатын білім
|
Оқушыларда файлдарды ашу мен сақтауға арналған меню командаларын тәжірибелі түрде пайдалану дағдылары бар.
|
Мәнмәтін
|
Аталған бөлімде графикалық редакторда сызбаларды жасау мен өңдеудің бастапқы әдіс-тәсілдері қарастырылады. «Шығармашылық және компьютер» 5 бөлімін оқу барысында алынған дағдылар базалық болып табылады. Ортақ тақырып «Сәулет өнері».
|
Бөлімге арналған тілдік мақсаттар
Оқушылар үшін академиялық тілге сәйкес тілдік мақсаттың мысалы төменде ұсынылған.
|
Пән бойынша оқытудың мақсаты
|
Оқытудың тілдік мақсаты
|
Пәндік лексика және терминалогия
|
Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер сериясы
|
Оқушылар ...
қарапайым графикалық редактор құралдарын пайдаланады
графикалық редактордың меню командаларын пайдаланады
файлдарды ашу мен сақтау командаларын пайдаланады
компьютерде жұмыс жасау барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтайды
|
Оқушылар ...
компьютерлік кескінді жасауға арналған программалардың мақсатын түсіндіреді
кескінді жасауға араналған іс-шаралар ретін сипаттайды
түрлі мамандық өкілдерінің компьютерлік кескіндеу программасын пайдалану туралы айтады
|
графикалық редактор
ішін бояу
жою
бөліп алу
жылжыту
пішімдер
түс түрлері
құралдар
өшіргіш
мәтін
ашықтық
масштаб
қылқалам стилі
баптау.
|
Суреттерді компьютерде салған дұрыс, егер …
Сурет ... тұрады
Соңғы әрекетті болдырмау үшін …
Барлық сурет боялып кетті, өйткені …
Суретке жазу орнату қажет, егер …
Қылқалам стилін өзгерту үшін …
|
Қысқаша шолу
|
Оқушылар құралдар және ақпараттық қамтамасыз ету міндеті туралы өз түсініктерін кеңейтеді. Графикалық редакторда қарапайым кескіндерді, пішімдегі құралдарды пайдалана отырып жасайды. Құралдардың баптауын өзгертуді үйренеді (қалыңдығы, қылқалам стилі мен сызығы). Суретке жазу жаза отырып, құю және масштаб құралын пайдалана отырып, дайын кескінді өңдейді. Оның ашықтығын реттей келе, сурет үзіндісін ауыстыра алады.
|